I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет152/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   224
24344 (1)

Дислексия 
 
Қазіргі кездегі оқудың бұзылысын атауға келесі терминдер қолданылады: 
«алексия» - оқудың мүлдем болмауы және «дислексия», «дамудың 
дислексиясы», «эволюциялық дислексия» - оқуды меңгеру үрдісінің 
жартылай бұзылысы белгіленеді. 
Балалар арасындағы оқу бұзылысының таралуы өте жиі кездеседі. 
Европалық елдерде түрлі авторлардың айтуы бойынша, балалардың 10% -да 
дислексия кездеседі. Р. Беккердің мәліметтері бойынша, интеллектісі 


325 
қалыпты төменгі сыныптағы жалпы мектеп оқушыларының 3% -да оқудың 
бұзылысы байқалады, сөйлеу тілінің ауыр бұзылысы бар балаларға арналған 
мектептерде дислексия кездесетін балалар саны 22% құрайды. Р. И. 
Лалаеваның мәліметтері бойынша, көмекші мектептің 1-сыныбында оқудың 
бұзылысы 62% оқушыларда белгіленеді. А. Н. Корневтің мәліметтері 
бойынша дислексия 7-8 жастағы балалардың 4,8% бақыланады. Күрделі 
сөйлеу тіл бұзылыстары бар және психикалық дамуы тежелген балаларға 
арналған мектептерде дислексия 20-25% балаларда кездеседі. Ұл балаларда 
дислексия қыздарға қарағанда 4,5 рет жиі кездеседі. 
Дислексия – тұрақты сипаттағы қайталанатын қателермен белгіленетін 
және 
жоғарғы 
психикалық 
функциялардың 
қалыптаспағандығымен 
(бұзылысымен) шартталған, оқу үрдісінің жартылай спецификалық 
бұзылысы. 
Қазіргі кездегі оқу бұзылысы мәселесін талдау бірінші кезекте қалыптағы 
оқу үрдісінің күрделі психофизиологиялық құрылымын және осы дағдыны 
балалардың меңгеру ерекшеліктерін түсінуге негізделеді.
Оқу күрделі психофизиологиялық үрдіс, оған түрлі анализаторлар 
қатысады: көру, сөйлеу, қимыл-қозғалыс, сөйлеу-есту. Оның негізінде 
«анализаторлар әсерінің күрделі механизмдері және басқа екі сигналды 
жүйелердің уақытша байланысы» жатыр. Оқу өзінің психофизикалық 
механизмдері бойынша ауызша сөйлеу тіліне қарағанда, күрделі үрдіс болып 
табылады, онымен бірге ол жазбаша және ауызша сөйлеу тілінен бөлек 
қаралмайды. 
Оқу үрдісі көріп қабылдаудан, әріпті ажырату және танудан басталады. 
Одан кейін әріпті сәйкес дыбыстармен сәйкестендіру жүреді және сөздің 
дыбыс айту бейнесінің айтылуы, оның оқылуы іске асырылады. Ақыры 
сөздің дыбыстық түрін оның мағынасымен сәйкестендіру салдарынан 
оқығанды түсіну іске асырылады. Сонымен, бұл үрдісте шартты түрде екі 
жақты бөлуге болады: техникалық (жазылған сөздің көру бейнесін оның 
айтылуымен сәйкестендіру) және мағыналық - оқудың негізгі мақсаты болып 
табылады. Олардың арасында тығыз байланыс бар. Оқығанды түсіну 
қабылдау сипатымен анықталады. Басқа жағынан, көру қабылдауы алдында 
оқылған мағыналы мазмұнның әсер етуін сезінеді. 
Оқу кезінде үлкен адам оқығанның мағынасын ғана саналандырады, ал 
оған қатысатын психофизиологиялық операциялар саналысыз, машықтанған 
түрде іске асырылады. Бірақ бұл машықтандырылған оқуды меңгеру 
операциялары жан-жақты және күрделі болып табылады. 
Кез келген дағды сияқты оқу өзінің қалыптасу үрдісінде сапалы өзінше 
түрліше қадамдар, кезеңдер қатарынан өтеді. Олардың әр қайсысы 
алдынғысымен және келесісімен байланысты, ақырындап бір сападан 
келесіге көшеді. Оқу дағдысының қалыптасуы ұзақ және мақсатты 
бағытталған үрдісінде іске асырылады. 
Т. Г. Егоров оқу дағдысының қалыптасуының келесі деңгейлерін бөледі: 
1. дыбыстық-әріптік белгілеуін менгеру; 2. буындап оқу; 3. оқудың 
синтетикалық әдісінің қалыптасуы; 4. синтетикалық оқу. Олардың әр 


326 
қайсысы түрлілігімен, сапалы ерекшелігімен, белгілі бір психологиялық 
құрылымымен, өз қиындығы және міндеттерімен, сонымен бірге меңгеру 
тәсілдерімен сипатталады. 
Оқу дағдысын сәттілі меңгерудің негізгі шартына: ауызша сөйлеу тілінің 
фонетикалық-фонематикалық жағының қалыптасуы (дыбыс айту, фонемнің 
естіп ажыратылуы, фонематикалық талдау мен жинақтау), лексикалық-
грамматикалық 
талдау 
мен 
жинақтау, 
лексикалық-грамматикалық 
құрылымы, кеңістіктік түсініктерінің, көру талдауының, жинақтау және 
жалпылауының жеткілікті дамуы жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет