I тарау: Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері



бет6/14
Дата11.10.2023
өлшемі0.5 Mb.
#480449
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Дип.-Оқушыларды-кәсіптік-бағдарлау

Нәтижені өңдеу.
Бұл қарапайым әдіс көп уақытты алмайды. Оқушыларға кәсіптік айқындалуы үшін олар жазбаша түрде 20 сұраққа жауап беруі керек. Ол үшін әрбір оқушы белгілі формадағы жауап парағын (қосымша - 1) толтыруы керек. Тордағы номерлі және әріпті белгілер сұрақтың номері және әріптерімен бірдей екені оқушыларға түсіндірілуі керек. Сұраққа жауап беру сол тордағы тұсына қосу немесе алу белгісін қою арқылы болады. Кез келген сұраққа өткізусіз жауап беру керек және біреуіне алу екіншісіне қосу белгісі қойылуы керек.
Жауап парағын өңдеу (тексеру) өте оңай. Кәсіби консультант (мұғалім немесе сынып жетекшісі) тіке орналасқан қатардағы қосу белгісін санап төменгі торға жазып қояды.
Сұрақтар төмендегіше топталып құрастырылған; 1) қатардағы, олар «Адам - Табиғат» кәсібіне қатысты (табиғатты Т - шартты белгісімен белгілейік), екіншісінде «Адам - Техника» (Т), үшіншісінде «Адам - Адам» (А), төртіншісінде «Адам - таңбалы жүйе» (Ж), бесіншісінде «Адам - көркем бейне» (К). Барлық сұраққа жауап бергеннен соң жоғары торлардағы олардың шартты таңбаларын ТТАЖК қоюға болады.
Қосу белгісі қайсысында көп болса, соған қызығушылығының, икемділігінің бар екенін көрсетеді.
Диагностикалық сұхбаттың әдісі. Сұхбат кезінде оқушыдан оның қызығушылығы, икемділіктері туралы қосымша бағалы қажетті ақпарат алуға болады. Сұхбат кезінде оның нағыз қызығатын іс әрекеттері, оқу пәндеріне, көз қарасын және болашаққа деген жоспарын білеміз.
Сұхбат кезінде оқушы 8-9 сынып кезінде кез келген пән бойынша білімін тереңдеткісі келе ме немесе 9 сыныптан кетеді ме, мектептен шыққан соң не істейді, оған қандай өмір сүру қызықты және т.б. айқындауға болады.
9-10 сынып оқушыларының кәсіптік диагностикасының әдістері.
«Қызығушылық картасы»
Мәлімет; «Сендердің оқуды жалғастыруларыңа немесе қызықты жүмысқа түсулеріңе мүмкіндіктерің бар. Ол үшін сендерге мамандықты таңдауға көмектесу үшін, сұрақтар тізбесін ұсынамыз. Әрбір сұраққа жауап берместен бұрын ойланыңдар, әрі нақты дұрыс жауап беруге тырысыңдар. Егер сізге біз қойған сұрақ өте ұнайтын болса жауап парағының тұсына екі қосу белгісін қойыңыз, егер жай ұнайтын болса, онда бір қосу, егер білмейтін, күдіктенетін болсаңыз - нол; егер ұнамаса - алу; егер мүлде ұнамайтын болса екі алу белгісін қойыңыз.Әрбір сұраққа толық жауап беріңіз. Түсініксіз сұрақтарды сұрап алыңыз. Жауап парағын толтыру уақыты шектелмейді. (қосымша – 2)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет