I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет55/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   224
24344 (1)

 
 
 
 
 
Жалпы қолданыста БЦСА-ң 20-ға тарта түрі пайдаланады. Қазіргі кезде 
тәжірибеде жиі қолданатын К.А. Семенованың классификациясы (1979). Бұл 
классификация бойынша БЦСА-ы бес түрге, кейінгі әдебиеттерде алты түрге 
бөледі: 
- қос гемиплегия; 
- спастикалық диплегия; 


120 
- гемипаретикалық түрі; 
- гиперкинетикалық түрі; 
- атоникалық-астатикалық түрі; 
- аралас түрі. 
1. Қос (екіжақты) гемиплегияда аяқ-қол функциялары бірдей бұзылады,
яғни тетрапарез байқалады. Ондай балаларда көпке шейін патологиялық 
рефлестері сақталады: тоникалық рефлекстер мүлдем жойылмайды, тік тұру 
рефлексі дамымайды. Соның салдарынан баланың ерікті моторикасы 
дамымайды. Мұндай балалардың көбінде олигофрения байқалады, сөйлеу 
тілі дизартрия немесе анартриямен сипатталады. 
2. Спастикалық диплегияда қолдары аяғына қарағанда аз зақымдалады.
БЦСА-ң бұл түрі Литтл ауруы деген атпен белгілі болатын. Параличтің бұл 
түрінде психикалық дамудың кешеуілдеуі көп байқалады. 
3. Гемипаретикалық түрінде біржақ қол мен аяқ зақымдалады. 80%  
балаларда БЦСА-ң бұл түрі ерте постнатальді кезеңде дамиды. 25-30% 
балаларда ақыл-ойының бұзылуының жеңіл түрі, 45-50% балаларда ПКД, 25-
35% балаларда сөйлеу тілінің бұзылуы, жиі псевдобульбарлы (жалған 
сопақша ми) дизартрия байқалады. 
4. Гиперкинетикалық түрінде артикуляциялық және қаңқаның бұлшық  
еттерінде 4-6 айдан бастап гиперкинездер байқалады. Психикалық дамуында, 
қалыпты балаларға қарағанда, біраз кешеуідеуі байқалады, ойлау қабілеті 
қалыпты дамиды. Бұлшық еттердің дистониясы байқалады. 
5. Атоникалық-астатикалық түрі мишықтың зақымдалуына  
байланысты. Бір жаста бұлшық еттердің гипотониясы байқалады. 12-15 айда 
ерікті қимыл-қозғалысы дами бастайды. 
6. Аралас түрі. Бас миының ерте жаста органикалық зақымдалу  
салдарынан, көбінесе БЦСА-ң аралас түрі кездеседі. Негізгі қимыл-
қозғалыстың бұзылуымен қатар, клиникалық симптоматикасында бұлшық 
еттер тонусының, моторикасының, ерікті қимыл белсендігінің бұзылуы 
байқалады. Интелектісі мен сөйлеу тілінің бұзылу денгейі әр түрлі болуы 
мүмкін. Аралас түрде бір бұлшық еттер әлсіз, солғын паралич байқалса, 
екіншісінде спастика байқалады. 
Сонымен, БЦСА-ң барлық түріне тән психикалық дизонтогенезінің
төмендегідей жалпы сипаттамасы байқалады: 
- әр түрлі психикалық функциялардың дамуы біркелкі емес; 
- ми қыртысының функцияларының кешеуілдеп дамуы; 
- интеллектуальдік және эмоционалдық жетілмеуімен сай келеді; 
- ұғымдық, 
абстракциялық ойлауының кешеуілдеп қалыптасуы 
практикалық тәжірибесінің жеткіліксіздігімен негізделді; 
- ауытқудың 
барлық түрінде астеникалық-органикалық синдром 
кездеседі. 
Қорытынды: 
1. БЦСА -да әр түрлі себептердің салдарынан баланың құрсақта жатқанда, 
перенатальді, постнатальді кезеңдерде мидың органикалық зақымдалуы. 


121 
2. БЦСА – да нейроонтогенез бағдарламасы бұзылып келесі феномендерді 
қоздырады: 
- функциональді жүйенің дамуының әр кезеңінде ауытқуын (әсіресе 
қатерлі кезеңдерде); 
- бала есейген сайын мидың құрылымының өзгеруіне байланысты 
функциональдік тапшылық байқалады; 
- клиникалық көріністер мидың жеке аймағының зақымдалу симптомы 
емес, ол қимыл, перцептивтік, интеллектуальдік, сөйлеу және 
коммуникативтік процестердің даму барысының ауытқуының нәтижесі 
болып саналады.
Балалардың дизартриясы 
Балалардың дизартриясы церебральді параличтің резидуальдік фонында 
85% балаларда
байқалады. Балалардың дизартриясың клиникалық белгілері, 
ересектердің белгілеріне ұқсас болады, атап айтсақ:
- бұлшық еттердің тонусының бұзылуы; 
- артикуляциялық моторикасының бұзылуы; 
- даус шығарудың бұзылуы, 
- тыныс алудың бұзылуы. 
Аталған ұқсастықтармен қатар клиникалық белгілерде әр түрлі денгейдегі, 
сипаттағы өзгерістер кездеседі: 
- балаларда мидың органикалық зақымдалуы сөйлеу тілі дамымай
тұрғанда пайда болады. Сондықтан сөйлеу онтогенезінің барысы бұзылады ( 
уілдеуі, былдырлауы, алғашқы сөздері кеш байқалады); 
- ересектерде дизартрия мидың локальді (белгілі бір бөлігі)
зақымдалады, балаларда мидың іс-әрекеті диффузды (ұласқан) бұзылу 
салдарынан болады; 

балалардың 
дизартриясы, 
БЦСА-дей 
құрсақта 
жатқандағы,
перинатальді немесе ерте жастағы мидың органикалық зақымдалудың 
салдарынан болады. Мидың іс-әрекетінің ерекшелігі қоршаған орта туралы 
толық мағлуматтарға мүмкіншілік бермейді, бұл баланың психикалық 
функцияларының, сөйлеу тілінің, тұлғаның дамуын тежейді.
Қазіргі 
кезеңге 
дейін 
балалардың 
дизартриясын 
топтастыру 
(классификация) мәселесіне әр түрлі көзқарастар бар. Көптеген авторлар 
балалардың дизартриясы мен ересектер дизартиясының айырмашылығы 
бар екенін атап көрсетеді (М.Б. Эйдинова, К.А. Семенова, Е.М. 
Мастюкова, т.б.), бірақ зерттеушілердің ешқайсысы балалардың 
бульбарлық дизартриясын атамайды немесе бөлмейді. Зерттеушілердің 
көбі балалардың дизартиясын келесі түрлерге бөледі: 
- спастикалық-паралитикалық; 
- спастикалық-регидтік
- гиперкинетикалық; 
- атактикалық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет