I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет171/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   224
24344 (1)

машинамен кетті, кетіпті және т.б. Сонымен бірге қимыл-іс әрекеттерді 
білдіретін сөздерді заттың атымен орнын алмастыра беретін жағдайларда 
байқалады. Мысалы: «адас» - қарындаш, жазу, сурет салу; «тәй» - шай, 
тамақ ішу. 
Сөйлеу тілі дамымаған баланың кейде бір сөзді сөйлемде де 
пайдаланатын ерекшелігі болады. Бір сөзді сөйлемдегі сөздің түбірі бұзылып 
тұлғасыз айтылатын жағдай, сөйлеу тілі дұрыс дамыған балада да байқалуы 
мүмкін. Бірақ ол тек 5-6 айға ғана созылады, оның үстіне ондай сөздер онша 
көп болмайды. Сөйлеу тілі қатты тежеліп өте баяу дамығанда бұл мерзім ұзақ 
уақытқа созылады. Сөйлеу тілі дұрыс дамыған бала сөздерді байланыстырып 
сөйлем құрап айтуды ерте пайдалана бастайды. Сөздердің ішінде тұлғасыз 
сөздер де араласып айтылып кетуі мүмкін, бірақ оларды біртіндеп түзетіп 
дұрыс айтуға дағдыланып кетеді. 
Сөйлеу тілі жалпы дамымаған баланың да сөйлемінің көлемі 2-4 сөзге 
дейін кеңейетіндігі байқалады, бірақ мұнда құрылысы бұзылған сөз 
тіркестері бұрынғы қалпында өзгеріссіз сақталып қалады. Тап осы жағдай 
сөйлеу тілі дұрыс дамыған балада еш уақытта байқалмайды. 
Сөйлеу мүмкіндігі төмен баланың өмірден алған тәжірибесі өз және 
айналасындағы өмір тіршілігі туралы мағлұматы жеткіліксіз болып келеді 
(әсіресе табиғатқа байланысты құбылысты). Дыбыстардың қолданылуы 
тұрақсыз, құбылмалы келеді. Сөйлегенде көбінесе 1-2 буыннан тұратын 
сөздерді ғана қолданады. Буындары көбірек қиын сөздерді айтқан кезде оның 
2-3 буынына дейін қысқартылып, түсіп қалады. Мысалы: жұмыртқа - ұтқа, 
домбыра - дома. Фонематикалық түйсігі бұзылғандықтан аттары бір-біріне 
ұқсас, мағынасы әр түрлі сөздерді сұрыптай алмай қиналады. Мысалы: балта-
балға, жаға-жаңа. Бұл деңгейдегі балалар дыбыстық талдау жолын 
түсінбейді. Сөйтіп жалпы сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейін былай 
сипаттауға болады: 
1. Сөздік қоры жоқтың қасы. Ол былдырлап түсініксіз айтылған 
сөздерден, басқа дауысқа еліктеген дыбыстарда (р-р-р, ш-ш-ш,) 
күнделікті қолданылатын кейбір оңай сөздерден тұрады (ту-су). 
2. Баланың енжар сөз қоры пайдаланатын сөз қорынан едәуір молырақ 
болады, бірақта сөз түсінігі тым таяз. Сөздерді бірнеше рет 
қайталанған таныс жағдайда ғана түсінеді. Мысалы: «Қолыңды 
қалтаңнан ал» деген бұйрықты бала дұрыс орындауы мүмкін. 
«Қалтаңды көрсет» дегенде ол көрсете алмайды. Өйткені ол «қалта» 


361 
деген сөздің мағынасын түсінбейді. Байланыстырып сөйлеу қабілеті 
мүлдем дамымаған. 
3. 
Сөздің, дыбыстың, буынның құрамын сақтап қайталау қабілеті 
дамымаған. Бұл деңгейді қысқаша қолданбалы сөйлеу тілінің болмауы деп 
сипаттауға болады. Жалпы сөйлеу тілі дамуының екінші деңгейіне ауысудың 
белгісі сол, онда ымдау мен былдыр сөздерден басқа бұрмаланған болса да 
айтарлықтай тиянақты жалпы қолданылатын сөздер пайда болады. Мысалы: 
Қыт. Бадя тана теп дүй. (Қыс. Балалар шана теуіп жүр). 
Кейбір грамматикалық тұлғаларды ажыратуы бір мезгілде 
байқалады. Бірақ бұл тек кейбір грамматикалық категорияларға қатысты 
болады. Бұл процесс әлі де болса едәуір тұрақсыз екендігін сипаттайды және 
бұндай баланың сөйлеу тілінің дамуының қатты тежелгендігі анық 
байқалады. Сөзді көп білмейтіндіктен баланың тілі кедей, ол өзі білетін 
заттардың аттарын атаумен және қимыл-іс әрекеттерін айтып берумен ғана 
шектеледі. 
Бірінші деңгейдегі балаларға қарағанда, суретке қарап және сұрақ 
бойынша әңгімелеуі қарапайым, әрі қысқа болғанмен грамматикалық 
құрылымы мен сөз тізбегі біршама дұрыс. Сөйлеу тілінің грамматикалық 
құрылымының жетілуі қанағаттанарлық емес екендігі сөйлеу материалы 
күрделенген кезде немесе баланың өзі бұрын сирек естіп, аз қоланған сөздер 
мен сөз тіркестерін айту қажет болып қалған жағдайда оңай білінеді. Мұндай 
балалар септік жалғаулар мен көптік түрін білдіретін жалғаулардың 
мағынасын жете түсінбейді. Жұрнақ, жалғауларды пайдаланып сөз өзгерту 
кездейсоқ жағдай, сондықтан да, оны пайдаланғанда әр түрлі қателерді көп 
жібереді. Мысалы: көрпе - корпелар, пышақ - пышақдар, бала - баладар, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет