204
Тыртысу негізгі екі түрге бөлінеді: тоникалық және клоникалық,
сонымен қатар кейде аралас түрге де бөледі.
Сөйлеудегі тоникалық тыртысу бірнеше топтағы бұлшық еттердің
(мысалы: еріннің, тілдің т.б.) тонусының қатаюымен сипатталады.
Тұтығушы
сөйлеу кезінде тоқтап, бөгеліп қалады (к – ітап). Ауыз бұл
кезде жартылай ашық немесе еріндер қосылып тұрады.
Тырысудың клоникалық түрі сөйлеу аппаратының
бұлшық
еттерінің біркелкі қайталанып қысқаруымен сипатталады. Көбінесе
тұтықпада тыртысудың клоникалық және тоникалық түрлері бірдей
байқалады.
Тыртысудың оқшаулануы (локализациясы)
Тыртысу сөйлеу аппаратының барлық бөлімдерінде:
артикуляциялық дауыс шығару және тыныс алу мүшелерінің бұлшық
еттерінде кездесуі мүмкін. Тұтықпаның асқынған түрінде тыртысудың
аралас түрлері жиі кездеседі: демалу – артикуляциялық, артикуляторлық –
дауыс шығару т.б.
Демалу аппаратының тыртысуы. Инспираторлық тыртысу. Кенеттен
шұғыл дем алудың салдарынан сөйлеудің әр кезеңінде пайда болатын
үзіліс немесе кідіріп қалуымен сипатталады. Мұндай тыртысулар
фонацияны, сонымен қатар сөйлеу артикуляциясын бұзады.
Инспираторлық тыртысулардың күші әртүрлі болады. Көбінесе олар әлсіз
болып келеді, өте сирек жағдайда күшті және ұзақ болуы мүмкін.
Экспираторлық тыртысу ауызша сөйлеу
кезінде кенеттен шұғыл
дем шығарумен сипатталады. Оған қарынның көк етінің қатты қысқаруы
тән. Экспираторлық тыртысу кезінде артикуляция да, вокализацияда
тоқталады. Тұтығушыда кеудесі қысылған ауа жетпейтін сезім пайда
болады.
Достарыңызбен бөлісу: