235
қайталануы (рецидив) мүмкін. Қайталанбау үшін баланы мектепке ерекше
дайындау қажет.
Оқу басталғанша (1-ші қыркүйекке дейін) бала мектепке барып, оқитын
сыныппен, мұғаліммен танысады. Мұғалім бұрын баланың тұтыққанын және
онымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін білуі керек. Мысалы, ол
баладан
сабақты бірінші сұрамау, толық жауап беруін талап етпеу, аздаған
жетістіктерін қолдап мақтап отыру т.б. Тұтықпа қайталанған жағдайда
баланың ауызша жауап беруін тоқтатпау керек, ата-аналары ол кезде үйдегі
тапсырманы бірге дайындап, дауыстап айтуға жаттықтырады. Ондай балалар
кемінде 1,5-2 жыл логопед пен психоневрологтың бақылауында болады.
Келесі қатерлі кезең пре- және пубертантты кезең болып саналады. Бұл
кезеңде жасөспірімдердің сөйлеу қатынасы күрделенеді, өзінің сөйлеуіне
талап күшейеді, организмнің эндокриндік жүйесінің қайта қалыптасуына
байланысты эмоциональды жағына күш түседі.
Балалардың арасындағы
өзіндік орнына байланысты ұйымдастырушылық байқалады. Осы кезеңде
тұтықпаның қайталануы мүмкін.
Тұтықпаның қайталануын болдырмау үшін ұзақ уақыт диспансерлік
бақылауда және мезгіл-мезгіл логопедиялық сабақ, психотерапия түрінде
психологиялық-педагогикалық көмек алып тұруы керек.
Ересек тұтығушылар үнемі кеңес беретін және оңалту орталықтарында
әртүрлі курстарға («демеуші топтар», «ашық қабылдау күндері» т.б.),
шараларға қатысады.
Арнайы тәрбиелік шаралар өзіне сенімділігін, белсенділігін, өздігінен
шешім қабылдауын қалыптастыруға бағытталады.
Тұтықпа мамандық
талдауға кедергі болмауы тиіс, дегенмен тұтықпасы
жиі қайталанатындар сөйлеуге және психикасына ауыр салмақ түсетін
мамандыққа бармағаны жөн.
Психологиялық–педагогикалық оңалтудан өткен жасөспірімдер мен
ересектер бірнеше жаднамаларды білуі керек.
Психологиялық-педагогикалық оңалту курсын өткен ересектер мен
жасөспірімдер үшін жаднама.
1. Жүйке жүйесін сауықтыру.
Сөйлеу организмінің жалпы физикалық жағдайы мен нерв жүйесінің
жағдайына тығыз байланысты. Сондықтан төмендегідей ережелерді
сақтау қажет:
-
Жүйке жүйесіне зақым келтіретін темекіден , алкогольдан бас тарту;
-
Организмді сауықтыру үшін дұрыс тамақтану, дем алу мен еңбекті,
ұйқыны, сергуді ойдағыдай алмастыру ( ұйқының бұзылуы өте зиян).
- Эмоциялық салмақ түсіруден сақтану;
-
Жүйке жүйесін шынықтыру үшін таңғы гимнастика,
шынықтыру
шараларының пайдасы көп;
Орынды
дене
шынықтыру,
организмді
шынықтыру
қимылдың
үйлесімділігіне жақсы ықпал етеді және сөйлеу функциясын жақсартады.
236
2. Тұтықпаны тудыратын психикалық реакцияларды жеңілдету
Сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету барысында басты кедергі жағымсыз
эмоциялық қайғыру болып табылады. Сондықтан өзін мазалайтын
жағдайларды жан-жақты ойластыру қажет. Күнделікті өмірде өзін байсалды,
салмақты, сенімді болуға тырысу.
Өмірдегі кездесетін қиыншылықтардың бтұтықпаның себебінен деп
есептемеңдер жолдастардан, жақындарыңнан, әріптестеріңнен сөйлеудегі
қиыншылықтарды жасырмай, оларға ем алып жүргендерінді түсіндіру керек.
Өздеріңде батылдылықты, қатаңдықты,
шыдамдылықты және ерікті
тәрбиелеңдер. Қойған мақсаттан бас тартпай, өз күштеріңе және
мүмкіншіліктеріне сеңіндер. Өздеріңді әр жағдайда байсалды ұстауға
үйреңіңдер. Егер аутогендік жаттығуларды ұдайы қолдансаңыз ол бұған
көмектеседі.
3. Үй жағдайында сөйлеу жұмысын жүргізу
Жатық сөйлеу дағдысын бекіту үшін күнделікті дұрыс сөйлеуді жаттықтыру
қажет:
-
Жаттығуға қолайлы уақыт бұл таңертеңгі жұмысқа немесе оқуға
дейінгі кезең;
-
Сөйлеу жұмысын өлеңнен бастау керек (көңілді, ырғақты өлеңдерді
пайдалану);
-
Орташа жылдамдықпен, ережелерді сақтап, тақпақ, жаңылтпаш, мақал-
мәтелдерді және кішірек мәтіндермен жұмыс;
-
Өзіндік жұмысқа логопедиялық сабақтарды қосу керек.
Естеріңде болсын! Ырғақтылық қимылдар сөйлеу функциясын қалыпқа
келтіруге жағымды әсер етеді.
Меңгерген сөйлеу дағдыларын біртіндеп
адамдармен қарым-қатынас
функцияларында бекіту.
4. Сөйлеудің негізгі ережелері
1. Дененің дұрыс кейпі тіршілік процестерін жақсартады және
сөйлеуді ұйымдастыруға әсер етеді. Сөйлеу кезінде денеге байсалды
және ыңғайлы кейіп беру керек.
2. Сөйлеу кезінде әңгімелеушіге қарап, өзін сенімді және байсалды
ұстау.
3. Айтатын фразаны алдымен ойлап, баяу, бөліп айту.
4. Мәнерлеп айтыңыз: ол үшін буындық, логикалық екпіндерді,
интонацияны сақтап, сөйлемнің мазмұнына сай айту.
5.
Сөздің
және сөйлемнің басын ақырын, жатық, дауысты
дыбыстарды жеңіл айту.
6. Ұзын сөйлемді мазмұнды бөліктерге бөлу. Әрбір бөлімін қысқа
фразадай айту.
7. Байсалды және баяу сөйлеуге тырысыңдар.
8. Сәтсіз
сөйлеуден кейін – тоқтаңыз, сосын баяу сөйлеп
жалғастырыңыз.
Естеріңізде болсын, тұтықпаны түзету
сөйлеу дағдыларын қайта
қалыптастыруды талап ететін күрделі жұмыс.
237
Жетістікке жету үшін уақыт, білім және тұтықпаны түзету тәсілдерін білу
қажет.
Ерікті, күшті, қажырлы адамдар туралы әңгіме, кітаптарды жиі оқыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: