10
Онтогенетикалық принципі. Логопедиялық түзету
жұмысы баланың
сөйлеу тілінің түрлері мен функцияларының шығу реттілігін және баланың
онтогенездегі іс-әрекетінің түрлерін ескеруді талап етеді.
Динамикалық принципі. Баланың даму барысында ауытқушылықтың
байқалуы.
Сөйлеу тілі бұзылуын зерттеу және түзетуде келесі дидактикалық
принциптер маңызды орын алады: көрнекілік,
қолжетімділік, саналылық,
даралап тіл табу және т.б.
Логопедия әдістерін бірнеше топқа бөлуге болады:
1 топ – ұйымдастыру әдістер: салыстыру, лонгитюдиналды (даму барысында
зерттеу), кешенді.
2 топ –эмпирикалық әдістер: обсервациялық (бақылау), экспериментальді
(зертханалық, табиғи, қалыптастырушы, психологиялық –педагогикалық),
психологиялық
–диагностикалық
(тестер,
анкеталар,
сұқбаттасу),
биографиялық (анамнез бойынша мәліметтер жинау және оларға анализ
жасау).
3 топ – жинаған мәліметтерді ЭЕМ қолдану
арқылы сапалық және сандық
(математика –статистикалық) талдау.
4 топ- интерпретациялық әдістер, зерттеу құбылыстары арасындағы
байланысты теория жүзінде зерттеу тәсілдері (тұтас пен бөлшектердің,
жалпы құбылыс пен жеке параметрлердің, тұлға мен функциялар арасындағы
байланыс).
Зерттеудің шынайылығын қамтамасыз ету үшін техникалық құралдар
кеңінен қолданылады: интонографтар, спектографтар, назометрлер, бейнесөз,
фонографтар, спирометрлер және басқа да құралдар, сонымен қатар біртұтас
сөйлеу әрекетінің және оның бөлшектерінің
динамикасын зерттеуге
мүмкіндік беретін рентгенокиносуреттер, глоттография, кинематография,
электромиография.
Достарыңызбен бөлісу: