I тарау: Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері


Оқушыларға кәсіби бағдар берудің мүмкіндіктері



бет3/14
Дата11.10.2023
өлшемі0.5 Mb.
#480449
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Дип.-Оқушыларды-кәсіптік-бағдарлау

1.2.Оқушыларға кәсіби бағдар берудің мүмкіндіктері
Кәсіптік бағдардың мәні әлеуметтік жағдайда және күтпеген жағдайларға адасқан адамдарды қалдырмау. Сондықтанда кәсіптік бағдар адам мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастарды тудырудың басты факторы болады.
Оқу бағдарламасы және кәсіптік бағдар тәрбие жұмыстары бағдарламаларының жалпы бір мақсаты бар, ол - тұлғаны тәрбиелеу оны жан-жақты дамыту.
Кәсіптік бағдардың тапсырмалары оқу пәндері және тәрбие жұмыстары бағдарламасында айқын көрініс табады:
- жалпы білім беретін оқу пәндерінің білім мазмұны, ғылыми теорияда
өмір тәжірибесімен өндіріспен байланыста оқыту, тәрбие және кәсіптік
бағдар бір мақсаты бар;
- оқушыларды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу;
- оқушының икемділіктері мен қызығушылықтарын дамыту;
- оқушыларға жалпы және политехникалық білім негіздерін оқыту;
- оқушылардың өздерінің білімін көтеруге қызықтыру;
- жан-жақты дамыған оқушыларды тәрбиелеу;
- бітіруші түлектерге жоғарғы оқу орны мен жұмыс саласын
таңдауға көмектесу.
Кәсіптік бағдардың негізі оның ішінде өндіріс процесінің барлық ғылыми негізі жатқан, еңбек дағдысын меңгеруге жағдай жасалатын, қарапайым еңбек қүралын пайдаланудың іскерлігін, оқушыларды өнімді еңбекке тарту, яғни политехникалық оқу болып табылады. Оқушыларды мамандықты саналы таңдауға дайындауда жалпы білім беретін пәндердің үлкен мәні бар. Жалпы пәндерді оқу процесінде негізгі тапсырманы бөліп қарастырған жөн; оқу пәндеріне және осы пәндерге жақын кәсіптерге тұрақты қызығуды дамыту және осы кәсіптерге сай икемділіктерді дамытып, ұйымдастыру, кәсіптік қызығуларды, икеділіктерді дамытып, ұйымдастыру кәсіптік қызығуларды,икемділіктерді, мүмкіндіктерді дамытуды кластан тыс және мектептен тыс жұмыстарда мүмкіндіктер жоғары. Айрықша кәсіптік бағдар мүмкіндіктері арнайы мектептерде белгілі бір пәнді тереңдетіп оқыту мектептерде, оқу-өндірістік комбинаттарда жасалған.
Орта кәсіптік білім беру оқу орындарының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2001 жылғы 4 шілдедегі №539 бұйрығында;
1. орта кәсіптік оқу орындары орта кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады және еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша мамандар даярлаумен тәрбиелеуді қамтамасыз етеді.
2. орта кәсіптік білім беру оқу орындарының алдына мынандай міндеттемелер қойылған болатын;
1) нақты мамандықтар бойынша қажетті теориялық білімі жәке практикалық дағдысы бар білікті кәсіпті білімді мамандарды даярлау.
2) еңбек рыногымен өндіріс салаларының талаптарына сай білікті мамандарды даярлаудың сапасын тұрақты жетілдіру.
Мектептегі кәсіптік бағдардың жақсы өңделген бағдарламасы барлық оқыту және тәрбие беру жүйесінде кәсіптік бағдардың басты ұтымды сілтемесі болып табылады.
Кәсіптік бағдар бағдарламасы Республикаға, ауданға (қала), әр мектепке бесжылдық сайын және әрбір оқу жылына құрылады (жасалады). Кәсіптік бағдардың бағдарламасы мазмұнының негізгі элементтерін қарастырамыз; -тұлғаны тәрбиелеуді және дамытуды, оқып үйрену (негізінде кәсіптік қызығулары және икемділіктерінің тәрбиесі және дамуы, темперамент және мінезі);
- ауыл шаруашылығы және мәдениеті, түрлі кәсіптер қоғам жұмыстары
туралы ақпараттар;
- консультация - жұмысқа сұранысы бар мамандарға ұсыныстар
және көрсетулер;
- мектеп бітірген соң оқу және жұмыс нәтижелерін бақылау;
бағдарламаның опперативті бөлімінде, қалай оқушы тәрбиелеу және дамыту, кәсіптік консультацияны және кәсіптік ақпаратты қалай ұйымдастыру, мектеп бітірген соң оқу және жұмыс нәтижелерін тіркеу және талдау жолдары дәлелденіп нақтыланды.
Оқушылардың мүмкіндіктері оқу және кәсіптік қызығулықтары әр-түрлі факторлардың әсер ету нәтижесінде құралады. Егер оның бәрі оң болса, онда шешуші фактор болып оқу және тәрбие беру деңгейі, мұғалімнің жеке қасиеті, оқу материалдық базасы.
Әрбір пән мұғалімі;
- нақты кәсіптік бағдарды іске асырады;
-сыныпта оқушылар арасында жолдастық қатынастарды реттейді;
-оқушылардың дүниетанымын, сенімін, моралдық, психологиялық
сапасын, дамытады және реттейді;
- оқушыларды оқытады және кәсіптік бағдар сұрақтары консультатция береді, оқушылардың белгілі бір еңбек саласына және оқу пәніне қызғуын тудырады және осы қызығуларды одан әрі дамыту үшін ұсыныстар береді;
- қандай да бір тақырыпты өту барысында мұғалім тақырыбына сай ауыл шаруашылығы және мәдениеті саласына және оған байланысты мамандықтарды сипаттайды, белгілі мамандардың жұмысымен жетістіктері туралы әңгіме етеді;
- пәндік, көркемдік және техникалық үйірмелерде, курстарда дарынды икемділіктері, жоғары оқушыларды сабаққа одан әрі тарта түседі;
- оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтар, мәселелер бойынша жеке әңгіме өткізу және ұсыныстармен көмектесу;
- оқушыларға оқу орнын және мамандық таңдауға көмектесу.
Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде басты ролді сынып жетекшісі атқарады. Ол бірнеше жыл оқушылармен тығыз байланысқан ата-аналармен қарым-қатнаста.Ол оқушылардың әр қайсысының мінезін ерекшеліктерін,икеділіктерін өте жақсы біледі. Бұл сынып жетекшісінің ата-аналармен бірге окушыларға кәсіптік бағдар беруіне, мамандықты саналы таңдауында ролі жоғары екенін көрсетеді.
Сынып жетекшісі сыныпта кешенді кәсіптік бағдарды жүргізеді; барлық пән мұғалімдерінің жұмыстарын бағыттайды және ұйымдастырады; түрлі әдістермен тұлғаның ерекшеліктерін, икемділіктерін, кәсіптік қызығуларын оқып үйренеді; алынған ақпараттарды жүйелендіріп арнайы бланкалар толтырады; оқушыларды түрлі мамандықтармен таныстыруды ұйымдастырады; олардың қызығушылыктарына байланысты түрлі сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырады; кәсіптік консультацияға жетекшілік жасайды; әр оқушының жанұялық жағдайын біліп және ата-ананың олардың баласы таңдаған мамандығы бойынша пікірін біледі; педагогикалық кеңес кезінде мінездеме - ұсыныс талқылауды ұйымдастырады.
Оқушылардың өміріне кәсіптік бағдарды енгізу үшін оны мектепте белгілі бір ұйым немесе оны жүйелі басқару керек. Окушыны мамандықты саналы таңдауға дайындауды тек директор немесе оның оқу-тәрбие жұмыстары орынбасары ғана емес арнайы кәсіптік бағдар кеңесі, пән мұғалімдері, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар мүшелері, мектеп дәрігері басқарады. Мектепте кәсіптік бағдар қызметін бүкіл педагогикалық ұжым және кәсіптік бағдар кеңесі жүргізеді. Кәсіптік бағдар кеңесі кәсіпті бағдардың барлық жоспарын тексеріп, бағалайды, оны бір жүйеге келтіреді, кәсіптік ақпаратты ұйымдастырады, кәсіптік консультацияны басқарады, мектеп төңірегінде сабақта мен түрлі шараларды өткізуді жоспарлайды және т.б. жұмыстарды жүргізеді. Жыл бойы әрбір пән мұғалімі «өзінің оқушысын» 5-10 мамандықпен таныстыруы қажет. Оқушыларды барлық мамандықтармен таныстырудың қажеті жоқ. Бірнешеуімен ғана бірақ оның өзін терең таныстыру керек.
Оқушылардың еңбек және кәсіптік оқу мазмұны - оқушылардың кәсіптік бағдарының басты құралы.
Мектепте кәсіптік бағдар жұмысын жүргізуде пәндер арасында еңбек сабағының мүмкіндігі жоғары. Еңбекке оқыту сабағының теориялық бөлімін оқушыларды материалдық өндірістегі кәсіптермен, ауыл-шаруашылығының салаларымен таныстыруға қолдануға болады. Бірақта бұл жұмыс егер кәсіптік бағдар материалы сабақ тақырыбымен тығыз байланысты болса ғана тиімді, ал информация кәсіптік өсу мүмкіндіктері, еңбек шарттары кәсіптік адамға қоятын талаптары оның таралуы туралы мазмұнды қамтыса, яғни кәсіптік бағдар материалы еңбек сабағы барысында сабақтың теориялық және практикалық бөлімінде елеулі орын алады.
Мектеп шеберханаларында, оқу - тәжірибе бөлімдерінде, практикалық жұмыс және практика өту барысында жұмысшы кәсіптермен таныса отырып іскерлік пен дағдыны қалыптастыра бастайды және өзінің кәсіптік қызығуын, икемділіктерін дамыта отырып, өзінің сол немесе басқа мамандықты таңдауға дайындығын тексереді.
I - IV сыныптарда еңбек сабағында қазіргі кезде қағаздан, картоннан, пластилиннен, табиғат материалдарынан т.б. оңай бұйымдар жасайды.
V - VII сыныптарда еңбекке оқыту мазмұны жеткіншектердің кәсіптік бағдарының дамуына және VIII -XI сыныптардан ары қарай кәсіптік оқуға жақсы база болып саналады.
VI - VII сыныптан бастап-ақ берілген кәсіп бойынша еңбек мазмұнын осы кәсіптегі адамдар қандай салаларда жұмыс істеп жатыр, еңбекке жарағы және пәндері, олардың шығарып жатқан өнімдері, қазіргі өндірістегі кәсіптің маңыздылығы туралы мақсатты түрде кәсіптік дамуы туралы мәлімет келтіріп оның дамуы туралы әңгіме өткізу.
VIII - IX сынып үшін жоғарыдан бөлек мынандай ақпараттарды беру керек; еңбек шарты, берілген мамандықтың жұмсшысы қандай арнайы іскерлік пен дағдыны, жалпы техникалық жалпы еңбектік білімді меңгеру керектігін, кәсіптің адамға қоятын гигиеналық сипатын, психофизиологиялық талапты, еңбек ақы төлеу жүйесі, кәсіптің дайындық және квалификациялық көтерілу жүйесімен таныстырылып өтілуі қажет.
Еңбек сабағындағы кәсіптік бағдар жұмыстарына VIII - IX сыныптарда көптеп көңіл бөлу қажет, оларда бұл кезде қай кәсіпті таңдап, қайда барып оқысам деген сұрақ туындайды.IX сыныпты бітірген оқушының біраз бөлігі мектепте қалып оқуын X -XI сыныпта ары қарай жалғастырады және белгілі бір өзінің психофизиологиялық ерекшелігіне сай (дайындық) кәсіп меңгере бастайды. Мамандық таңдауда немесе өзінің болашақ кәсіптік іс-әрекет сферасын оқушы IX сыныпта таңдап қоюы қажет. Ол үшін мұқият (тиянақты) дайындалу керек. Осы мақсатта VII - VIII сыныптарда (VIII - IX) алынып тасталған «Өндіріс негіздері», «Мамандық таңдау» факультатив курстары қайта енгізілуі керек.
Кәсіптік бағдар мақсаты мазмұнының үлкен мүмкіндіктері X - XI сынып кәсіптік оқыту бағдарламалары бар. Мысалы, қазіргі кезде програмист, жас юрист, кіші медбике, және т.б. мамандықтар бар. Кәсіптік оқуды және кәсіптік жеке қызығушылығымен таңдай отырып оқушы таңдауын өзінің болашақ кәсіптік іс-әрекетімен байланыстырады.
Мұндай жағдайда еңбектік және кәсіптік оқу мазмүны оқу бағдарламалары мазмұны мен сай келуі I - XI сынып оқушыларының кәсіптік бағдарының басты шарттары болып саналады.
Еңбек сабағы.
I - VII сынып оқушыларының кәсіптік бағдары.
Оқушылардың кәсіптік бағдары мақсатқа бағытталған жұмысын I - IV сыныптардан бастап жүргізу керек. Оқушы ол кезде мамандық таңдаудан алшақ және арманы мен ойы тұрақты емес, айнымалы болады. Бірақ осы жастан бастап болашақ мамандық таңдаудың негізі қалана бастайды. I - IV сынып оқушысының мектептен алғаны оның есінде мәңгі қалып қояды.
I сыныптың бірінші еңбек сабағында оқушыны еңбек ету идеясына қызықтырып қою қажет. Осы сыныптан бастап фудаментті тұрғызып, келесі жылдары материалдық өндірістің кәсіптеріне қызығулықтарын және икемділіктерін дамытылып отырады. I - IV сыныптарда қағазбен, пластилиннен, картоннан, матамен және т.б. жұмыс жасауда оларды слесарь, дизайнер және т.б. көптеген кәсіптермен таныстыруға болады.
Бастауыш сыныптардағы кәсіптік бағдар жұмыстарының орта және жоғарғы сыныптардан айырмашылығы бар. I - IV сыныптарда оқушыларды белгілі бір мамандықты таңдауға мақсат қойылмайды. Оқушылар еңбек етушілердің кәсіптік іс-әрекетінің элементтерімен танысуы керек.
I - IV сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар жұмыстары келесі тапсырмаларды қамтиды;
1. оқушылар бойында еңбек - адам өмірінің негізгі мен еңбек арқасында
ғана жетістіктерге жетуге болатынын, түсінігін қалыптастыру.
2. оқушыларға адамдардың қазіргі ауыл шаруашылығы, өндірістік процестердің, жұмыс кәсіптерінің алғашқы кезеңін қалыптастыру.
3. оқушылар бойында біздің елдің жұмысшылары міндетті түрде терең берік ғылым негіздері білімін меңгертуді қалыптастыру.
4. оқушылардың жеке икемділіктері мен қызығулықтарын оқып үйрену.
Бұл тапсырмалар ғылым негізін оқуда, еңбек оқу сабағы және сыныптан тыс жұмыстары процесі кезінде мектеппен шешіледі.
Еңбек сабағы барысында оқушыларды, сол өңірде кең тараған кәсіппен таныстыру. Кәсіптік бағдар материалын сабақ тақырыбымен байланыстырып отыру қажет, осы жерде мақсатты түрде оқушылардың өздерінің ата-аналары өмірінен мысал келтіріп, қызықты фактілерді хабарлап отыру қажет.
Жоғарыда көрсетілгендей еңбекке оқыту пәні оқушыларды жаппай жұмысшы кәсібіне кәсіптік бағдардың және олардың бойында еңбек сүйгіштік пен кәсіптік басты сапаларын тәрбиелеуге мүмкіндіктерінің жоғарылығын көрсетеді.
Жоғары сыныптардағы еңбеке оқу процесіндегі оқушылардың кәсіптік бағдары.
Кәсіптік оқу - оқушылардың еңбек дайындығының соңғы (шешуші) этапы (кезеңі). Ол оқушылардың білімі, іскерлігі және дағдысын, политехникалық көзқарасын кеңейтіп, жалпы кәсіптермен таныстырады. Бұл жерде негізгі сабақ кәсіптік оқуда, кәсіп бойынша өткізілетін сабақ. Ол алғашқыда мектеп шеберханаларында және кабинеттерінде кейін, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттарда, базалық шаруашылықтардың оқу цехтарында жүргізіледі. Кәсіптік оқу процесі нәтижесінде, оқушылардың кәсіптік бағдарын тереңдете түсу қажет;
1. Берілген кәсіп бойынша, еңбек мазмұны және сабақ материалы арасында органиакалық байланыстың болуы. Мұғалім кәсіптік оқу сабағы - кәсіптік бағдардың сабағы емес екенін білуі керек.
2. Берілген бір ауданның белгілі бір кәсіпке қажеттілігі. Еңбек және кәсіптік оқу сабақтарында оқушыларға біріншіден базалық шаруашылық, аудан, облыс, республика өте қажет етіп тұрған мамандықтар (кәсіптер) бойынша мәлімет беру.


Мамандықты оқушы қызығып, қоғамның сұранысына сай және белгілі бір білім көлемін (мамадыққа сай) меңгерсе ғана біз оны саналы таңдау деп айта аламыз.
Көптеген жұмысшы мамандығы ішінен оқушыларға тек біреуін өзінің икемділіктері мен қызығушылығы барын таңдап алу керек.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі қолында тізгіні бар жастардардың қолында. Олар қандай адамдар, олардың білім деңгейі, ақыл-парасаты, азаматтық қыры, халыққа сіңіріп жатқан еңбегі қай дәрежеде? Көп жағдайда адам өзінің рухани негізін отбасынан, балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орнынан алады. Бірақ мұның бәрі бастама, адам өзін-өзі өмір бойы тәрбиелейді, білімін тереңдетіп одан әрі дамытып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет