I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет46/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   224
24344 (1)

 
 
К, К', Г, Г', X, X' /И/ - дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету 
тәсілдері 
К және К' дыбыстарының кемшіліктері-каппацизм Г және Г' 
дыбыстарының кемшілігі - гаммацизм, X және X' дыбыстарының кемшілігі-
хитизм деп аталады. Осы дыбыстардың басқа дыбыспен алмасуы 
паракаппацизм (парагаммацизм, парахитизм) деп аталады. 
/Й/ дыбысының кемшілігі - йотацизм деп аталады. 
К дыбысының жасалауы мынадай, /29-сурет/. Ерін қалпы іргелес дыбысқа 
байланысты /ка, ко, ке/. Жоғарғы, төменгі күрек тістер арасында саңылау 
сақталады. Тіл ұшы төмен, үсті таңдайға тиеді. Ол фонетикалық жағдайға 
қарай өзгеріп тұрады. Дыбысты айту кезінде тілмен таңдай байланысы 
ажырап, арттағы ауа қысымына жол ашады. Жұмсақ таңдай көтеріліп
тұрып жолын жабады. Дауыс перделері ажыраған күйде. 
Одан Г дыбысының айырмасы ажырау алдында дауыс перделері әуелі 
түйісіп, қатты тербелумен ерекшеленеді. 
29-сурет. К 
фонесмасыньщ 
артикуляциялык көрінісі 
(профилі) 
X дыбысын айтудың К дыбысынан айырмасы тіл 
үсті таңдайға түгел тимейді, орта қуыс қалдырады, 
сол арқылы өткен дем ауасы X дыбысына тән шу 
шығарады. Жұмсақ К', Г', X' дыбстары қатаң 
жұптардан тіл мен таңдай жасайтын қуыстың ілгері, 
орта таңдайға ығысуымен ерекшеленеді /Й/ дыбысы 
үндеген X' дыбысы сияқты артикуляцияланады. 
Каппацизмнің негізінен үш түрі кездеседі. Оның 
бірінде К бәсең айтылатын тамақ шертпесі сияқты
естіледі. 
Бұл дыбыс перделері тығыз жабыңқы, тыныс алу бұлшық еттерінің 
қатысуынан ауа кысымының артуы, содан соң байланыстың қопарылып,
ауа шумен дауыс пердесі арқылы шығумен жасалады. 
Басқа жағдайларда К мен Т алмасатын паракаппацизм кездеседі. Кітап-
тітап, үшінші жағдайда қопармалы К фрикативті X дыбысымен алмасады, 
бүл да паракаппацизмге тән. 
Каппацизм туғызатын аномалия - қатты таңдай биік жіңішке болып 
келеді де, тіл мен таңдай толық қабыспайды. Егер оны айна алдында 
артикуляциясын көрсетіп, еліктеу, қолымен бейнелеу арқылы түзету мүмкін 
болмаса, шпатель көмегімен механикалық әсер керек /30-сурет/. 


103 
а/ б/ в/ 
30-сурет 
К фонемасын шпательдің көмегімен қою. 
Балаға та-та-та буындарын айтқызады. Қайталаудан бұрын 
шпательмен тілдің алдыңғы үстін төменгі тіске қысады. Сонда та орнына тя 
деп айтылады. Одан соң жаттығу тілді тереңірек басу арқылы кайталанып та 
орнына кя алынады. Соңында тілді одан да терең басып ка буынын алады. 
Жаттығу кезінде үйреншікті қате артикуляция тұрмауы үшін баланың 
есіне К дыбысын салмайды, дауыстап айтпайды. 
Кейбір жағдайда дыбысты түзету бір сабақта өтуі мүмкін, кейде тя 
немесе кя кезеңіне бірнеше сабақ арнайды. К дыбысын тілді бірден терең 
басу арқылы алуға ұмтылу, баланың тіл мен таңдай байланысын жасауына 
мүмкіндік бермей, жұмыстың нәтижесін тежеуі мүмкін. 
Айтылған жаттығуларды жасағанда тіл үстін ортаңғы және сұқ 
саусақтармен өзіне бастыру пайдалы. 
Жаңа артикуляция пайда болған соң, балаға К дыбысы алынғанын 
айтып, оны буындарда бекітеді /тілді басуды тоқтатпай/. Кейін тілді баспай 
айту да үйретіледі. Онда логопед баланың тілді басатын қолын ұстап отырып, 
екі буынды айтқызады да, үшіншіде қолды тартып алады, сөйтіп дыбыс 
инерциясымен айтылады. Мүмкін болған сәтте-ақ механикалық әдіс 
тоқтатылады. К дыбысына сүйене отырып К дыбысын дұрыс айтқызу үшін 
тіл мен таңдайдың түйісуін ілгері ығыстыру қажет. 
Осы талаптар орындалғанда, дұрыс орныққан К дыбысының орнына 
коп күш жұмсалмай, жұмсақ К' дыбысын алуға болады. 
К дыбысы Т немесе X дыбысымен алмасатын паракаппацизмде буын 
сөз жаттығулары дұрыс дыбысты бекітуге, алмасқан дыбысты ажыратуға 
бағытталуы керек. 
дыбысының айтылуының бұзылуы хитизм немесе басқа дыбыспен К 
алмасуы парахитизм деп аталады. Біріншісінде, дем ауасы өз жолында тіл 
мен таңдай жақындасқанда пайда болатын саңылауды кездестірмей дауыс 
перделерінің жақындасуынан туатын әлсіз тамақ шуы естіледі. Яғни халва
хат, орнына «һалва», «һат» естіледі. X дыбысының бұлай айтылуы көптеген 
тілдерге соның ішінде орыс тіліне де тән. 
Екінші жағдайда тіл артикуляцияға белсене қатысады, бірақ қуыс 
орнына тіл мен таңдай жабысады. Онын екеуінде де X дыбысын К 
дыбысынан алуға ұмтылу керек, сонда тілдік-таңдай түбірлік КХ дыбыс 
шығады. Одан соң фрикативтік бөлігін ажырату және жаттығу арқылы 
артикуляцияны бекіту жүзеге асады. 


104 
Егер бұл нәтиже бермесе, нәтиже кепілдік беретін күрделі тәсіл 
қолданады. Онда Т дыбысынан К дыбысын ажыратқандай механикалық әдіс 
пайдаланылады. Балаға дауыстыны соза с-а буынын айтқызады. Осы буынды 
қайталағанда тіл үстін шпательмен тіске қысады. Сонда са орнына ся, ща 
буыны пайда болады. Одан соң шпательді ауызға сұғындыра отырып хя 
буынына айналдырады, одан да сұғындырып ха буынын алады. Бұған К 
дыбысын алғандағы сияқты түрлі балаға түрліше уақыт жұмсайды. Тілді 
қажет қалпында бала өз қолымен ұстауына болады. Парахитизм жағдайында 
/х мен к алмасқанда/ жаттығулар дыбысты бекітумен қатар, қате дыбысты 
ажыратуға бағытталады. 
Г дыбысын айтудың кемшіліктері жоғарыда айтылған каппацизм мен 
хитизм түрлеріне ұқсас. Бірінде-тамақ шырт ертпесі екіншіде-у дыбысы 
үшіншіде-дауыс перделерінің жақындауы мен тербелуінен туатын тамақтың 
үнді фрикативтік дыбыс /украйнша Г/ естіледі. 
Мектепке дейінгі балаларда Г мен Д алмасуы /гүл-дүл/ кездеседі. Егер 
К дыбысы дұрыс айтылған болса гаммацизмді түзетудің басы - Г дыбысының 
үнсіз жұбынан айырмасын түсіндіру, онда баланың қолын мойнына 
/тамақтан жоғары/ қойылуын, дауыс пердесінің тербелісімен тамақтың 
қабырғасының қозғалысын сездіреді/. 
Балаға афа-ава, аса-ата, аса-ака буындарын айтқызып, одан ака-аға 
буын жұбын алуға тырысу керек. Бала буындарды логопедке ілесе айтып, 
буын жұптарының үнділігін тамаққа қойған қолымен сезінуге тиіс. 
Егер ол нәтиже бермесе Т дыбысынан К дыбысындағыдай 
механикалық әдіс қолданылады. Онда дя буынына, сосын гя буыны, 
ақырында га буынына ауысады. 
Г дыбысы Д дыбысымен алмасатын парагаммацизм жағдайында 
жаттығулар дыбысты бекітуге және кемшілікті дыбысты ажыратуға 
бағытталады. 
/Й/ дыбысының айтылу кемшілігі мектепке дейінгі балаларда кездеседі, 
көбінесе Л дыбысымен ауысатын түрде болады. 
/Й/ дыбысына тән артикуляция орнына Л дыбысының төменгі жоғарғы 
артикуляциялары пайдаланылады. 
Қарапайым жағдайда кемшілікті түзету үшін /Й/ орнына дауысты и 
қолданылады. Балаға и дыбысын созып иа, аиа, аи дауысты тіркестіре 
айтқызады. Біртіндеп и дауыстының ұзақтығы қысқарып, буынды дыбыстан 
буынсыз дыбысқа айналады. 
Егер нәтиже болмаса С дыбысынан X дыбысын алғандай етіп 3 
дыбысынан /Й/ дыбысын алатын механикалық әдіс қолданылады. Балаға за 
буынын /дауыстап созып/ айтқызады және шпательмен тілдің ең ұшын 
басады, сонда 3' А мен Ж' А буындары арасындағы дыбыс алынады. Сосын 
 дыбысы алынғанға дейін шпательді тереңдете береді. 
Осындай әдіспен аза буынынан аjа тіркесі алынады. Одан соң jo, зе, 
зу тіркестерінен jо, /ё/, я /jе/, /jу/ю/ тіркесі алынады. 


105 
Бала артикуляцияны механикалық көмексіз игерген кезде әуелі яма, 
елка, юбка сияқты қарапайым сөздер, сосын күрделі сөздер айтылып 
үйретіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет