I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет127/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   224
24344 (1)

Субарахноидальді қан құйылуы (жарақаттық емес) – аневризманың 
жарылуы. Ишемиялық инсульттер афазияға екі есе жиі әкеледі. Кейбір 
тамыр бұзылыстарында (тамыр спазмдары, гипертониялық криздер) сөйлеу 
тілінің өткінші бұзылыстары байқалады: амнестикалық көріністер, 
персеверациялар, эхолалиялар.
Тікелей бас ми инсультынан кейін сөйлеу тілінің бұзылыстары анық 
көрінеді, өйткені олар ошақтық зақыммен ғана емес, сонымен қатар тұтас 
мидың әрекетінің бұзылуымен тығыз байланысты. Мидың ортаншы 
артериясының алдыңғы жоғары әкелуші тармақтарының зақымдалуынан 
афазияның моторлы түрлері пайда болады, ал оның артқы тармақтарының 
зақымдалуынан – сенсорлы түрлері пайда болады. Афазияның басқа түрлері 
тамыр патологиясында сирек кездеседі.


279 
Қан айналымының бұзылуынан болған афазияны талдау кезінде 
патологиялық ошақтың сипатын ескеру қажет (қан құйылуы, жұмсару). 
Бас ми жарақаты (БМЖ) – мидың зақымдалуына әкеліп соқтыратын 
бас сүйекке механикалық әсердің нәтижесі.
 
БМЖ ашық және жабық болып 
бөлінеді. Мидың зақымдалуының ашық түрінде травманың әсерінен ми 
тінінің және ликвордың орнынан кенеттен қозғалуы байқалады. Соның 
салдарынан 
рефлекторлы 
тамыр 
реакцияларының 
тіркесі 
мен 
ликвородинамикалық бұзылыстар пайда болады. Бас ми тамырларының 
спазмы және шала салдануы, оттектің жетіспеу және оның ісінуі орын алады. 
Мидың зақымдалуының жабық түрінде ми шайқалуы, мидың жаншылуы 
байқалады, бас сүйегінің терісінің тұтастығы бұзылады. 
Ми шайқалуы - ми жұмысында орнықты бұзылыстар болмайтын 
жарақаттың түрі. Ми шайқалуының салдарынан пайда болған симптомдар 
жүре келе (бір неше күннен кейін) жойылады. Симптоматиканың орнықты 
сақталуы бас миының терең зақымдалуының белгісі. 
А. Р. Лурия ойық және ойық емес жаралар деп бөледі. Жараның бірінші 
түрінде ми тінінің күйзелісі байқалса, екінші түрінде мидың қызметінің 
уақытша тежелуі орын алады. Сөйлеу функциялары ойық емес жараларда 
бірталай толық қалпына келеді. Ми шайқалуда афазиялық синдромның 
тереңдігі мен қайта дамуы зақымның ошақталуына тәуелді (негізгі немесе 
шекаралық сөйлеу аймақтарының
күйзелуі). Егер ісік ми қыртысына жақын 
орналасса, онда афазия бас миы ісігінің алғашқы неврологиялық 
симптомының бірі болуы мүмкін.
Ісіктің үдемелі өсуінің салдарынан, бір 
қатар басқа да симптомдар болған жағдайда, ауырудың дамуының белгілі бір 
мезгілінде афазия пайда болуы мүмкін. Ол қашықтағы симптомдардың бірі – 
басқа жарты шардағы ісік. Ісік кезінде сөйлеу синдромының әр түрлі нұсқада 
болуы гипертензиялық синдром және психикалық бұзылыстармен 
шиеленеседі.
Ісік кезінде афазия клиникасында ең маңызды болып ісіктің 
оқшалануы, 
оның 
құрылысы, 
ауырудың 
кезеңі, 
гипертензиялық-
гидроцефалды синдромның тереңдігі табылады. Сөйлеудің бұзылуының 
алғашқы белгілері: персеверациялар мен эхолалиялар, ал кейінірек
парафазиялар мен амнестикалық белгілері пайда болады. Кейін афазия бір 
түрінің белгілеріне ие болады. Бірақ қатерлі ісік болғанда мөлшерден 
ауытқыған сенсорлы афазия байқалады. Мысалы, сенсорлы афазияға тән 
логорея орнына сөздің кедейлігі, сөйлеу бастамасының төмендеуі пайда 
болады. Ісікті сылап алып тастағаннан кейін афазияның ауыртпалығы арта 
түседі. Мұнан былай қалыпқа келу мезгілі ісіктің түріне байланысты болады. 
Ми ішкі ісіктер кезінде қалыпқа келуде толқын тәрізді динамикасы 
байқалады. Зарарсыз ісік кезінде афазия белгілері және динамикасы қатерлі 
ісік белгілерімен ұқсас болады, бірақ резедуальді кезеңіңде жағдайының 
жақсаруы тезірек болады.
Соңғы кездері бас ми тамырларының патологиясын анықтауға 
бағытталған көптеген зерттеулер жүргізілді. Мидың зақымын және қан 
айналымын магнитты-резонансты әдістемесі арқылы анықтау, сонымен қатар 
бастың магистральді артерияларын ультрадыбыс доплеграфия көмегімен 


280 
зерттеу (УДДГ) кеңінен тарады. УДДГ әдісі тамырлардың бұралаңдығын, 
олардың ішіндегі склеротикалық түйіндердің, түйіндердің көлемі мен 
орналасу орнын анықтауға мүмкіндік береді. Бас миының компьютерлік 
томографиясы (КТ) ісіктерді алдын ала анықтауға көмектеседі. Ерте 
анықталған патология инсультті болдырмауға мүмкіндік береді. 
 
Бас мидың жарақаттануының салдарынан пайда болған афазия мидың 
ошақтық зақымымен тығыз байланысты болады. Мұндай жағдайда афазияға 
жақсы қайта даму тән болады, өйткені әдетте бас ми жарақаттары мидың қан 
тамырлары сақталған және компенсаторлы мүмкіндіктері зор келетін 
жастарда кездеседі. Балалар афазиясы сирек кездеседі. Балалар афазиясы мен 
ересектер афазиясының ұқсастығы мынандай: екеуінде де қалыптасқан 
сөйлеу тілінің ыдырауы; бұзылыстың пайда болу себептерінің ұқсас болуы 
(жарақаттар, қабыну процестері, мидың ісіктері), балаларда өте сирек 
кездесетін тек мидың қан айналымының бұзылуынан (инсульт) басқа; екі 
жағдайдада ерте дамуы қалыпты өтеді; мектеп жасындағы балаларда 
афазияның клиникалық белгілері ересектермен бірдей болады. Балалар 
афазиясы мен ересектер афазиясының айырмашылығы келесіде: балаларда ең 
күрделі афатикалық синдромдар кері дамытуға тез беріледі; мектеп жасына 
дейінгі балаларда сөйлеу тілі тиісті деңгейге жетпегінен ересектерде 
кездесетін афазияның алуан түрлерінің кездесуі мүмкін емес. Балалар 
афазиясының ересектер афазиясымен ұқсастығы келесі: сөйлеу тілінің 
барлық комтоненттерінің бұзылуы; сөйлеудің функцияналды жүйесінің және 
сонымен байланысты психикалық процестерінің жалпы жетілмеуі; 
логопедиялық жұмыс сипаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет