І-тарау. Шығыс Қазақстан облысының орман алқаптарының ерекшелерін талдау


ІІ-тарау.Шығыс Қазақстан орман шаруашылығының жағдайы және дамуы



бет4/8
Дата28.03.2024
өлшемі80.41 Kb.
#496746
1   2   3   4   5   6   7   8
Шығыс Қазақстан облысының орман алқаптарының ерекшелерін талдау

ІІ-тарау.Шығыс Қазақстан орман шаруашылығының жағдайы және дамуы
2.1.Орманды жерлердің жер бедері мен топырақ ерекшеліктері

Топырақты өңдеу топыраққа ғана емес, сонымен бірге өсімдікке және бүкіл қоршаған ортаға жан-жақты әсер етеді.


Топырақты жан - жақты өңдеу дегеніміздің мәні егістердің жақсы дамуы, оларды эрозиядан, арам шөптерден, аурулардан, зиянкестерден қорғау үшін оның қолайлы жағдайлар жасауға, топырақтың тиімді құнарлылығына әсер ету дәрежесін айтамыз.
Топырақты өңдеу мынадай комплексті міндеттерді шешеді.
1) Топырақтың су және ауа режимдерін реттеу, егіншілік үшін пайдалы қоректену режимін және заттар айналымын жақсартуды қамтамасыз етуші микробиологиялық процестерді күшейту.
2) Мәдени өсімдік тамырларының тығыздығы, қаттылығы, аэрация жөнінен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау.
3) Топырақты эрозиядан және егісті арам шөптерден, аурулар мен зиянкестерден қорғау.
4) Жыртылған қабатта өсімдік қалдықтары мен тыңайтқыштарды сіңіру және бірдей тең орналастыру.
5) Мәдени өсімдіктердің тұқымдарын сіңіру үшін қолайлы жағдайлар жасау.
6) Топырақтың тамыр жиналатын қабатының қуатын және өсімдіктің жалпы өніп - өскіштігін арттыру.
Топырақты өңдеудің нәтижесінде бүкіл жыртылатын қабаттың немесе бір бөлігінің құрылымы өзгереді, оның тығыздығы, қаттылығы, агрегаттылығы, ылғалдылығы, су сіңіргіштігі секілді аса маңызды агрофизикалық көрсеткіштері осы жыртылатын қабаттың құрылымына байланысты.
Топырақты өңдеудің жүйесі негізіне ең алдымен егіншілік аймағының немесе ауданының табиғи жағдайларын талдау алынуға тиіс.
Топырақ - климат ерекшеліктерін ескере отырып, топырақты өңдеу тәсілдерін дұрыс орналастыру ауыл шаруашылығы дақылдары түсімін арттырудың маңызды құралы қызметін атқарады.
Шығыс Қазақстан облысында топырақты өңдеудің мынадай жүйесінің зор маңызы бар: тәлімі жерлерде жаздық және күздік дақылдар егуге арнап, суармалы егіншілік жағдайында, сондай - ақ, жел және су эрозиясына ұшыраған жерлерде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіргенде өңдеу. Топырақты эрозиядан қорғауда, құрғақшылыққа қарсы күресуде және түптеп келгенде ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алуда агроорман мелиоративтік шараларды жүргізудің үлкен маңызы бар.
Орманның өсуіне топырақтың ықпал жасайтыны әбден айқын. Ағаш тамырлары 5 – 10 метр, кейде одан да көбірек (30метр) тереңдікке дейін кетеді. Қазіргі дәуірде топырақ деп, өсімдіктердің ықпалымен өзгерген жер деп жердің үстіңгі қабатын айтамыз. Ағаштың тамырлары жердің біраз тереңдігіне дейін кететін болғандықтан, сол тамыр тарамдарының барған жеріне шейінгі жердің барлық қабатында белгілі өзгерістер болады деп есептеу керек.
Табиғи жолмен пайда болған ағаштардың құрамы жер қыртысының ықпалына сәйкес құралғандықтан ормандардың географиясын өзгерту үшін топырақтың сипатын, құнарлылығын жақсарту қажет. Ағаштардың өнімталдығы, тез өсетіндігі, биіктігі, ағаштың техникалық сапасы, тамырларының формалары, ормандардың зиянды факторларға қарсыласуы өсіп тұрған жерінің топырағына байланысты. Орман ағаштарын желдің зақым келтіруінен, тұрақсыз ауа температурасының әр түрлі әрекетінен, жануарлардың зақым келтіруінен, зиянды жәндіктер мен дерттерден сақтау жөнінде топырақ үлкен роль атқарады. Әрбір ағаш өзінің өсетін жерінің топырағына қарай бейімделеді. Дегенмен, кез - келғен жерде ағаш тұқымдарының барлығы бірдей өсе бермейді. Мысалы, таза құмда қарағай, батпақты жерде қайың мен емен ешқашан өскен емес. Бұйрат құмда қарағай, өзен жағаларында түрлі тал, сулы топырақта қара қандағаш өсетінін жұрт ертеден жақсы біледі.
Тау жынысының топырағы орманның құрамы мен сипатына үлкен ықпал жасайды, геологтар орманның құрамы мен сипатын оның топырағына қарай айырады. Қоңыр саздақ жерде өсімдікке жұғымды да нәрлі коректік элементтер мен ылғал мол болғандықтан, ондай жер жөке ағашының өсуі үшін қолайлы келеді.
Топырақ пен климат ағаштың техникалық сапасына да елеулі әсерін тигізеді. Мысалы, жауыны мол, күні жылы, жеңіл топырақта өскен ағаштың діңгектері бұтақтарынан жақсы тазарады; күні жылы, бірақ жауыны аз жердің ағаштарының діңгектері көп бұтақты болады.
Тау жыныстарынан пайда болған карбонатты топырақта қарағай мен шырша тез еседі, бірақ бұлардың ағашының техникалық сапасы нашар болады. Мысалы, әк тасты құрғақ топырақта өскен шаған ағашы сыңғыш келеді.
Климат пен топырақтық ағаштың техникалық сапасы мен оның қабығының қалыңдығына тигізетін әсері ағаштың теңіз денгейінен қандай биіктікте өсетініне байланысты. Мысалы, теңіз деңгейінен 520 метр биіктікте өскен ағаштың қабығынық қалыңдығы 7сантиметр болса, 1800 метр биіктікте өскен ағаштың қабығынын қалыңдығы 9,8 сантиметрге дейін болады [7, б.162].
Биік тауда жер бедері текшеленіп қазылған жердің солтүстік беткейінде өскен еменнің діңгектерінің техникалық сапасы түстік беткейлерде өскен емен діңгегінен жақсы болады. Өзен алқабында өсетін еменнің бұтақтары көп болады, бірақ еменнің шіруі мерзімінен ерте басталады, сондықтан мұндай жерлерде емен ағашын кесуді ерте бастаған дұрыc. Ағаштың қабығынан иілік заттың мол алынуы және олардың сапасы жақсы болуы да өсетін жерінің топырағына байланысты.

Кесте-1.Қазақстан Республикасы және Шығыс Қазақстан бойынша орман қорларының көрсеткіштері



Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан обылысы

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Орман қоры, мың га

26246,4
3665,0

26640,4
3632,1

26156,5
3631,5

26345,0
3604,6

26216,5
3632,0

26464,2
3632,6

26446,0
3634,9

Орман тұқымын дайындау, кг

21886
265

21243
112

20556
789

21545
498

21245
241

21986
212

21858
544

Ағаш отырғызу және егу, мың га

7,0
0,3

6,0
5,0

8,4
0,9

5,5
0,7

6,5
0,2

6,0
0,4

7,5
5,5

Мемлекеттік мақсатта орманды қалпына келтіру, мың га

12,1
0,7

9,3
1,1

12,6
1,0

12,2
1,2

8,9
0,7

12,6
1,3

12,5
0,7

Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу, мың га

5,1
0,2

3,1
0,4

4,2
0,3

5,2
0,2

3,2
0,4

5,1
0,2

3,2
0,5

Қылқан жапырақты бөренелер өндіру, текше метр

140053
61042

136193
49387

117990
45513

136154
45125

140256
61025

114589
43250

136259
46982

Жалпақ жапырақтылардан бөренелер өндіру, текше метр

31563
5418

18944
3127

27769
4478

21658
4415

31548
5148

18458
4485

27856
3128

Отындық ағаш өндру, текше метр

473250
45159

590825
54212

347416
16070

473652
45142

551452
54125

341256
45123

472352
45152

Ағаш тамыры және оның тарамданып есуі де топыраққа тәуелді екенін айтпай кетуге болмайды. Өйткені құнарлылығы әр түрлі топырақта өскен бір ағаш тұқымының желге мықтылығы әр түрлі болатындығы белгілі. Ағаш тамырларының қалыптасуына топырақ үлкен ықпал жасайды. Мысалы, құмда және жеңіл саздақ топырақта өскен қарағайдың өзек тамыры (6 метрге дейін) тереңге жайылып өседі, ал батпақ топырақта оның тамырлары жер бетімен жақын өркендейді. Сондықтан батпақ топырақта өскен қарағайдың бойы аласа бөрікбасы селдір болады, тамыр желісі тайызда және әлсіз болғандықтан желге төтеп бере алмайды, көбірек құлап рәсуа болады. Жері батпақты өңірлерде қарағай ұрығы мен шыбығын бұрын орман болған жерлерге отырғызған жөн. Бұрын ағаш өсіп, кейін жойылып кеткен ағаштың тамырларының ізі жаңадан отырғызылған ағаштың тамыр жүйесі жақсы дамуы үшін үлкен роль атқарады. Өйткені ескі тамырдың ізімен қарағайдың майда, жаңа өспірім шыбықтарының тамыры да жүріп дамиды да, желге мықты болып өседі. Ағаштың ескі тамырларының ізі жауын суының тереңге сіңуіне жол ашады, жас қарағайдың тамырлары осы ізбен тереңге қарай бойлап өседі де, зауза құртының зақымдауынан аман болады.


Мәңгі тоңдан жататын топырақта ағаштың барлық тұқымдарының тамырлары жер бетімен жарыса тарайды. Сондықтан мұндай жерде ағаштар желден құлағыш келеді, дінгектері иіліп өседі, кейде өздігінен көлденең сұлап түседі.
Таудың тастақ топырағында өсетін ағаштардың тамыр жүйелері көп терендікке бара бермейді. Егер ағаштың тамыр жүйесі тастардың арасындағы жарықтарға кездессе, онда тамыр жүйесі жарықты қуалап тереңге кетеді, тамыры тереңге жайылған шырша мен самырсынның желге мықтылығы күшейе түседі.
Топырақ ылғалының ролі. Орманның ойдағыдай өсуі үшін топырақтың ылғалы жеткілікті болуы шарт. Бірақ топырақ ылғалы артық та, кем де болмай, бір шама болғаны дұрыс. Топырақ ылғалы тым артық болса, ол орманға су зиянды ықпалын тигізеді, егер орманға су тұрып қалып, ұзақ мерзімге дейін кеппей тұрса, жас ұрықтар өнбей қалады, ал өнгенінің тамырлары мезгілсіз шіріп кетеді. Топырақ тым құрғақ болса, ағаштың тамыр жүйесі ылғалға зәрулік етеді. Мұндай топырақта күл элементтері мен азот мол болғанымен ағаш тұқымдары қурап кетеді. Топырақтың ылғалы кенет өзгеріске ұшыраса (не көбейсе, не азайса) орманның өсуіне зиянды әсерін тигізеді, кейде орман ағаштарының құрып кетуіне әкеліп соқтырады.
Әр түрлі ағаш тұқымы ылғалды әр түрлі мөлшерде қажет етеді және топырақ ылғалында болған өзгерісті бірі тез, екіншісі баяу сезеді. Қандай ағаш тұқымы болмасын, өскен топырағының ылғалының аз - көбіне үйлесіп кетпесе жақсы өспейді, кейде тіпті құрып кетеді.
Табиғатта әр ағаш тұқымы бірі биік жерде, екінші біреуі ойпат жерде ойдағыдай өсіп, өнім беретінін орманшылар көптен біледі. Мысалы, түкті қайың ылғалды ойпатта, сүйелді қайың биік құрғақ қыратта жақсы өседі. Орман ағашының өсуіне жер асты суынық тигізетін ықпалы жер бетімен іркілмей ағып кететін судың ықпалымен бірдей болмайды, өйткені жер бетімен сіңбей ағып кететін су тез кеуіп кетеді де, өсімдікке ықпалын тигізбейді. Бірақ жер асты суының әр түрлі ағаш тұқымдарына және бір тұқым ағашының өзіне тигізетін әсері судың сипатына (ағынды не ағынсыздығына), метеорологиялық элементтерінің тұрақты - тұрақсыздығына, топырақтың физиологиялық құрылымына байланысты түрліше болады.
Батыс Сібір мен Семей және Павлодар облыстарының қарағай жолағы орманының топырағында судың жер бетінен алыстық тереңдігі әрқилы болады. Мәселен, тегістеу бұйрат құмда өсетін қарағайдың астындағы жердің суы 4 - 6метр тереңдікте болатын болса, шөпті жерде өсетін қарағай ағашының жер асты суы 0,6 - 2,0 метр тереңдікте болады. Солтүстіктің тығыз топырағында жер асты суы төмендеген сайын орманның өсімталдығы арта түседі.
Емен, терек, тал, қарағай ағаштары су уақытша жайылатын өзен алқаптарында өсе береді. Кейбір ағаш тұқымдары, мысалы, бүк теңіз климатына үйреніп, ылғалы мол өңірде өсетін болғандықтан топырақта ылғал кемісе төзе алмайды. Ал кейбір ағаш тұқымдары топырақта ылғал молдығын көтере алмайды.
Байқаулар мынаны көрсетіп отыр: желі қатты құрғақ далалы аймақтарда ағаш биіктігінен 26 - 40 есе жоғары қар тоқтататын орман алқаптары тиімді болып отыр. Жел бірқалыпты тұратын тау етегі аймақтарында - қардың биіктігі 10 - 17 есе. Құрғақ далалы аймақта қарды мейлінше жақсы бөлетін 4 және 5 қатарлы орман алқаптары болып табылады. Қысқы жел қатты болған жылдары 4 және 5 қатармен егілген орман қорғаныс алқаптарында тоқтатылған қар 3 қатарлы егілген орман алқаптағыларынан гөрі екі есе қалың болды. Топырақтың үсікке ұрынбауы да қар жабынының қаншалықты қалыңдығына байланысты. Құрғақ далалы аймақтарда егін қорғайтын орман алқаптарында топырақтың тоңы 40 - 50 сантиметрден аспайды, ал ашық алаңдарда ол 150 - 180 сантиметрге дейін жетіп, яғни топырақтың үсікке ұрынуы 3 - 4 есе арта түседі. Тау етегі аймақтарында орман алқаптарымен қорғалған топырақтық тоңы 40 - 45 сантиметрден аспайды, ал ашық алаңдарда – 80 - 90 сантиметрге дейін жетеді.
Көктемде ауаның температурасы тез көтеріліп, ашық алаңдардағы қар суы топыраққа сіңбестен ағып кетеді. Орман алқабымен қорғалған егістіктегі қар одан 5 - 15 күн кейін ериді. Соның нәтижесінде кұрғақ далалы аймақта орман алқабымен қорғалған топырақтың 1метр қалыңдығына дейін ашық жердегіден гөрі 60 – 100 мм көп ылғалданады.
Қажетті агротехниканы дұрыс сақтағанда орман алқабына отырғызылған ағаштар жақсы көндігіп ең қатал топырақ - климат наластырылады. Орман алқаптарының мейлінше тиімдісі жел өткізетін, ал топырақты жел эрозиясынан қорғау үшін торкөзді жел өткізетін конструкциялары мейлінше тиімді. Орман алқаптарын бір ғана негізгі тұқымдардан тұратын 3 - 4 қатардан қалыптастырған жөн [8, б.98].
Желі онша қатты емес аймақтарда ауыспалы егістіктердің айналасына үш қатарлы алқап жүйесін және егістің ішінде 2 - 3 қатарлы орман алқабын жасау ұсынылады; желі күрт қатты соғатын аймақтарда егісті айнала 4 - 5 қатар және егістің ішінде 3 - 4 қатар етіп орман алқабын жасау ұсынылады. Перспективалы конструкция алу үшін ағаш өсімдігін қара топырақта әрбір 1,5 метр сайын (терек үшін 2 метр), қатарлардың аралығын - 2,5 – 3 метр, қызылқоңыр топырақта: қатарда - 1 -1,5 метр, қатарлардың аралығын 3,5 – 4 метр етіп орналастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет