I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет90/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   224
24344 (1)

Тахилалияның жіктелуі. 
 
Патологиялық жылдам сөйлеу көп жағдайда лексикалық - 
грамматикалық және фонетикалық сипаттағы басқа тіл бұзылыстарымен
қосылып келеді. Мұндай тіл кемістіктерін жалпылама терминдермен
атайды (баттаризм, кідіру). 
Баттаризм (парафразия) – сөйлеу жылдамдығының ауыр бұзылған
түрінде сөйлеу зейінінің бұзылу салдарынан фразаның дұрыс
қалыптаспауы. Көбінесе басқа сөйлеу тілінің бұзылуларымен қоса
байқалады. 
Себептері ретінде соматикалық, психогендік факторлар мен
әдеттер қарастырылады. Психикалық факторлардан зейіннің жеткіліксіз
шоғырлануы, ойлау мен сөйлеу жылдамдығының үйлесуін атауға болады. 
Анатомиялық – физиологиялық тұрғыдан баттаризмнің
механизімін орталық нерв жүйесінің ақаулығының салдарынан қозу
процесінің тежеу процесінен басым болуы деп түсіндіреді.
Лингвистикалық тұрғыдан парфразияны синтаксистік бұзылу деп
қарастырады (А. Гутцман, 1885 Х. Пик 1913 ) Ю. А. Флоренская
парафразия мен афазиялық механизмі бірдей деп есептейді. Афазияда
және параафазиядағы бұзылыстар сөздің ерікті табу қиыншылығымен
сипатталады ( сөйлегенде еріксіз қосымша элементтер қосу, сөздің әріптік
құрамының бұзылуы). 
Полтерн (кідіру) - тырысусыз сөйлегенде үзіп, жылдам сөйлеу
(тоқтап қалу, себепсіз үзіліс жасау) жалпы және сөйлеу моторикасының


195 
бұзылуымен сипатталады. Көбінесе тіл кемістіктерінің басқа түрлерімен
тіркесіп келеді.
Қазіргі кезде кідіруді екі түрге бөледі. D. Weisst (1964): таза түрі
және кідіру – синдромы. Кідірудің таза түрі дамудың туа біткен
конституциональдық ақаулығымен негізделеді. Онда аграмматизмнің
белгілерімен синтаксистің бұзылуы байқалады ( қайталану, фразаның
арасындағы байланысы бұзылу), оның бәрі ішкі ойлаудың ретсіздігінен
деп қарастырады. Тез сөйлеудің салдарынан сөйлеудің әуезділігі
жеткіліксіз, ырғақтылығы тұрақсыз болады.
D.Weiss (1961) кідірудің таза түрін келесі топтарға бөледі: 
Бірінші топ – моторлық бұзылуы: бұзылудың негізгі белгісі
жылдам сөйлеу мен дыбыс айтудағы артикуляцияның ауытқуы. 
Екінші топ – сенсорлық бұзылу: белгілерінде керекті сөзді табу
қиыншылығы мен есту зейінінің бұзылуы басым болады. 
Үшінші топ – сөз қорының жеткіліктілігіне қарамастан сөйлеудің
қалыптасуында қиыншылықтар кездеседі. 
Төртінші топ - сөйлегенде жеке дыбыстарды (а – а, э – э) созып
айтады немесе лепті үн шығарады. 
Полтерн хореяда, жалған бульбарлы параличте, бас миының
дистрофиялық органикалық ауруларында, сонымен қатар психопатияда, 
психикалық ауруларда, олигофренияда байқалады. 
Баттаризм мен полтернде жалпы моторикалық, зейіннің, жадының, 
тәртібінің ауытқулары кездеседі. Жалпы моторикада тез жүру, шұғыл
бұрылу, қимылдың шашыраңқылығы байқалады. Сөйлегенде қолдың, 
беттің, дененің ретсіз қимылдары қоса жүреді. Сөйлеу зейіні дамымаған, 
сондықтан басқалардың айтқанын аңғармайды және есте сақтай
алмайды. 
Тахилалияны тұтықпадан ажырату қиындық туғызады. Тахилалия
мен тұтықпаның негізгі айырмашылықтары D. Weiss, J. Lonqova,
М. Зееманның, В. С. Кочергинаның зерттеулерінде қарастырылған (кестеде
көрсетілген) 
Тахилалия мен тұтықпаны ажырату. 
 
фактор 
тахилалия 
Тұтықпа 
ақаулықты сезіну 
болмайды 
Болады 
зорланып қызу сөйлегенде 
жақсарады 
нашарлайды 
сөйлеуге зейінін аударса 
сөйлеуі жақсарады 
Жақсарады 
нақты жауапты талап ететін
сөйлеуде 
жақсарады 
нашарлайды 
таныс мәтінді оқуы 
нашарлайды 
жақсарады 
таныс емес мәтінді оқуы 
жақсарады 
Нашарлайды 
жазу 
Жылдам, жазуы түсініксіз 
Күштеніп, баяу 


196 
Өзінің сөйлеуіне 
көңіл бөлуі 
Ұқыпсыз, қалай 
болса солай 
Қорқынышпен 
Психологиялық 
уайымдау 
Артта қалады 
Алдын ала 
Академиялық 
мүмкіншілігі 
Қажетті деңгейге 
жетпейді 
Жақсы ,биік 
Электроэнцефалогра
мма 
Дизартрия 
Көбінесе қалыпты 
Эффект Ли 
Сөйлеуі 
нашарлайды 
Сөйлеуі жақсарады 
Аминазан 
Жақсарады 
Нашарлайды 
Психометриялық тәсілдер 
Нашарлайды 
Жақсарады 
Емделуге ынтасы 
Тым аз немесе жоқ 
Мол 
Емдеу мақсаты 
Зейінін сөйлеудің 
детальдарына бағыттау 
Зейінін көңілін детальдан 
басқа жаққа аудару 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет