I тарау кәсіпорын қызметіндегі айналым капиталының МӘні мен ролі



бет3/7
Дата16.06.2016
өлшемі0.67 Mb.
#138609
1   2   3   4   5   6   7

Q = Б * N

мұнда, Qсату мөлшері;



Б – тауардың бір өлшемінің бағасы;

N – сатылған тауардың мөлшері.

Нарықтық жағдайда кәсіпорын қызметінің негізгі қорытындылайтын баға көрсеткіші пайда болып есептелінеді.

Жалпы пайда – нәтижесі ретінде сату мөлшерінен шегеріліп тасталған сатымдық шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар және басқа да өндіріс шығындары элементтерінің құнын анықтайды.

Шектік таза пайда – бұл жалпы пайдадан шегеріліп тасталған үстеме шығындар және амортизациялық аударым сомалары. Бұл көрсеткіш практикада бизнестің барлық түрлеріне пайдаланылады.

Шектік таза өнім – бұл шектік таза пайдаға қосылған еңбекақыға кеткен шығындар немесе сатылған өнім мөлшерінің, қызмет көрсетудің құны оларды өндіруге жұмсалған ресурстардың құны арасындағы айырмасы (сатып алынатын материалдар, қызмет көрсету, қосалқы мердігерлік төлемдер, амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалған шығындар және т.б.).

Көрсетілген бағалық көрсеткіштердің тізбесі мынадай көрсеткіштермен қаралады:



  • кәсіпорын, фирма бақылауындағы өткізім нарығының үлесі;

  • өнім сапасының көрсеткіштері;

  • тұтынушылардың қызмет көрсету деңгейінің көрсеткіштері;

  • кадрларды дайындау, қайта даярлау көрсеткіштері.

Есеп айырысуда ең күрделісі – сапа көрсеткіші болып табылады. сол себепті өнім сапасы оның міндетіне байланысты жалпы сату мөлшерінен тұтынушылардың кепілдік қызмет көрсетудегі кері қайтарған бұйымдары, тұтынушылардың кері қайтарған өнім мөлшерлері процент бойынша бағаланады.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан экономикасына тән сипат өндірістегі негізгі қорлардың тез тозуы. Негізінен өндіріс потенциалының біртіндеп құлдырауы өмірлік мәні бар салаларға күрделі қаржының бірден тыйылуы себеп болған. Қалған негізгі қорларды қайта бағалау нәтижесінде олардың құнын жасанды түрде азайту жекешелендіру процесіндегі олқылықтарға әкеп соқты. Жекешелендіру процесінде спекулятивті қатынастардың және коррупцияның орын алуы құрылымдық қайта құруға еркін келетін нарықтық капитал ағымын шектеді.

Отандық кәсіпкерлер тек жаңадан пайда болып жатыр, сондықтан оларда экономиканың дамуына құятын қажетті қаржы қорлары жетіспейді. Мемлекеттеде өндірісті несиелеуге қажетті өзіндік несиелік ресурстар жеткіліксіз. Басқа мемлекеттерден келетін қарыздарға бағдарлану, оның да өзіндік қиындықтары бар, біріншіден, сөз тек байлаулы несиелер жайында, екіншіден, ондай қаражаттарды мемлекет кепілдігіне алу тиімсіз, үшіншіден, басқадай дамушы мемлекеттер жағдайына түсіп қалуымыз мүмкін, яғни дұрыс ойластырылмаған несие саясатының нәтижесінде басқа дамыған мемлекеттерге экономикалық және саяси жағынан толық тәуелділікке түсіп қалулары. Ондай дамушы мемлекеттер ұлттық табысының көп бөлігін несиенің пайыздық төлемін төлеуге жұмсайды, дегенмен де олардың қарыздары уақыт өткен сайын ұлғаюда. Соңында экономикалық артта қалушылық ұлғайып, әлеуметтік жағдай қиындай түседі.

Дағдарыс жағдайынан шығу үшін елде негізгі салалардағы өндіргіш күштерді дамытып және оларды қазіргі заманғы талаптар деңгейіне көтеру, халықаралық еңбек бөлінісінде өз орнын табу, ұлттық валютаны тұрақтандыру, бюджет көлемін өсіру және соның есебінен әлеуметтік және экономикалық қиындықтарды шешу қажет.



II Тарау Айналым капиталының құрамы және

оны экономикалық талдау

2.1 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталының құрамы мен құрылымы

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет. Қаржылық тұрақтылықтың мәні – қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдалану.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді:

► пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;

► нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;

► құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;

► әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.

Қазіргі таңда өнім ассортиментін кеңейту мақсатында бірнеше жобалар іске қосылған. Атап айтсақ, өндірістің жаңа түрін енгізу, өндіріс қуаттылығын арттыру, сапасын арттыру және экологиялық стандарттарды пайдалану. Мысалға, өнім өндірісінің ұлғаюы және өнімді жоғарғы қосылған құнмен өткізу көлік шығынының көлемін азайтуға ықпал етуі.

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады. Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады. Жалпы қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:



  • кәсіпорынның салалық топқа жатуы;

  • шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;

  • төленген жарғылық капиталдың мөлшері;

  • шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;

  • қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;

  • кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және т.б. жатады.

Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және т.б.) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады.

Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.

Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты міндеттері:


  • қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;

  • активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

  • айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;

  • қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;

  • кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;

  • ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;

  • баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;

  • кәсіпорын табыстылығын бағалау;

  • кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;

  • кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;

  • кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол үш сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы төлем қабілеттілігі, пайдалылығы, активтерді пайдалану тиімділігі және меншікті (акционерлі) капиталы, өтімділігімен сипатталады.

Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның бірден-бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін анықтайды. Негізгі қаржылық коэффициенттерді төмендегі үш санатқа топтастыруға болады:

- өтімділік (төлем қабілеттілігі);

- пайдалылық (табыстылық);

- активтерді басқару тиімділігі.

Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы – кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар.



Ішкі көздер: Меншікті қаржылар есебі:

  • негізгі қызметтен түсетін пайда;

  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындағаннан түсетін пайда және басқадай мақсатты табыс;

  • қаржы операцияларынан түсетін пайда;

  • шаруашылық тәсілімен орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарынан түсетін пайда;

  • өткізуден тыс табыс.

Оларға теңестірілген қаржылардың есебі:

  • амортизациялық аударым;

  • істен шыққан мүлікті өткізуден түскен ақша;

  • сақтық қор;

  • еңбек ұжымы мүшелерінің үлестік және басқа да жарналары.

Сыртқы көздер: Қаржы рыногында жұмылдырады :

  • меншікті құнды қағаздарды (акциялар, облигациялар,т.б.) сатудан түскен қаражаттар;

  • несиелік инвестициялар.

Қайта бөлудегі түсетін:

  • дивидендтер, басқадай ақша шығарушылардың құнды қағаздар бойынша проценті;

  • одақтардан, қауымдастардан түсетін қаржылық ресурстар;

  • бюджеттік қаржы бөлу, субсидиялар, субвенциялар.

Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса. Сонымен қорыта айтқанда, өндірістің тиімділігін анықтау тиімділіктің өлшемін белгілеуден басталады. Ол кәсіпорынның қойған даму мақсатына сай қол жететін нәтижелілікті барынша көбейту немесе өндірістік шығындарды барынша азайту қажеттілігінен шығады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдауының негізі қаржылық есеп беру болып табылады. ҚР президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 бухгалтерлік есеп туралы есеп беруге мыналар жатады:



  • бухгалтерлік баланс;

  • қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;

  • ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.

Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады. Сондай-ақ, қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтыруы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс.

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту не кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымы және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды тартылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсетеді. 2004-2005 жылдардағы «Мерей-Әсем» ЖШС-ң баланс активтерінің құрамы мен құрылымы.



Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасы 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 14162143 млн. теңгеге көбейгенін көруге болады. Бұл кәсіпорынның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Активтерді талдай отырып, олардың қалай тартылғанын және 2005 жылы неге көбірек көңіл бөлінгенің, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін ( іске тартылу деңгейін ) анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет. Өндірістік потенциал коэффициентінің шегі Кn ≥ 0,5 қалыпты болып есептеледі. Біздің кәсіпорнымызда Кn өндірістік потенциал құны 2004 жылы 44856933 млн. теңгені, 2005 жылы 55841128 млн. теңгені құрайды, яғни 10984195 млн. теңгеге өскен.


Кесте 5.

«Мерей-Әсем» ЖШС-ң 2004-2005 жылдардағы баланс активтерінің құрамы мен құрылымы, (мың теңге)



Көрсеткіштер


2004 ж.

Үлес салм.%


2005ж.

Үлес салм.%

Жыл бойындағы өзгеріс

1

Активтер құны, барлығы соның ішінде:

68252230

100

82414373

100

14162143

1.1

Ұзақ мерзім. актив.

41111322

60,23

52104435

63,22

10993113

а.

Негізгі құралдар

35945377

52,66

47049215

57,08

11103838

ә.

Қаржылық салымдар

68530

0,1

188209

0,2

119679

1.2

Ағымдағы активтер

27140908

39,76

30309938

36,77

3169030

а.

Өндірістік қорлар

8911556

13,05

8791913

10,6

- 119643

ә.

Дайын өнім

996952

1,46

950642

1,15

- 46310

2

Кәсіпорынның өндірістік потенциалының құны

44856933

65,72

55841128

67,75

10984195

* «Мерей-Әсем» ЖШС баланс есебінен

Кестеде мәліметтер көрсеткендей қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасында тарату былай жүргізілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі 2004 жылы 20,47 пунктке аз болды ( 39,76 – 60,23 ), 2005 жылы ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 26,45 пунктке азайып кетті ( 36,77 – - 63,22 ) және 36,77 ℅ құрады.

Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу ( мобильді ) коэффициенттерінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Талдау жүргізіліп отырған кәсіпорында бұл коэффициенттің деңгейі 2004 жылы 0,39 (27140908 : 68252230), 2005 жылы 0,36 (30309938 : 82414373 ) құрады.

Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының үлес салмағының өзгеруіне ерекше назар аударылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициенттерінің мөлшері баланс активінің барлық сомасының 50% кем болмауы тиіс. Біздің кәсіпорнымызда баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі 2004 жылы 52,66%, ал 2005 жыл 57,08%. Үлес салмағының өсуі қор қайтарымдылығының өсуіне әкеледі.

Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш – негізгі құралдардың тозу сомасының оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициенті (қалыпты мәні 50% ≤ ). Біздің кәсіпорнымызда негізгі құралдардың тозу коэффициенті 2004 жылы 68,1% (24481471 : 35945377 ), 2005 жылы 60,05% (28254562 : 47049215 ), яғни 8,05 пункте азайған.

Кесте 6.

«Мерей-Әсем» ЖШС-ң 2004-2005 жылдардағы айналым активтердің құрамы мен құрылымы, (мың теңге)



Көрсеткіштер

2004 жыл

2005 жыл

Өзгерістер

Сомасы

Үлес салм.

Сомасы

Үлес салм.

1

Ағымдағы активтер соның ішінде:

27140908

100

30309938

100

11,67

1.1

Тауарлы-материалдық қорлар

8911556

32,83

8791913

29,006

- 1,34

1.2

Дебиторлық борыш

15938446

58,72

20556566

67,82

28,97

1.3

Ақша қаражаттары және қысқа мерз. қаржылық инвестициялар

2290906

8,44

961459

3,17

- 58,03

1.4

Басқа да ағымдағы активтер












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет