I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет153/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   224
24344 (1)

Дислексияның этиологиясы 
Дислексияның пайда болуы туралы мәселе қазіргі кезде пікірталастық 
болып есептелінеді.
Кейбір авторлар (М. Лами, К. Лонай, М. Суле, Б. Хальгерн) оқудың 
бұзылысының тұқым қуалаушылыққа бейімділігін белгілейді. Авторларға 
егіздердегі дислексияны зерттеу дислексияның пайда болуына жәрдемдесетін 
тұқым қуалаушылық сипаттағы кейбір факторлар туралы қорытынды 
жасауға мүмкіндік береді (латерализацияның бұзылысы, сөйлеу тіл 
дамуының тежелуі). 
Рейнхольдтің көзқарасы бойынша дислексияның ерекше, туа пайда болған 
түрі кездеседі, ондай жағдайда балаларға ата-аналарынан бас миының, оның 
жеке аймақтарының пісіп жетілмеуі тұқым қуалаушылық арқылы беріледі. 
Бұл жетілмеушілік белгілі бір функциялардың дамуының спецификалық 
тежелуінде белгіленеді. 
Дислексияның этиологиясын зерттеген авторлардың көбі пренатальды, 
натальды және постнатальды кезеңде әсер ететін патологиялық 
факторлардың болуын белгілейді. Дислексияның этиологиясы биологиялық 
және әлеуметтік факторлар әсерімен байланысады. Оқудың бұзылысы 
органикалық және функционалды сипаттағы себептерден тууы мүмкін. 
Көбіне дислексия оқу үрдісіне қатысатын (мысалы, афазия, дизартрия, алалия 
кезінде) бас ми аймақтарының органикалық зақымдалуымен шартталған. 
Функционалды себептер оқу үрдісіне қатысатын психикалық функциялардың 
қалыптасуын тежейтін ішкі (мысалы, ұзақ соматикалық ауырғандық) және 
сыртқы (қоршаған ортаның сөйлеу тілінің дұрыс болмауы, екі тілдік
үлкендердің баланың сөйлеу тілінің дамуынына зейін салмауы, сөйлеу тіл 
қарым-қатынасының жетіспеушілігі) факторлармен байланысы болуы 
мүмкін. 
Сонымен, дислексия этиологиясында генетикалық және экзогенді 
факторлар (екі қабат кезіндегі, босану патологиясы, балалар инфекциялары 
асфексия, бастың зақымдалуы) маңызды. 
Оқудың бұзылысында ең аз ми дисфункциясы бар, психикалық дамуы 
тежелген, ауызша сөйлеу тілінің ауыр бұзылысы, церебральды параличтері 
бар, есту бұзылысы, интеллектісі бұзылған балаларда жиі байқалады. 
Сонымен, дислексия күрделі сөйлеу тіл құрылымы мен жүйке психикалық 
бұзылыстары құрылымында байқалады. 


327 
Дислексия түрлі патогенездегі психикалық дамуы тежелген балаларда 
байқалады (В. А. Ковшиков, Ю. Г. Мемьянов, А. Н. Корнев). Авторлар 
оларда бұзылыстардың жиынтығын белгілейді: сөйлеу тілі, оған қоса оқудың 
бұзылысы, қабылдау мен дыбыс айту қиыншылықтары, фонематикалық 
талдаудың 
қалыптасуындағы 
қиыншылықтар, 
дыбысты 
әріппен 
сәйкестендіру қиыншылықтары. 
Балалар құрылымы бойынша күрделі буындар және сөздерді қатемен 
оқиды, жазылуы бойынша ұқсас әріптерді шатастырады. Оқудың түрліше 
бұзылыстары, авторлардың пікірлері бойынша, ауызша сөйлеу тілінің 
бұзылыстарымен ғана емес, психикалық функциялардың жетіспеушілігі 
қатарымен (зейін, есте сақтау, көру гнозисі, сукцессивті және симультаттық ) 
шартталған.
Оқу бұзылысы механизмдерінің психологиялық аспектісі 
Дислексия 
қалыпта 
оқу 
үрдісін 
іске 
асыратын, 
психикалық 
функциялардың қалыптаспауынан пайда болады (көріп талдау мен 
жинақтауы, 
кеңістіктік 
түсініктері, 
фонематикалық 
қабылдау, 
фонематикалық талдау мен жинақтау, сөйлеу тілінің лексикалық-
грамматикалық жетілмеуі). 
Дислексия және кеңістіктік түсініктерінің бұзылысы 
Оқуы бұзылған балада барлық кеңістіктік түсініктерінің қиындықтары, оң 
және сол, жоғары және төменді анықтаудағы қиындықтар, түрді, көлемді 
анықтаудағы нақты еместік байқалады. Оптико-кеңістіктіктің қалыптаспауы 
сурет салуда, бөліктерден тұтасты құрастыруда, берілген форманы жасай 
алмауымен белгіленеді. 
Дененің оң мен солын ажыратуда тежелу, кеш латерализация және оның 
бұзылысы (солақайлық т.б.) байқалады. 
Солақайлық пен дислексияның арасын сәйкестендіру түзу емес, күрделі, 
кезектілі. Көп жағдайда әсіресе солақайларды оңмен жазуды үйретуде, 
балаларда кеңістіктік түсініктерінің қалыптаспауының қиындықтары, оң 
және сол жақтарын шатастыру байқалады. Қалыпта оң және солды ажырату 
алты жаста қалыптасады. Кеңістіктік түсініктерінің жеткілікті қалыптасуы 
баламен әріпті ажырату мен менгерудегі алғы шарт болып табылады. 
Солақайларда оқудың бұзылуысыз, латеральды дискоординацияның орнын 
басатын эволюция үдерісінде механизмдер пайда болады, дислексиясы бар 
солақайларда бұл орын басу жүйелері баяу, кеш ұйымдастырылады.
Сонымен, солақайлықтың өзі емес, үйретілген солақайларда кеңістіктік 
түсініктерінің 
қалыптаспағандығы 
салдарынан, 
оқудың 
бұзылысы 
байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет