І-тарау. Шығыс Қазақстан облысының орман алқаптарының ерекшелерін талдау



бет7/8
Дата28.03.2024
өлшемі80.41 Kb.
#496746
1   2   3   4   5   6   7   8
Шығыс Қазақстан облысының орман алқаптарының ерекшелерін талдау

Қорытынды

Қорытындылай келе, Шығыс Қазақстанның таулы ормандары маңызды экономикалық, топырақ қорғаушы және су реттейтін-қорғайтын мағынаға ие. Ол географиялық орналасу мен табиғи ресурстарға бай халық шаруашылық роліне ие және мемлекетіміздің жоғары дамыған өндірістік бөлігі болып табылады. Ағаш дайындау бойынша Шығыс Қазақстан Қазақстан бойынша бірінші орынға ие.


Жаңа бесжылдықта Қазақстанда халық шаруашылығы жоғары қарқынмен дамиды. Болашақ халық шаруашылығы жоспары бойынша Шығыс Қазақстанда орман материалдарын жеткізетін ірі жеткізуші болады деген ой бар. Бұл орман шикізатын тиімді пайдалану керектігін көрсетіп, орманның өнімділігін артуын, ормандылықтың оптимальды принципін сақтау, кеспе ормандардың қорын рационалды пайдалану, оны қалпына келуін, толығымен дайындалатын және қайта өнделетін ағаш массасы мен қалдықтарды пайдалану.
Экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстанның бай табиғи ресурстарының елеулі парасы – орман ресурстарын пайдаланудың технологияларын дамыту өте өзекті мәселе. Қазіргі технология жетістіктері орманды тікелей пайдалануды қойып, одан, табиғи экожүйелерге әсер етпей, қазынды отынды неғұрлым аз пайдаланып азықтық және қоректік өнімдер өндіруге мүмкіндік береді.
Табиғаттың ең үлкен сыйы ол орман. Қазақстанның жағдайында өзі аз бар орман ресурстарын ұтымды пайдалану және эффективті көбейту шараларын қолға алу өзекті мәселе.
Жұмысты орындау барысында біз осы салада қалыптасқан түйінді мәселелерді анықтадық: Орманды пайдалану саласында тиімді заңнаманың қабылданбауы; орманды пайдалануды басқару жүйесінің бытыраңқылығы, соның салдарынан орманға өрт пен заңсыз, тіпті «заңды» кесулерден келген зиянның қауіпті деңгейге жетуі; орманды пайдалану және қорғаудың жаңа технологияларын дамытуға көңіл жеткілікті бөлінбеуі.
Сонымен бірге осы саладағы мәліметтердің, статистикалық деректердің жабық, яғни көпшілік назарынан тыс болуы жұмысқа өз кедергісін келтіргенін айта кеткеніміз жөн.
Жұмысымыздың нәтижесінде орман ресурстарын сауықтыру үшін, оның ауданын азайтпай, көбейтіп, құрамын түрлендіре отырып пайдалану үшін ағаш қалдықтарын және төмен сапалы ағаш сүректерін жаңа технология және техниканы қолданып тақта және жиһаз өндірісін, осы орман өнімін тұтынатын ішкі нарықты дамыту керек. Осы бағытта 2007-2009 жылдарға бағдарлама құрылып, жұмыстар атқарылуда. Бастысы жұмыс басына жауапты азаматтарды қойып, істі аяғына жеткізіп қан қоймай әрі қарай дамытуды қолға алу қажет.
Сонымен бірге аймақтағы түсті металлургия кешенінің ілеспе өнімі - күкіртті ұтымды пайдаланудың, соның арқасында экологиялық зиянды әсерін болдырмаудың бір мүмкіндігі ретінде шырпы-сіріңке өндірісін дамытуға болады деп ойлаймыз. Әрине бұл тереңірек, жан-жақты, әсіріесе экономикалық зерттеулерді қажет етеді.
Сонымен бірге, орманның экологиялық рөлін ескеріп, обылысымыздың бірқатар аудандарында орман алқаптарын қалпына келтіру шаралары қолға алынуы керек. Бірінші кезекте ол үлкен-кіші өзен аңғарлары, көл жағаларындағы су қорғау зоналарына қатысты. Бұл аймақтағы су көздерінің су ағынын реттеп, жер асты сулары деңгейін реттеуге, қолайлы микроклимат қалыптастыруға елеулі ықпал етеді.
Қазір 200 мыңға жуық шығыс қазақстандықтар орманмен және оның маңайында өмір сүруде. Бұл саланы дамыту аймақтағы көптеген экологиялық және әлеуметтік мәселелерді де шешер еді.
Шығыс Қазақстан ормандарының тоқырауын 2010 жылға дейін «Қазақстан ормандары» бағдарламасында қаланған орман ресурстарының тиімді пайдалануы бойынша, әр түрлі шаралар кешені тоқтатуы мүмкін. Ол үшін орманды мемлекет, халық мұрасы деп қарап оны басқаруды жетілдіру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет