Менің ойымша, прокурор реплика білдіру құқығын егер, қорғаушы кейбір себептермен - тәжірибесінің және біліктілігінің төмендігіне, қылмыстық істің құжаттарын толық зерттеумеуіне немесе қасақана түрде:
1. өзінің сөзінде қылмыстық істің жағдайларын елеулі түрде бұзған;
2. сотталушьшың қылмысына дұрыс құқықтық баға бермеген;
3. дұрыс емес пікірлер айтқан, сотталушының қылмысының саралануы
туралы заңды дұрыс түсіндірмеген;
4. сотталушыға өте жеңіл жаза тағайындау туралы негізсіз соттан өтініш сұраған жағдайда қолдануы тиіс.
Прокурордың айыптау созінің мазмұнының талаптары мынадай:
-
Ол алдын ала тергеуде бекітілген және сотта мақұлданған қылмыстық істің құжаттарына, оның барлық жағдайларына негізделуі тиіс.
-
Ол алдын ала тергеуде алынған және сотта мақұлданған дәлелдемелерге негізделуі тиіс (ҚР ҚК-нің 364 б. 5 б. талабы).
-
Ол заңды сауатты және ҚР ҚІЖК-нің, ҚР ҚК-нің тиісті нормаларына негізделуі тиіс.
4. Ол жалпы сауаттылықтың талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Жогарыда келтірілгендердің негізінде прокурордың айыптау сөзінің мына анықтамасын ұсынамын. Прокурордың айыптау сөзі -бұл сот отырысында мақұлданған дәлелдемелерді зерттеу нәтижелеріне сәйкес, сот отырысының қорытындысын, қылмыстың қогамдық-саяси бағасын беретін, істің барлық жагдайларын ашатын, сотталушының кінәлілігінің дәлелдерін келтіретін, оның қылмыстық іс әрекеттерінің саралануына ұсыныстарын білдіретін, сотталушыга жаза шарасы туралы ұсынысын және т.б. сұрактар бойынша өз ұсыныстарын білдіретін, қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген және осы заңның негізінде прокурордың бас сот талқылауының жарыссөздеріндегі сөзі.
Айыптауды қолдай отырып, прокурор заң талаптарын және істің барлық жағдайларын қарау нәтижелеріне негізделген өзінің ішкі
көзқарасын басшылыққа алады. Сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның қорғалу құқығын бұзбайтын болса, прокурор айыптауды өзгерте алады. Прокурор, егер айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан бас тартуға (толық немесе ішінара) міндетті. Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына сот тергеуі немесе сот жарыссөзі кезінде жол беріледі.
Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбірленуші де бас тарса, сот өз қаулысымен істі қысқартады. Ал егер жәбірленуші айыптауды талап етсе, сот істі талқылауды жалғастырып, оны жалпы тәртіппен шешеді. Бұл жағдайда прокурор процеске одан әрі қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбірленушінің өзі немесе оның өкілі қолдайды. Жәбірленушінің өтініші бойынша сот оған өкіл шақыру үшін уақыт беруге тиіс. Прокурор мен жеке айыптаушы айыптаудан ішінара бас тартқан кезде сот айыптаудың тарап айыптаудан бас тартқан бөлігінде істі қысқартады, айыптаудң қалған бөлігіндегі іс жалпы тәртіппен қаралады. Егер прокурор айыптауды өзгертсе және жәбірленуші бұрынғы айыптауды талап етпесе, сот істі жаңа айыптау бойынша қарайды (ҚР ҚІЖК-нің 317-бабы).
2.5. Мемлекеттік айыптауды жетілдірудің құқықтық мәселелері.
Қазақстан Ресцубликасы Бас Прокурорының 23 ақпан 2001 жылғы №24 «Соттарда кылмыстық істерді карау заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес қадағалау қызметінің басты бағыты соттардың қылмыстық істерді карау кезінде мемлекеттік айыптауды объективті әрі белсенді түрде жүзеге асыру, соттардың қылмыстық істерді апелляциялық және кадағалау
сатыларында қарауына қатысу, сот және тергеу қателіктерін дер кезінде түзеу үшін мәселе қою, соттардың кез келген заң бұзушылық-тарына ықпалды шара алу тәрізді жолдарымен заңды талапқа сай қолдануын қамтамасыз ету болып табылады.
Сот тәжірибесін және мемлекеттік айыптауды қоддаудың тәжірибесін зергтеу нәтижесінен сот отрысындағы прокурорлардың айыптау сөздерін тындау арқылы, кейбір прокурорлардың айыптау сөзіне дайындалуда және мемлекеттік айыптауды қолдауда кемшіліктер жіберетіндігін көруге болады. Бұл кемшіліктер айыптау сөзінің құрылымы мен мазмұнына және жалпы занды сауатынан көруге болады. Бұл кейбір прокурорлардың біліктілігінің жетіспеушілігіне, олардың мемлекеттік айыптауды қолдау тәжірибесінің төмендігіне байланысты. Алайда, бұл менің ойымша тек жоғарыда аталған мәселелерге ғана емес, мынаған да байланысты:
1. Занда (ҚР ҚГЖК-де) прокурордың қылмыстық іске қатысуын және
мемлекеттік айыптауды қолдауды анықтайтьш жалпы жағдайлары мен
талаптары ғана көрсетілген.
2. Мемлекеттік айыптауды қолдаудың және айыптау сөзінің
құрылымын мен мазмұнына байланысты мәселелер тұрығысындағы
заң әдебиеттері кең таралмаған.
Осыған байланысты, менің ойымша, мемлекеттік айыптауды жетілдіруде мейілінше маңызды бағыттары деп мына төмендегі жайларды айтар едім:
1. Сот талқылауы кезінде прокурорлардың дәлелдемелерді зерттеуге белсенді түрде қатысуы. Олар тек осындай жолмен істі талқылауда өзіне жүктелген міндетті жан-жақты, толық және объективті түрде жүзеге асыра алады.
Сот тергеуі — сот талқысының маңызды бөлігі, онда сот тараптардың қатысуымен барлық жинақталған дәлелдерді жария жағдайда дербес тексереді. Сотта прокурорға ғана кылмыскерді әшкерелеу, сотталушыға тағылған айыптың дұрыстығын, әрине, егер ол сот талқылауында дәлелденсе, дәлелдеу міндеті жүктелген.
2. Прокурорға қойылатын тағы бір маңызды талаптың бірі сотта оның ұстанған позициясының дұрыстығына жеке жауапкершілігін арттыруды, сондай-ақ оны сот тергеу нәтижесімен сәйкестендіруді қамтамасыз ету болып табылады. Прокурор алдын ала тергеу материалдары мен жасалған қорытындыларды тек сот талқылауында дәлелденген жағдайда ғана пайдалана алады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 6-тармағына сәйкес мемлекеттік айыптаушы қылмыстық қудалауды жоққа шығаратын жағдайларға көзі жеткен жағдайда айыптаудан бас тарту жөнінде мәлімдеуге міндетті.
Өкінішке орай, прокурорлар мұндай тәртіпті әркез сақтай бермейді. Ақтау үкімдері шығарылған істермен танысу прокурорлардың сотта кінәсі дәлелденбеген айыпталушы адамға қалайда айып тағуды талап ететінін көрсетті. Прокурорлар айыптауды қолдаған кезде өзіне өзі есеп беруі, яғни айып тағу қара бастың қамы емес екендігін білуі тиіс, ол заңдылықты нығайтудың құралы ғана. Прокурордың міндеті — қайткен күнде де айыптау емес, сотқа заңды, негізді және нақты үкім шығаруға көмектесу.
Сотта прокурордың ұстанған позициясының дұрыстығы туралы айтқан кезде біз ең алдымен жазаның деңгейіне қатысты ұсынысқа баса назар аударуымыз керек. Соңғы кездегі қылмыстық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бізге қылмыстық жазаны
қолдануды безбендеп (дифференциялы) қарауды міндеттейді. Бұл
жерде әңгіме заңды қасақана бұзушы парақорларға, кісі өлтірушілерге,
рецидивистерге, басқа да қауіпті қылмыскерлерге қатаң жаза қолдану
туралы болып отыр. Сонымен қатар бас бостандығынан айырумен
байланысты емес, шартты түрде сотталатындарға жаза қолдану, үкімді
орындауды кейінге қалдыру, қоғамдық қауіптілігі жоқ бірінші рет
қылмыс жасаған адамға коғамдық әсер ету туралы да мәселелерге де
мән берілуі керек. Бұл, былайша айтқанда, сот тәжірибесінің
мәселелеріне қатысты қойылатын мәселе, әрі бұл арада оның шешімін
табуда прокурорлардың ролі ерекше.
3. Мемлекеттік айыптаудың тиімділігін арттыру үшін прокурорлардың сотта сөйлеген сөздерінің тәрбиелік ықпалын күшейту және сот мінберін (трибунасын) заңдарды насихаттауға қолдана білудің маңызы зор. Жария, ашық процесте істің мән-жайын зерттеуге прокурордың кәсіби биік деңгейде әрі белсенді қатысуы, мұқият дайындалған және дәлелі мықты сөйлейтін сөзі қылмыскерді жұрт алдында әшкерелеуге, оған қатысты моральдық талқылау атмосферасын қалыптастыруға, қоғамдық пікірді қылмыс болып табылатын әлеуметтік кеселмен күресуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Айыптаушы қылмыстың коғамдық-саяси арқауын және оның мән-мағынасын ашуға әрі жария түрде айтуға міндетті, сонда ғана соттан қоғамдық мораль мен саясат тәжірибесінің сабағын алуға жол ашылады. Мәселенің мәнісі қылмыстың болуына әсер еткен себептерді жою, оның жасалуына мүмкіндік берген жағдайларды анықтау үшін қажетті шаралар алуға келіп тіреледі. Осылайша іс-қимыл көрсеткен прокурор ғана айтарлықтай нәтижеге қол жеткізеді.
Тағы бір аса маңызды мәселеге тоқталмай кете алмаймын. Тәрбиелік ықпалдың өзі жақсы ойластырылған, саяси жағынан салиқалы, заң түрғысынан сауатты да шынайы пікірден бастау алады. Әйтпесе прокурордың сотта сөйлеген сөзі кімнің болса да көңілінен шықпақ емес.
Соттың көшпелі мәжілістеріндегі сөйлейтін сөзіне прокурор аса жауапкершілікпен қарағаны жөн. Прокурор қоғамдық аса маңызды істер бойынша мұндай мәжілістерді өткізуге мұрындық болып, қоғамдық айыптаушыларды тартып, оларға практикалық көмек көрсетсе нұр үстіне нұр болмақ. Сот процестсрінің жариялылығын арттыруда бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудың орны ерекше екендігі белгілі. Мемлекеттік айыптаушының сотқа қарым-қатынасына баса мән берген жөн. Прокуратура туралы занда, ҚР Бас Прокурорының бұйрығында судьялардың тәуелсіздік принципін қатаң сақтауға және олардың тек заңға бағынатындығы атап көрсетілген. Әділсот органы ретінде соттың беделіне прокурорлар әркез қамқорлықпен қарауы тиіс. Бұл үшін олар сот талқысының тәртібін қатаң сақтауға, тәртіпті болуға, өзінің бар мінез-болмысымен сот мәжілісінде сотқа құрметпен қарауға міндетті. Сотқа қатысатын прокурорға басқа да бірқатар талаптар қойылады. Сондай-ақ ол қылмыс арқылы келген материалдық залалды қалпына келтіру туралы заңның орындалуына, соттың істі уақытылы мерзімде қарауы мен үкімнің орындалу заңдылығының сақталуына қадағалау жасауды жүзеге асырады.
Осындай ауқымды да жауапты міндеттерді орындауда прокурор процеске толық түрде дайындалуы керек, ал сотқа күнбе-күн қатысып, бір күнде бірнеше қылмыстық іс бойынша сотқа барып, тіпті сот болар
алдында оған аяқ астынан қатысуға тапсырма берілсе, онда мұндай прокурордан оңды нәтиже күту қиын.
Мемлекеттік айыптауды қолдау жүмысына басшылық жасауды жақсарту - жоғары тұрған прокуратуралар алдындағы аса маңызды міндет. Біз бағыныстағы прокуратураларды ұдайы бақылауға алып, олардың қызметіне бақылауды күшейтіп, аудандық, қалалық прокурорларға жұмысты ұйымдастыруда практикалық көмек жасауымыз қажет, олардың мемлекеттік айыптау, сондай-ақ заңсыз және негізсіз сот шешімдеріне наразылық келтіру сапасын жақсартудағы жауапкершіліктерін көтеру керек, әрі бүл жұмыстарға өзі бас болып қатысуды назарда ұстағаны жөн, өз көмекшілерінің қызметіне күндедікті басшылық жасап, бағыт-бағдар беруге күш салуы тиіс.
-
Тағы бір манызды міндеттің бірі— прокуратураның сотпен іскерлік қарым-қатынасы деңгейін көтеру. Әңгіме бірлескен шаралар өткізуді жоспарға енгізу туралы болып отырған жоқ. Сотпен арадағы қарым-қатынасты кеңейту сот пен прокуратура кызметтерін жақсартуға жол ашатыны сөзсіз. Бүл орайда бірінші кезекте күнделікті кызмет бабында кездесетін күрделі де даулы мәселелерді шешуде қалыптасқан жүйелі тәжірибелер енгізгеннен ұтатын түс аз емес.
-
Мемлекеттік айыптауды жетілдіруде прокурорлардың кәсіби деңгейін көтерудің маңызы зор. Соттардағы қылмыстық істерді карауға қадағалауды жүзеге асыратын прокурорлардың кәсіби сапасын көтеру, оқу-әдістемелік шаралар денгейін арттыруға ұдайы көңіл бөлу ғана оң нәтижеге қол жеткізеді. Әрине, жұмыс орнында нақты бір қылмыстық істер бойынша тәжірибе жинаудың өзіндік артықшылықтары тағы бар. Прокурорлардың іскерлік және кәсіби
біліктілігін арттыру мақсатында іскерлік және кәсіби біліктілікті жетілдірудің түрақты жүйесін қүру жақсы нәтижелерге алып келеді деп ойлаймын.
-
Қ Р Қылмыстық іс жүргізу заңына прокурордың қылмыстық істер бойынша бас сот талқылауына қатысудағы ережелерді, талаптарды, тәртіптерді, анықтайтын және айыптау сөзінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын толық, жан-жақты нормалар енгізу.
-
Жас прокурорлардың күрделі қылмыстық істер бойынша білікті, тәжірибелі прокурорлармен бірге қылмыстық іске және мемлекеттік айыптауды қолдауға қатысуын ұйымдастыру.
Мемлекеттік айыптауды қолдау сапасы қаншалықты жоғары болса, сот қаулыларының тұрақтылығы да сондай болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің мемлекеті-мізде сот төрелігін жүргізудің негізін қалаушы қағидаларды бекітті. Сот-құқықтық жүйесінің әлемдік тәжірибеге сәйкес одан ары қарай дамуы жаңа Қылмыстық Кодекстің және Қылмыстық Іс-жүргізу Кодексінің, Азаматтық Кодекс пен Азаматтық Іс-жүргізу Кодекстерін, Қазақстан Республикасьшың Жоғарғы Сот Пленумының қаулыларын және т.б. нормативтік-құқықтық актілерді қабылдаумен байланысты болды. Бұл нормативтік-құқықтық актілерде соттардың қоғамда қоғамдық әділеттілікті орнатуына, әділ сот өндірісін қамтамасыз ету және қылмыстық заңды дұрыс қолдану мақсатында әрбір қылмыстық істі қылмыстық іс-жүргізудің мақсаттары мен қағидаларына сәйкес шешуіне көңіл бөлінген.
Сот төрелігін жүргізуде заңдылықтың нақты қолданылуының маңызды кепілі прокурорлық қадағалау және сотта мемлекет мүддесін білдіру прокурорлық қадағалаудьщ жеке саласы мен прокуратура органдары қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Прокурор өзінің қылмыстық сот өндірісіне қатысуымен сотқа дәлелдемелерді толық, жан-жақты және объективті зерттеуге, тұлғаның кінәсін анықтауға, сотталушы жасаған қылмысқа дұрыс баға беруге, оған заңға негізделген әділ жаза тағайындауға және заңды үкім шығаруға көмектеседі. Осыған байланысты, заңдылыққа жоғарғы қадағалау жүргізетін және сотта мемлекет мүддесін білдіретін орган бола отырып, прокурор өзінің өкілеттігін орындау кезінде ешкімге тәуелді емес және ол заңға ғана бағынады.
Бас сот талқылауы - қылмыстық процестің маңызды және негізгі
сатысы екенін жоғарыда айтып өттік. Нақ осы сатыда істің мән-жайлары тексеріледі және жиналған дәлелдемелерге түпкілікті баға беріледі. Прокурор айыптауға негіздер болған жағдайда мемлекеттік айыптауды қолдайды, сотталушыны кінәлі деп табуын дәлелдейді немесе жазасын жеңілдетуді сұрайды. Ал, сот істі толық, жан-жақты және объективті шешеді. Қылмыстық істің материалдарын өте жақсы білу - мемлекеттік айыптауды қолдайтын пркурорға қойылатын міндетті талап. Прокурор қылмыстық істің тергелуіне қадағалау жүргізгеннің өзінде немесе айыптау қортындысын бекіткеннің өзінде әрқашанда қылмыстық істің материалдарын терең,әрі нақты зерттеуі тиіс. Осыған байланысты мемлекеттік айыптаудың, мемлекеттік айыптаушы сөзінің сапасы өте маңызды болып табылады. Мемлекеттік айыптаушының сөзі өзінің іс жүргізушілік мәні бойынша құқықтық акт болып табылады.
Сонымен бітіру жұмысында қылмыстық іс жүргізушілік функциялар жүйесіндегі сотта мемлекеттік айыптауды қолдау мәселесі қаралды және де жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде төмендегі қорытындылар шығарылды:
- сотта мемлекеттік айыптауды қолдау прокурорлық қадағалаудың
жеке саласы және прокуратура органдарының маңызды құрамдас
бөлігі;
- қылмыстық істерді сотта қарауда прокурор мемлекеттік айыптаушы
ретіндегі ерекше құқықтық жағдайды иеленеді және маңызды фигура
болып табылады;
- мемлекеттік айыптаудың субъектісі тек қана прокурор болып
табылады;
- мемлекеттік айыптауды қолдауда прокурор тәуелсіз және заңға ғана
бағынады;
- прокурор мемлекеттік айыптауды қолдай отырып қылмыстық
процестегі заңдылықтың кепілі болып табылады;
-
мемлекеттік айыптауды қолдау қылмыстылықпен күресудің тиімді тәсілдерінің бірі және қылмысты ескертуге байланысты прокуратура органдары қызметінің бір нысаны;
-
прокурордың соттағы айыптау қорытындысы сот зерттеуінің негізгі пәні болып табылады;
- прокурор мемлекеттік айыптауды қолдау арқылы судьяда ішкі
сенімділікті тудыруға, заңды және негізді үкім шығаруға көмектеседі;
- мемлекеттік айыптау - "қылмыстық іс жүргізудің қозғалыс күші", "іс
жүргізудің дамуына мүмкіндік беретін пружина", "қылмыстық іс
жүргізудің двигателі";
- "айыптаушы айыптауға міндетті, ал айыптау айыптаушымен
дәлелденуі тиіс".
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, сотта айыптауды (мемлекеттік айыптауды) прокурор ғана жүзеге асырады. Прокурордың қолдауымен жүргізілетін айыптау - айыптаудың негізгі және маңызды белгісі болып табылады. Прокурор арқылы мемлекет қылмыстық іс-әрекетпен құқық нормаларын бұзған тұлғаларға қатысты қудалау жүргізеді, мемлекет прокурорға анықтау және алдын-ала тергеу органдарының қылмыстылықпен күресуде күшейтуді координациялауды жүктейді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК АКТІЛЕР:
-
ҚР Конститиуциясы.
-
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі.
-
Қ Р Президентінің "Прокуратура туралы" заң күші бар Жарлығы.1995 ж.
-
ҚР Қылмыстық кодексі.
-
ҚР Бас Прокурорының 23 акпан 2001 жылғы №24 «Соттарда қылмыстық істерді қарау заңдылығына прокурорлық қадағалауды үйымдастыру туралы» Бүйрығы.
-
"Сот билігі туралы заңдардың қолданылуының кейбір мәселелері туралы" 14.05.98 ж. №1, "Қылмыстық жаза тағайындаудағы соттардың заңдылықты сақтауы туралы" 30.04.99 ж. №1 Жоғарғы Сот Пленумының Қаулылары.
-
Приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 27.03.01. №148 "О приоритетных направлениях работы с кадрами органов прокуратуры"
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
-
М.И.Шифман. Речь прокурора по уголовному делу. М, 1960 г.
-
П.Сергема. Искусство речи на суде. М, 1988 г.
-
Савицкий В.М. Государственное обвинение в суде. М, 1971 г.
-
В.И.Басков. Прокурорский надзор при рассмотрении судами уголовных дел. М, 1980 г.
-
В.И.Басков. Прокурор в суде первой инстанции. М, 1968 г.
-
В.И.Басков. Надзор прокурора в суде уголовным делам. М,1975 г.
-
В.И.Басков, Б.В.Коробейников. Курс прокурорского надзора. М,2000 г.
-
Г.С.Сапаргалиев. Конституционное право Республики Казахстан. А, 2002.
-
С.К.Журсимбаев. Прокурорский надзор в Казхстане. А, 2004.
-
М.А.Чельцов. Советский уголовный процесс. М, 1962.
-
М.С.Нарикбаев, Г.К.Утибаев. Прокурорский надзор в Республике Казахстан. А, 2004.
-
П.Сергеич. Искусство речи на суде. М, 1960.
-
Г.Г.Гиздатов. Судебная риторика. А, 1995.
14. "Заң және заман". Журнал. А, 2000 №5, 2001 №3,4, 2002 №5, 2003
№2.
-
Матвиенко Е.А. О воспитательной роли речи государственного обвинителя. Судебная речь. Минск, 1967 г.
-
Курский Д.И. Избранные статьи и речи. М, 1948 г.
-
А.А.Чувилев. Прокурорский надзор в Российской Федерации. М,2000 г.
18. Н.Ә.Назарбаев. Еркін де еңселі, қауіпсіз қоғамға қадам басайық. Ел
Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2000 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |