I теоретические основы логопедии


Л және Л дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері



Pdf көрінісі
бет45/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   224
24344 (1)

Л және Л дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері 
Л және Л' дыбыстарын айту кемшіліктері ламбдацизм деп аталады. 
Олардың басқа дыбыстармен алмасу кемшіліктері параламбдацизм деп 
аталады. Л дыбыстың жасалу механизмі мынадай /28-сурет/. 
28-сурет. Л фонемасының 
артикуляциялық көрінісі
Ерін қалпы іргелес, көбіне кейінгі дыбыстарға 
байланысты, мысалы: ла, ло, лу, буындарын 
салыстырғанда байқалады. Төменгі, жоғарғы күрек 
тістер жақын орналасады. Тілдің ұшы жоғарғы тіске 
немесе қызыл иекке тіреледі. Тіл буйірлері азуға 
тимейді, содан дем шығатын қуыс қалады. Ол 
көбінесе бір жақты, әсіресе сол жақта болады. Тіл 
түбі көтеріледі, сондықтан тіл ер пішінді болады. 
Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді. Дауыс перделері 
жабылып, тербеледі. Жұмсақ Л' артикуляциясының қатаң түрден айырмасы-
көтерілетін тіл түбірі емес, оның алдыңғы-орта тұсы, қызыл иекке тиетін тіл 
ұшы ғана емес, алдыңғы үстінің біраз бөлігі альвеолға тиеді. Кейде Л 
дыбысы тіпті тіл ұшы төмен түскен, тілдің алдыңғы альвеолға тиген 
жағдайда айтылады. 
Л және Л' дыбыстарын қатар камтитын ламбдацизм өте сирек 
кездеседі, әдетте оған қатты Л ұшырайды, бұл қатты Л артикуляциялық 
күрделігіне байланысты. 
Л дыбысын айтудың түрлі кемшілігі кездеседі, оның көпшілігі 
ротацизмге /параротацизмге/ сәйкес келеді. Оған жататындар сөз құрамында 
осы дыбыстың ұзартылған іргелес дауысты түрінде кездеседі/ «лақ», «қала» 
орнына «аақ», «қаааа»/. Ы түріндегі қысқа дауысты болып айтылуы /ыақ, 
қаыа/, фрикативті Г болып айтылуы /уақ, қуа/, жіңішке Л немесе жартылай 
дыбысымен алмасуы /ляқ, қаля/, Н дыбысымен алмасуы /нақ, қана/ кездеседі. 
Ламбдацизмнің ең көп тараған түрі Л дыбысының қос еріндік 
сонантасы түрінде айту. Бұл дыбыс В немесе У дыбысын еске салады, жақын 
орналасқан еріндерге шығатын демнің үйкелуінен туатын дауысты жеңіл шу 
арқылы пайда болады. Дауысты У дыбысындағы сияқты тіл ауыз артына 
қарай тартылады. Ламбдацизмге алғы шарт болатын сөйлеу, аппаратының 
кұрылысындағы анатомиялық аномалия ретінде тіл астының желбезегінің 
қысқа жалғасын атауға болады. 
Ламбдацизм түрлерін түзетудің тәсілдерінде белгілі ерекшеліктері 
болғанмен, алайда бірыңғай болып келеді. 
Кемшіліктер еліктеу арқылы түзетуге дыбысты логопедтің анық 
айтуын тыңдап қабылдау /а, л, а/ тіл қалпын көріп қабылдау /ауызды ашып/, 
жиі жылы демді қолмен сезіну енеді. 


101 
Алайда ламбдацизмді еліктеу арқылы түзету сирек нәтиже береді. 
Оның үстіне-ламбдацизмді басқа әдістермен түзету кезінде логопедтің 
үйреншікті қате артикуляция қайталанбауы үшін одан бас тартуына тура 
келеді. 
Лабдацизмді түзетудің арнаулы әдістері мынадай: балаға айна алдында 
тілді шығарып, оны тіс арасына қысу, сосын А немесе Ы дыбыстарын созып 
айту ұсынылады. Логопед нұсқаулар береді, айна алдында артикуляцияны 
дауыстамай көрсетеді. Сөйлеу аппаратының осы қалпында созыла Л пайда 
болады, бірақ баланы жаңылдырмау үшін оған назарын аудартпайды. 
Осы жаттығуды әуелі сыбырлап айтып, ауыздың бүйір қуысынан 
шыққан ауаны бақылай отырып екпінді дем алу да пайдалы. Егер тіл 
бүйірлері арқылы дем шығаруда қиындық кездессе, сонымен қатар Л 
дыбысын қатаң айту үшін қажет болатын, ауыз формасын сақтау керек болса, 
мынадай жаттығу жасау керек: бала тілді тіс арасына кеңінен сұғып, демімен 
ұртын толтырады. Содан соң дыбыс шығарса шу аралас Л дыбысы пайда 
болады, қосымша шу буын мен сөздер айтқанда біртіндей азаяды. 
Артикуляцияны бекітуге арналған алғашқы жаттығуларда әуелі жабық 
буында, кейін ашық буында А дауыстысы қосып айтылады /ол-а/ ең соңында 
ашық /ла/ қолданылады. Одан әрі ы, о, у дауыстылар пайдаланылады /ала, 
алы, алу/. 
Бүйірлік қуыстар жасау өте қиын болғанда, әсіресе Л дыбысы Н 
дыбысымен алмасатын парасигматизмде № 4 зонд қолданылады. Ол тілге 
көлденең қойылып, бүйірлерін қысады да тіл ұшы жоғарғы тістерге тіреледі. 
Сонда дем ауасы тіл бүйірлері мен жоғарғы тіс арасындағы қуысқа 
ұмтылады. Зондтың орнына дөңгелек пластмасса таяқшаны пайдалануға 
болады оны ауызға бүйірден енгізеді, тілдің бүйір шетін бір жағынан /оңқай-
оңнан, солақай-солдан/ төмен қысып, бүйірлік ауаға жол ашады. Содан кейін 
дауыстағанда бүйірлік сонант шығуға тиіс. 
Егер тілдің икемсіздігінен аталған тіл қалпын орнықтыру мүмкін 
болмаса артикуляциялық жаттығулар жасау керек. Ол тілдің «қазықша» 
қалпын жасауға, оны жоғары күрек тіске тіреуге, бүйірден ауа жолын ашуға 
бағыттауы керек. Жаттығу мыналарды, қамтиды, тілді кезекпен жалпайту 
немесе жіңішкерту, «күректей», «қазықтай» ұшымен төменгі, жоғарғы 
еріндерге тигізу, айналдыра жалау, тіс пен ерін арасын жалау, тілді тіс пен 
ерін арасында, жоғары-төмен жүгірту, тілді оң, сол ұрттарға кезек тигізіп 
ұстау. 
Егер еріндердің тарылуымен байланысты ламбдацизмде еріннің 
артикуляциясын түзеу қиын болса, тісті қасқита отырып ерінді ашып жабу 
пайдалы. 
Ламбдацизм Л дыбысымен қатар Л' дыбысына да қатысы болса, 
біріншісін түзету екіншісіне негіз болады. Ол алдыңғы қатар дауыстылары 
бар /ли, ле/ ашық буындарды айту арқылы, сосын Л және Л' дыбысты басқа 
буындарды салыстыру /ла-ля, ло-ле/ арқылы жүзеге асады. 


102 
Ламбдацизмді туғызатын тіл асты желбезегінің күрт қысқаруы 
салдарынан тіл ұшының созылмауы, жоғары көтерілмеуі. Бұндай жағдайда 
хирургиялық операция туралы шешім қабылданады. 
Л дыбысының артикуляциясы түзетіліп, буында, сөзде бекітілген соң, 
параламбдацизм болған жағдайда алмасатын дыбысты ажыратуға арналған 
жаттығулар жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет