I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет128/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   224
24344 (1)

Афазияның жіктелімі 
Афазияның әр түрлі жіктелімі бар: классикалық, Вернике-Лихтеймнің 
неврологиялық жіктелімі, Х. Хэдтің лингвистикалық, В. К. Орфинскаяның 
жіктелімі және т.б. Көпшілік мақұлдаған әрі көп таралған А Р. Лурияның 
(1947, 1962) нейропсихологиялық жіктелімі қолданыста жүр. Бұл жіктелім 
бойынша афазияның алты түрі (формасы) ажыратылады:
1. Акустикалық-гностикалық (сенсорлы); 
2. Акустикалық-мнестикалық; 
3. Семантикалық; 
4. Афферентті моторлы; 
5. Эфферентті моторлы; 
6. Динамикалық. 
Афазияны түзету – педагогикалық жұмыс
 
Афазияны жоюдың қағидаларын және тәсілдерін зерттеуде Э. С. Бейн, 
М. К. Бурлакова (Шохор-Троцкая), Т. Г. Визель, А. Р. Лурия, Л. С. Цветкова 
өздерінің үлесін қосты. 
Афазияны 
жоюға 
арналған 
логопедиялық 
жұмыста 
жалпы 
дидактикалық қағидалар қолданылады (көрнекілік, қолжетерлік, саналылық


281 
т.б.). Бірақ, сөйлеу қызметін қалпына келтіру қалыптастыру оқытудан өзгеше 
болуына байланысты, ауызша сөйлеген және жазып отырған адамның 
жоғары ми қабығының қызметі жаңадан сөйлеп келе жатқан балалаға 
қарағанда, өзгеше ұйымдастырылғандықтан, түзету-педагогикалық жұмысты 
жоспарлаған кезде келесі жағдайларды ескерген жөн: 
1. Науқасты тексеру аяқталған соң, логопед инсульт немесе бас 
миының жарақатының салдарынан мидың екінші немесе үшінші 
«функционалды бөлігінің» қай аймағы зақымдалғанын, қай аймақтары 
сақтаулы екенін анықтайды: афазияға шалдыққан адамдардың көбінде оң жақ 
жартышарының қызметі сақтаулы болады; сол жақ жартышарларының самай 
немесе төбе бөліктерінің зақымдалуынан болған афазияда бәрінен бұрын сол 
жақ маңдай бөліктің жоспарлаушы, бағдарлаушы, тексеруші қызметі 
қолданылады. Осы оң жақ жартышардың және сол жақ жартышардың 
үшінші «функционалды бөлігінің» қызметінің сақтаулы болуы науқаста 
бұзылған сөйлеу тілін қайта қалпына келтіруге болатынына сенімін 
тудырады. Афазияның барлық түрлерінде логопедиялық жұмыс жүйелі түрде
2-3 жыл жүргізіледі. Бірақ, науқасқа сөйлеу тілі қызметінің осындай ұзақ 
мерзімде қалыпына келетіндігі айтылмайды.
2. Түзету-педагогикалық жұмыстың әдіс-тәсілдері сөйлеу қызметінің 
қайта қалпына келтіру кезеңіне тәуелді болады. Инсультан кейінгі алғашқы 
күндері науқас сөйлеу тілін қайта қалаптастыруына белсенді қатыспайды. 
Сөйлеу тілінің функцияларын қалпына келтірудің кейінгі кезеңдерінде 
науқасқа сабақтың жоспары, құрылымы түсіндіріліп, тапсырманы орындауда 
пайдаланатын құралдар беріледі.
3. Афазияның кез келген түрінде сөйлеу тілінің барлық компоненттерін 
экспрессивті сөйлеу тілі, түсінуі, жазу мен оқуы сияқты түзету жұмысы 
жүргізіледі.
4. Афазияның барлық түрінде сөйлеу тілінің қатынас қызметі қайта 
қалыптастырылады, өзін-өзі бақылау дамытылады. 
5.
Афазияның барлық түрлерінде сөз түсінігін қалыптастыру үшін әр 
түрлі сөз тіркестеріне қосып жаттықтыру жұмысы жүргізіледі.
6. Түзету жұмысының барысында әр түрлі сыртқы сүйеніштерді жан-
жақты қолданады. Мұндай сүйеніштерге динамикалық афазияда өздігінен 
толық сөйлеуін қалыптастыруына мүмкіндік беретін сөйлеуінің үлгісі және 
текше әдісі жатады. Афазияның басқа түрлерінде импрессивті аграмматизмді 
жою 
үшін 
пайдаланатын 
фонемалардың 
артикуляциялық 
қалпын 
ұйымдастыруда дыбыстау әдісін таңдау үлгісі (схемасы) жатады. 
Бұзылған сөйлеу функцияларын қалыптастыру динамикасы зақымның 
ошағының орнына және көлеміне, афазия түріне, қайта қалыптастыру 
жұмысының басталу мерзіміне байланысты болады. Миға қан құйылу 
салдарынан пайда болған афазияда ми тамырларының тромбоэмболиясы 
немесе мидың аумақты жарақаттарына қарағанда, сөйлеуі жеңілірек 
қалыптастырылады. 5-6 жасар балаларда афазиялық бұзылыстар мектеп 
жасындағы балаларда немесе ересектерде тезірек түзетіледі. 


282 
Афазия кезінде жеке және топтық логопедиялық сабақтар жүргізіледі. 
Жұмыстың жеке түрі негізгі болып саналады, өйткені науқаспен тығыз 
қатынас орнатуға, психотерапиялық ықпал етуге, барынша сөйлеу тілі 
ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Инсульттан кейін ерте кезеңде әр 
сабақ орташа 10-15 минуттан, күніне 2 рет, кейін – 30-40 минуттан, аптасына 
3 реттен кем емес өткізіледі. Топтық сабақтар (3-5 адамнан) сөйлеу 
бұзылыстары және қалыптасу сатысы бір түрлі науқастармен 45-50 минут 
жүргізіледі. Логопед науқастың туыстарына, оның тұлға ерекшеліктерін 
түсіндіріп, нақты мысалдар арқылы науқастың отбасы өміріне міндетті түрде
шамасына лайық араласу керек екенін жеткізеді. Сөйлеу тілін қалпына 
келтіру бойынша нұсқаулар беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет