205
Вокальдық тыртысу, көмекей аумағында оқшауланып, мойын
бұлшық еттеріне таралуы мүмкін және дауыс шығару аппаратынан
барлық бұлшық еттерінің іс – әрекеті бұзуы мүмкін кейде вокальдық
тыртысу біткенше артикуляторлық қимылдар толықтай тоқталуы
байқалады.
Дірілдеген немесе жұлқыған
көмекейдің тыртысуы дауысты
дыбысты айтқанда немесе айтуға әрекет жасағанда пайда болады.
Сөйлегенде үзіп сөйлейді, дірілдеген дыбыс пайда болады, артикуляция
толығымен болмайды.
Артикуляциялық аппараттың тыртысуы.
Артикуляцияның тыртысуды беттік (ерін, астыңғы жақ) тілдік және
жұмсақ таңдайлық деп бөледі.
Беттік тыртысулар. Еріннің қабысқан тыртысуы тұтықпада жиі
кездесетін түрінің бірі. Ауыздың айналма бұлшық еттерінің тыртысуы
салдарынан, еріндер қатты қабысады. Тыртысудың бұл түрінде
еріндік
дыбыстардың (п,б,м,в,ф) айтылуы бұзылады.
Жоғары еріндік тыртысу сирек кездеседі. Тыртысудың бұл түрінде
барлық еріндік дыбыстарды айта алмайды, бет әлпетінің кескіні
бұзылады.
Төменгі еріндік тыртысу ауыздың бұрыштарын төмен түсіретін бұлшық
еттерді зақымдайды беттің күрделі тыртысуы, ауыздың бұрышындағы
тыртысу сияқты түрлері кездеседі.
Тілдің тыртысулары.
Тілдің тыртысуының бірнеше түрлері болады. Ең жиі кездесетін
түрінің бірі тілдің ұшының тыртысуы.
Тілдің ұшы қатайып қатты
таңдайға тіреледі, соның салдарынан артикуляция тоқталады.
Тілдің түбірінің тыртысып көтерілуі және артқа тартылуы. Бұл
кезде тілдің түбірі таңдайға қабысады да ауаның ауыз қуысына өтуіне
бөгет жасайды. Тыртысу тіл арты дыбыстарды (г,к,х,қ) айтқанда
байқалады.
Тілдің қуғындаушы тыртысуы тілді тістердің арасына итеріп
шығаруымен сипатталады. Ол клоникалық және тоникалық түрде болуы
мүмкін. Тыртысу кезінде дыбыс айтуы мүмкін болмайды,
дем алу
бұзылады, кейде ауруды сезінуі мүмкін.
Тіл асты тыртысуы төменгі жақтың төмен түсіп ауыздың
ашылуымен сипатталады. Тыртысудың бұл түрінде буынның қайталауы
мен дауыстың қырылдауы жиі байқалады.
Жұмсақ таңдайдың тыртысуы жеке түрде сирек кездеседі.
Көбінесе артикуляциялық аппараттың жалпы тыртысулар құрамында
кездеседі. Тыртысу кезінде жұмсақ таңдай біресе көтеріліп, біресе төмен
206
түсіп тұрады, соның салдарынан мұрын қуысына жол ашылып жабысып
тұрады да дыбыстар мұрыннан айтылады.
Тұтықпа күрделі тіл кемістігі болып саналады.
Онда сөйлеу
функциясының бұзылуымен қатар нерв жүйесінің, соматикалық
денсаулығының, жалпы және сөйлеу моторикасының бұзылуы және
психологиялық ерекшелктері байқалады. Аталған әрқалай
байқалатындығы көптеген зерттеулерде анықталған.
А. Митринович – Моджеевска орталық жүйке жүйесінің көптеген
аурулары тұтықпада оның белгісі (симптомы) ретінде байқалатынын
айтады. Басқаша айтқанда, тұтықпа орталық жүйке жүйесіндегі
функциональды өзгерістердің салдары болып табылады. С. С.
Ляпидевский, В. П. Баранованың деректері бойынша 92,2%, М. Совактың
деректері бойынша 84,6% тұтығушыларда вегетативтік нерв жүйесінің
дистаниясы байқалады.
В. С. Кочергинаның зерттеулерінде
мектепке дейінгі жастағы
тұтықпа балалардың көбінде жүйке жүйесі мен физикалық
денсаулығында әртүрлі бұзылыстардың болатыны анықталған: ашуланшақ,
өкпешіл, жылауық, негативизм, ұйқының және тәбетінің бұзылуы, суық
тигіш және инфекциялық ауруларға бейімділік, энурез.
Сонымен қатар, тұтықпада жалпы және сөйлеу моторикасының
әртүрлі деңгейде бұзылуы байқалады. Олар ерікті және еріксіз болуы
мүмкін. Ерікті қимылдарға тұтығушы өзінің
қиын сөйлеуін білдірмеуге
немесе жеңілдету мақсатымен әртүрлі қимылдарды қолдану ( теңселу,
қолын қимылдату, саңылау т.б) жатады.
Еріксіз қимылдарға сөйлеу кезіндегі тыртысу жатады. Б.И.
Шостак, сөйлеу кезіндегі тыртысумен қатар тұтықпа балалардың сөйлеу
аппаратында, беттің, мойынның, қолдың бұлшық еттерінде күштелген
қимылдардың болатыны анықталған. Н. А. Рычкованың зерттеген ( 1985)
мәліметтері бойынша тұтықпаның неврозға ұқсас түрінде жалпы, ұсақ,
мимикалық қимылдарының бұзылуы, қозғалыстың бөгелуі, солғындығы
немесе дискоординациясы, бір қимылдан
екінші қимылға өту қиындығы
жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: