І тарау. "Құтты білік" дастанының танылуы



бет4/4
Дата22.02.2016
өлшемі386 Kb.
#1003
1   2   3   4

Қорытынды
Барша түрік әулетіндегі халықтардың қатарында қазақ елінің де мәдениетіне, тіліне, өнеріне тікелей қатысты ұлы ескерткіштердің ішінде осы «Құтты білік» дастаны ерекше шоқтықты биігінде бағаланады.

Философиялық әрі поэтикалық трактат пен тіл ілімін түзген осынау ұлы зерттеудің биігінен қарағанда күллі түрлі мәдениетінің көкжиегі әлемдік деңгейде кеңейіп, тынысы ашылып аруақтанып кетеді. Осыған дейінгі ұлан-ғайыр даму белестері бедерленіп көрініп, шоқтықтана түседі.

Қазақ топырағында пайда болған осы дастанда қазіргі қазақ түсінігіне қонымды сөз тіркестерінің молдығы, күні бүгінге дейін сөздік қорымыздан орын алып келе жатқанын ескерер болсақ, «Құтты білік» шығармасының тақырып аясы өте кең, күнделікті тұрмыс тіршіліктен бастап, ел, мемлекет басқару, ел аралық саясат мәселелеріне дейін нақты сөз болады.

Зерттеу жұмысының бірінші тарауы Орта ғасыр ескерткіштерінің ең көлемдісі – «Құтты білік» дастанының танылуы мен зерттелу деңгейін айқындап алуға арналды. Түркі мәдениетінің әдеби ескерткіші «Құтты білік» дастанын жазған Жүсіп Хас-Хажиб Баласағұн. «Құтты білік» дастаны – мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған бұл туынды белгілі-белгісіз себептермен қазіргі ұрпаққа кешігіп жетсе де, оның халық арасындағы қадір-қасиеті бұрыннан-ақ жоғары болған.

«Құтты біліктің» түпнұсқасы сонау Гератта ұйғыр әрпімен көшірілген нұсқасынан бастап, бүгінгі күнде түркі тектес халықтары ішінен қазақ елі де зерттеу ісінде. Зерттеу жұмысының тарихи-педагогикалық тұстарын қарастыра отырып, аталмыш шығармадағы гуманистік идеялардың адам бойында қалыптасуына, олардың тәрбие мәселесінің негізіне айналған – еңбекқорлық, адалдық, адамдарға деген ағайындық сезімі сияқты сұрақтарына басты назар аударылды.

Дипломпдық жұмыстың екінші тарауы – «Құтты білік» дастанының көркемдік ерекшеліктерін айқындап алуға арналды. «Құтты білік» - әңгіме, аңыз ретінде баяндалған даналық сөз, өсиет, ғибрат. Дастан оқиғасы Х1 ғасырда Ыстық көл, Жетісу, Қашқар өлкесінде болған шындыққа байланысты өрбітіледі. Бұл дастанның идеялық мазмұнының негізгі өзегі - әділетті адам, әділетті басшы немесе қайырымды мемлекет т‰зу.

Ж‰сіптің дастаны саяси және ғибрат-ақыл ретінде трактат, имандылыққа ‰ндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық туынды.

«Құтты білік» дастанының негізгі идеясы төрт принципке негізделіп жазылған. Композициялық құрылысы жағынан 6520 бәйіттен тұрады. Соның бәрі 85 тарауға бөліп берілген. Шығарманың негізгі бөлімдері екі жолдық месневи т‰рінде жазылған. Сюжеті де автор алға қойған дидактикалық міндеттерге, яғни шығарманың әділдікті, бақ-дәулетті, парасатты, қанағатты бейнелеген төрт қаћарманның іс-әрекетіне тікелей байланысты етіп құрылған. Сюжеттік желісі мейлінше қарапайым болады.

Ж‰сіп Баласағұн ақыл білімді ерекше тақырып етіп алуы әңгімеленген. Ж‰сіп Баласағұн адамдар қарым-қатынасындағы риясыз көңіл мен ыстық ықыласты кісілер дініндегі мейірім, раћымды айрықша алып жырлайды. Ақында с‰ю танымы Алла, табиғат, ділге қатысты танымына пайдаланған.

Дастандағы бек бейнесіндегі басты кейіпкер К‰нтуды ізгілік пен әділет сипатындағы К‰нтуды бектің қызметінде көрінеді. Оғдұрміш та ізгілікті дәріптейді, өзі де шексіз таза пейілді, ділі мейлінше аңғарылған кісілікті адам. Ол адамзат қауымның ең абыройлы да баянды байлығы ретінде ізгілікті атайды. ¤з дастанында әділет сипатын танытар кейіпкерін енгізіп әділет сипатын арнаған бапта әңгімелейді. Әрт‰рлі тақырып пен таным төңірегіндегі ой-пікірлерде әділеттің мерейін ‰стем етеді.

Бұл жұмыста ақындық танымдардағы келешекте жан-жақты таратып айтуға болатын сабақтастықтың ең басты мәселелері сөз болған. Адамгершілік танымдары шығыс ойшылдарында кең қарастырған азаматтың философия ауқымында жырлаған.

«Құтты білік», Х.С‰іншәлиев айтқандай: «Орта ғасыр ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеулерін таң қалдырған әдеби көркемдік туынды. Орта Азия Қазақстан жерін мекендеген т‰ркілердің және олардың мәдениетінің жарық жұлдызы деп атарлық әдеби мұра. Бұл бір кездегі өркендеген мәдениетін танытарлық тарихи куә, тамаша ескерткіш. Орта ғасырдағы көптеген ру, тайпа тілдерін бір ізге салып қалыптасуына, әдеби тілдің негізін қалауға дастан қосқан ‰лесі орасан».



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Ахметов Т. Ж‰сіп Баласағұнның имандылық идеялары // Қазақстан мектебі, № 10, 1993.

  2. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. –Алматы: Ана тілі, 1998.

  3. Әліпханов М. Құттың кілті - кісілік. –Т‰ркістан: Мұра. 1997.

  4. Әліпханов М. ¦лы ақындар, ‰ндес сарындар // Жібек жолы, № 3,4, 1992.

  5. Бартольд В. Баласагуни. Сочинения. 3-том. –Москва: Наука, 1965.

  6. Бартольд В. Сочинения. 4-том. –Моква: Наука, 1966.

  7. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. –Алматы: Жазушы, 1989.

  8. Валитова А. Юсуф Баласагунский и его «Кутадғу билиг» // Ксина № 4 1952

  9. Дербісәлиев Ә. Шыңырау бұлақтар. – Алматы: Жазушы, 1982.

10.Егеубаев А. Ж‰сіп Баласағұнның «Құтты білігі» // Қазақстан мектебі. №11 1993.

11.Егеубаев А. Ж‰сіп Баласағұн. «Құтадғу білік» (Х1 ғ.) // Жұлдыз. № 3 1996.

12. Егеубаев А. Құлабыз. – Алматы, 2001.

13. Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. – Алматы: Ана тілі, 1991.

14. Ж‰сіп Баласағұн. Құтты білік. Көне т‰ркі тілінен аудаған Асқар Егеубаев.- Алматы: Жазушы, 1986.

15. Каримов К. Некоторые вопросы композиции, метра и жанра. «Кутадғу билиг» // Сов. туркология. № 2 1973.

16. Кәкішов Т. Көне дәуірдегі сыншыл ойлар. // Жұлдыз. № 12 1993.

17. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті.- Алматы: Ана тілі, 1991.

18. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және т‰рколлгия. – Алматы: Ғылым, 1987.

19. Қоңыратбаев Ә, Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. – Алматы: Қазақ университеті, 1991.

20. Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. - Алматы: Әл-Фараби, 1996.

21. Құрышжанов Ә. Құдатғу білік. – Түркістан: Тұран баспаханасы, 2004.

22.Малов С.Е Кутадгу билиг-факсимилие. Сов. Востоковедение, 1948.

23. Мырзахметов М. Абай және Шығыс.- Алматы: Қазақстан, 1994.

24.Мырзахметов М. Ж‰сіп Баласағұни. Сөнбес жұлдыздар. – Алматы: Қазақстан, 1994.

25. Мырзахметов М. Құтты білік дастанының мәні // Қазақстан мектебі., №7 2004.



26. Орынбеков М. Ж‰сіп Баласағұн және қоғамдық ой-ағым // Қазақ тарихы., № 1, 1995.

27. С‰йіншәлиев Х. Ғасырлар поэзиясы. – Алматы: Жазушы, 1987.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет