I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет106/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   224
24344 (1)

Пропедевтикалық кезеңнің мақсаты тұтығушының алдағы жұмысқа 
қызығушылығын қалыптастырып «жағымды психикалық жағдайларды» 
көбейту. 


232 
Екінші кезеңнің негізгі тәсілі эмоционалдық-стрестік (титықтау) 
психотерапия болып табылады. Сеанстың негізгі мақсаты – тұлғаны қайта 
қалыптастыру (реконструкция) жұмысын бастау. (М.Н.Дубровский) Сеанс 
көпшіліктің алдында күрделі жағдайда өтеді. Бұл сеанстан кейін тұтығушыда 
белсенді логопсихотерапияға сенімділкпен және қызығушылықпен қарайтын 
жаңа психикалың жағдай пайда болады.
Үшінші 
кезеңде 
библиотерапияны, 
символотерапия 
және 
кинезотерапияны қолдану арқылы тұтығушының тұлғасын қайта тәрбиелеу 
іске асырылады. Бұл кезеңде тұтығушы өзін және сөйлеу техникасын реттеу 
дағдыларын меңгереді. А.Н.Стрельникованың демалу жаттығулары белсенді 
қолданылады. 
Ю. Б. Некрасованың ұсынған жүйесін қолдану нәтижесінде 
пациенттердің сөйлеуге деген қажеттілігі дамытылады. Л. З. Арутюнян 
ұсынған кешенді жүйе бойынша түзету жұмысы үш бағытта жүргізіледі: 
-сөйлеу кезіндегі тыртысуды жоюға бағытталған логопедиялық жұмыс; 
-сөйлеу актісіне байланысты үрей сезімін жеңілдетуге бағытталған 
психотерапия; өзінің жағдайын сезінуге және жазылудың толық мүмкін 
екенін сендіруге бағытталған психологиялық жұмыс. 
Аталған логопедиялық әдістемелік ерекшелігі фразаның жылдамдығы 
мен интонациялық бейнесін анықтайтын жетекші қолдың саусақтарының 
қимылы мен сөйлеуін үйлестіру болып табылады. Қолдың саусақтарының 
қимылы мен сөйлеуін баяу жылдамдықпен үйлестіру, бірінші сабақтан 
бастап кідіріссіз сөйлеуге мүмкіндік береді. 
Дайындық 
кезеңінде 
психотерапиялық 
ықпал 
арқылы 
ішкі 
психологиялық қорын (резерв) жұмылдырады, белсендіреді. Сабақтың негізгі 
маңыздылығы баланың өзінің ақаулығына, өзіне деген пікірін өзгерту болып 
табылады.
Түзету жұмысының негізгі кезеңінде сөйлеу мен саусақ қимылдарының 
үйлесу барысында пациентте жаңа сөйлеуқимыл дағдысы қалыптасады. 
Жаңа сөйлеу стеоретипті әр түрлі деңгейдегі функционалдық жаттығулар 
нәтижесінде бекиді. 
Негізгі емдеу курсы біткен соң бірнеше микрокурстар өтеді. Ондай 
микрокурстардың мақсаты біртіндеп өзіндік жұмыстың көлемін молайту, қол 
жеткен нәтижелерді бекіту болып табылады. Жалпы түзету жұмысы 
микрокурстарды қосқанда бір жылға созылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет