270
«сезінуін» дамытып, лексикалық қорын белсендіруді қамтамасыз етеді,
грамматика-синтаксистік модельдерді бекітеді.
Байланыстырып сөйлеуін дамыту жұмысы әрекет себебінің қалыптасуынан
және ойын айтудың бағдарламасын ұйымдастырудан басталады. Ойын
айтудың жоспары ретінде сюжетті суреттер сериясы, символика, жеке
эпизодтар немесе жеке заттар бейнеленген суреттер қолданылады. Балалар
суреттерді қажетті кезектілікте орналастырып, сұрақтарға жеке эпизодтаор
бойынша жауап беріп, тірек сөздер бойынша әңгіме құрастырады, ең
алдымен логопед көмегімен, кейін өз бетінше.
Монологтық байланыстырып
сөйлеуін қалыптастырғанда балалардың жеке сөйлемдерді құрау және тұтас
мәтінді құрастыру біліктері бекітіледі.
Алалиясы бар балаларды сауат ашуға ерте жастан, үйретеді, себебі ол оның
сөйлеу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Оқылған немесе жазылған материал есінде
тез сақталып тез бекітіледі және сөйлеу әрекетінің қалыптасуын қамтамасыз
етеді. Сауат ашу балаға сөздермен фразалардың құрылымын меңгеруге
көмектеседі, оқу мен жазу арқылы ол өзінің сөйлеу тілін қадағалап түзете
алады. Мұндай балалармен сауат ашу кезеңі ұзаққа созылып арнайы
тәсілдерді қолдануды талап етеді. Жазбаша сөйлеу тілін меңгергенде екінші
реттегі дисграфиямен дислексия анықталады.
Мектеп жасындағы алалиясы бар балаларға оқытуды ерекше ұйымдастыру
қажет. Ол сөйлеу тіліның ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп
жағдайында іске асырылады. Ана тілін оқыту арнайы бағдарлама бойынша
жүргізіледі. Арнайы мектепте балалар оқытумен тәрбиелеумен қамтамасыз
етіледі, алайда сөйлеу тілі дамуының терең зақымдануы олардың ауызекі сөз
арқылы қатынас жасауын шектеп ғылымдар негіздерін меңгеруде
айтарлықтай кедергі жасайды.
Сөйлеу тілі жеңіл түрде дамымаған балалар жалпы білім беру
мектептерінде оқып, логопедиялық пунктте сабақ алғанға мүмкіндіктері бар
болғанымен қиналады. Логопедиялық сабақтарда
балалардың сөйлеу тілі
дамуындағы жеткіліксіздіктері толықтырылады, сөйлеу тілінің жалпылама
функциясымен қарым-қатынас функциясын жетілдіру бағытында жұмыс
жүргізіледі. Кейбір оқушыларда оқу қиындықтарының және оқудағы
сәтсіздік жағдайлары салдарынан оқуға деген кері көзқарасы пайда болады,
сондықтан логопедиялық сабақтарда олардың таным белсенділігі мен оқу
әрекетін дамытуға ынталандырылады.
Балаларды мектепте оқуға дайындау үшін арнайы мектепке дейінгі және
медициналық мекемелер (логопедиялық топтар немесе сөйлеу тілі
бұзылыстары бар балаларға арналған балабақшалар, стационарлар,
санаторийлер) ұйымдастыру қажет. Әрбір
мекемеде балалардың сөйлеу
тілін
қалыптастыруға
бағытталған
медициналық-педагогикалық
қызметкерлердің бірлескен жұмысы жүргізіліп біркелкі сөйлеу тәртібі
қамтамасыз етеледі. Тәрбиешілер логопедиялық жұмысқа дайындықты
жүргізеді немесе оны бекітеді (түсініктерді қалыптастыру, сөз қорын
молайту, сөз орамдарын дамытып анықтау, байланыстырып сөйлеуін дамыту
т.б.). Логопедиялық сабақтарда балалар сөзжасам сөзөзгерту модельдерін,
271
сөйлем құрау мен байланыстырылған мәтінді практикалық түрде меңгереді.
Олардың
фонематикалық
қабылдаумен
дыбыстық
талдауы
қалыптастырылады.
Мұндай баланың сөйлеу тілін дамытудың тиімді көзі - олардың
қалыпты, жақсы сөйлейтін адамдармен қатынасқа түсуі болып табылады.
Қатынас сөйлеу тілі дамуы деңгейімен таным белсенділігін белгілейтін
сөйлеу тілі дамуының бір ғана факторы болып есептелмесе де, аса тиімді
мүмкіндіктері мен тұлға ерекшеліктерін ескеріп жұмыс жеке де жүргізіледі.
Жұмыстың дифференциалды тәсілдері түзету әсерін өте нәтижелі етеді.
Балалар сөйлеу дағдыларын оқыту
мен тәрбиелеудің жағдайлары
бірдей болған күнде де біркелкі түрде меңгермейді. Авторлар алалияны
түзетудің әртүрлі мерзімін атайды: біреулері бірнеше ай жеткілікті десе
(Либманн, 1924), басқалары жұмыс жылдар бойы жүргізілуі тиіс және де
болжам айту қиын дейді (М. В. Богданов-Березовский, 1909). В. К.
Орфинская мен Л. В. Мелехованың пікірі бойынша, жұмыстың басталу
мерзімі және ұзақтығы туралы мәселе, сөйлеу тілінің дамымауының
сипатына және деңгейіне, баланың жеке ерекшеліктеріне
қарай және басқа
факторларды ескеріп, әрбір жағдайда жеке шешілуі қажет.
Жұмысты бастауға ең жағымды жас, ол 3-4 жас, балада білім алуға
деген құштарлығы пайда болады, жұмысқа қажетті белсенділік, саналылық,
қызығушылық, сын көзбен қараушылық кезі басталады.
Алалияда жағымды динамика келесі факторлады ескергенде айқындалады:
сөйлеу тілінің дамымауын ерте анықтау, екінші реттегі ауытқулардың
уақытылы алдын алу, қалыпты онтогенезді ескеру,
лексика-грамматикалық
жағының жетілмеуін ескеріп сөйлеу тілінің барлық компоненттеріне жүйелі
түрде әсер ету, балаларға дифференциалды түрде қарау, сөйлеу тілін
қалыптастырумен қатар сенсорлы-интеллектуальды және аффективті- ерік
аясына әсер ету, сөйлеу процестерін, ойлауын және таным белсенділігін
бірге қалыптастыру және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: