Алалиясы бар балаларды тексеру ерекшеліктері
Тексеру кезінде алалиясы бар балаларды сөйлеу тілінің басқа бұзылыстары
бар балалардан ажыратуға көмектесетін факторлар қатары ескеріледі.
Анамнезді жинағанда былдырдың жоқтығы немесе шектеулігі назар
265
аудартады. Ата-аналар баланың үндемейтіндігі туралы айтып, түсінетін,
бірақ сөйлескісі келмейтінің атайды. Қатынасқа түсу мүмкіндігінің
жоқтығын ата-аналар кейбір жағдайларда жалқаулық деп бағалайды.
Сөйлеу тілінің орнына қатынастың эмоциональды жағынан көтеріңкі түрінде
олар ым-ишара мен мимиканы қолданады.
Алғашқы сөздері кеш пайда болады, фразалық сөйлеутілі көп жағдайда 5—6
жастан соң қалыптаса бастайды. Ата-аналары баланың сөйлеу тілі кешігіп
дамығанымен басқа жағынан жақсы жетілген дейді.
Тексеру әдеттегідей баламен бір рет кездескенмен шектелмейді, әсіресе, егер
ол кішкентай болып сөйлеуге ынтасы жоқ болса. Ол басталған логопедиялық
жұмыспен бірге жалғаса береді.
Баланың қарым-қатынасқа қалай түсетіні белгіленеді, онда жалпы және
сөйлеу тіліне қатысты кері реакцияларының бар-жоғы, олар неде
байқалатыны, және қалай жойылатыны айқындалады. Сабақтардың барысы
мен материалына баланың көзқарасы қандай екеніне, оның өзгерген жағдайға
деген реакциясына назар аударылады. Өз жағдайына, сөздік немесе сөзсіз
қатынас жасау мүмкіндігіне баланың сынмен қарауы немесе байқамауы,
қатынасқа ұмтылуы және өз сөйлеу тілін түзетуге құштарлығы белгіленеді.
Ойын, ойыншықтар, кітаптарға, оқу дағдылары мен біліктеріне деген
қызығушылығы айқындалады; тексеру кезіндегі баланың белсенділігі мен
жұмыс істеу қабілеті ескеріледі; ойын және оқу әрекетінің сипаты
анықталады ( бала ойынды жалғастыра алама, ойын әрекеттеріне еліктей ала
ма, тапсырманы орындай ала ма, оқуға мүмкіндігі қандай деңгейде т. б.).
Пішін, көлем, заттардың орналасқан жері туралы білім, түсінік қоры
анықталады.
Сөз қорын, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын, фонетика-
фонематикалық жағын тексеру үшін логопедиядағы жалпы қолданыстағы
тексеру сызбасы және арнайы дайындалған құралдар , сөйлеу жаттығулары,
сөзжасам сөзөзгертуге арналған тапсырмалар қолданылады. Балаларды,
әртүрлі әрекет жасау барысында ұзақ уақыт динамикалық тексеру қажет.
Түсіну мен есту қабілетінің қалпы анықталады, ол сенсорлы алалиясы бар
балаларды нашар еститіндермен естімейтіндерден және сөйлеу тілін
қабылдауы бұзылғандардан ажырату маңызды. Гнозис пен праксис
ерекшеліктері анықталады. Латералитаның (латерализация – жұп
ағзаларының оң-солының үстемділігі) нақтылығына, қолдың ұсақ
моторикасының жағдайына және жалпы қозғалыс аясына назар аударылады.
Практикалық дағдыларды меңгеру деңгейі айқындалады: өз-өзіне қызмет
көрсету, тұрмыстық әрекеттер, заттық-тәжірибелік әрекет.
Арнайы ойын жаттығулары арқылы артикуляциялық моторика— жеке
қимылдарды орындау білігі, артикуляциялық қалыптарды сақтай алуы,
кезектіліктегі қимылдарды орындауы, ауысуы, баланың артикуляциялық
қимылдарға еліктеу мүмкіндігі, және сөздермен сөз тіркестерін қайталау
мүмкіндіктері тексеріледі.
Сөйлемейтін балаларды тексеру қиынға түседі, сөйлеу тлінің қорытындысын
тек қана оларды динамикалық түрде бақылау барысында ғана шығаруға
266
болады. Дифференциальды диагностика алалияны сөйлеу тілінің уақытша
тежеліп дамуынан, дизартриялық бұзылыстардан, есту қабілетінің
бұзылыстарынан және ақыл ойы кемістігінен ажыратуға мүмкіндік береді.
Моторлы алалиядағы коррекциялық ықпал ету жүйесі
Алалия
—
медициналық-психологиялық-педагогикалық
мәселе.
Баланың сөйлеу тілі мен тұлғасын дамытуға бағытталған коррекциялық әсер
етудің қағидалары мен әдістерін белгілеу логопедияның саласы болып
табылады. Үнемі және ұзақ уақыт жүргізілген логопедиялық жұмыс бірқатар
жағдайларда баланың қатынас жасауына жеткілікті нәтиже береді, алайда,
кейде —тек қарапайым сөйлеу түрлері.
Сөйлеу тілін қалыптастыруға кешенді тұрғыдан қарау, сөйлеу тілінің
дамуына және танымдық әрекеттерінің жақсаруына әсер ететін барлық
функцияларын дамыту деп түсіну қажет.
Мұнда сөйлеу тілі функциясының онтогенезде дамуы және сөйлеу тіл
құрылымының заңдылықтары ескеріледі. Жүйелі логопедиялық жұмыс
сөйлеу тілінің дамуындағы ақаулықтарды түзетуге және болашақта арнайы
бағдарламалар бойынша оқуға дайындауға бағытталады.
Сөйлеу тілінің дамымауын түзету жұмысы баланың оқыту нәтижесінде
мектепте оқытылатын білімді меңгеруге дайындығын арттыратындай етіп
құрылады. Тек қана жұмыс кешенді түрде ( психоневролог, несропатолог,
психиатр дәрігердің белсенді түрде дәрі-дәрмекпен және психотерапиялық
емдеу нәтижесінде) жүргізілгенде ғана логопедиялық жұмыс тиімді
болады.
Түзету жұмысында кешенді түрде әр түрлі әдіс,тәсілдер қолданылады және
олар түзете –тәрбиелік әсер етуде жалпы бағытты болуы керек; жұмыстың
мақсат міндеттері баланың сөйлеу мүмкіндіктеріне қарай белгіленуі тиіс.
Жұмыс ең алдымен, сөйлеу механизмдерін: мотив, қатынастық көзқарас,
сөйлеуді іштей бағдарлау, оның лексикалық мәнін өрбіту, лексика-
грамматикалық құралдарын іріктеу және грамматикалық құрылымын
қалыптастыруға бағытталады. Сөйлеу тәжірибесін молайту үшін білімдерін
саналы түрде қолдану біліктері, сөйлеу операцияларын модельдеу біліктері
дамытылады.
Әдістемелік тәсілдердің стандартты түрде болып кетуіне мүмкіндік бермеу
керек. Тілдік және дидактикалық материалды іріктеу әртүрлі болуы қажет.
Сөйлеу тілі бұзылысының ерекшелігімен қатар бала тұлғасының
ерекшелігі, оның қызғушылығы, компенсаторлық мүмкіндіктері ескеріледі.
Тәрбиелеу арқылы бала мінезіндегі невротикалық бұзылыстары жойылып,
саналы мақсатқа жететін тұлғаны тәрбиелеуге арналған жұмыс жүргізіледі.
Балаға кері әсер беретін қоршаған ортаның әсері жойылып, сөйлеу тілінің
ақауына және оны түзетуге арналған жұмысқа деген баланың дұрыс
көзқарасы қалыптастырылады. Сөйлеу тілінің сенсорлы және қозғалыс
мүмкіндіктерін дамытуға арналған кешенді жұмыс жетілдіріледі.
Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жұмыс жүргізіледі: балаға
сызу, бояу, байлау, баулау, мозаикадан және геометриялық материалдан
267
әртүрлі ою-өрнектер құрастыруға үйрету қажет. Балалардың қол
саусақтарының дамуы артта қалса, олар дың сөйлеу тілі дамуы да артта
қалатыны бәрімізге мәлім. Қолдың қимылдары жаттықтырылған сайын
сөйлеу тілінің жағдайы жақсарады.
Жұмыстың бастапқы кезеңдерінде сөйлеу тілінің психофизиологиялық
негізі қалыптасады, іс-әрекетпен қатынасқа көзқарасы белгіленеді, бала
қатынасқа түсуге дайындалып, қажеттілігі дамиды. Балада сөйлеуінің
мотивациялық негізін қалыптастыру, сөйлеу тілі және психикалық
белсенділігін, еліктеу іс-әрекетін және қайталау әрекетін дамыту маңызды. .
Іс-әрекеттің себебін (мотивін) және ойын айтудың бағдарламасын
ұйымдастыру сөйлеу тілін дамытуға бағытталған қажетті база құрайды (олар
өз бетінше алалиясы бар балада қалыптаспайды). Ол базаның негізі болып
табылатыны - ол предикативті жүйесін дамыту және грамматикалық
құрылымның элементтерін меңгеру. Сөйлеу тіл бұзылыстарымен қатар
сөзсіз бұзылыстар да түзетіледі; талдау мен жинақтау процестерін, зейін, есте
сақтау, қабылдау, жалпылау, салыстыруды дамыту жүргізіледі. Олар сөйлеу
тілін дамытуға қажетті фундаментін құрайды. Балаға заттарды пішіні,
көлемі, түсі бойынша ажыратуға, атауға, жүйелеуге үйретеміз, ол үшін
әртұрлі ойындар қолданады. Заттардың басқа заттарға қатысын, кеңістікте
орналасуын (үстінде, ортасында) белгілеп атауға үйрету қажет. Көріп
қабылдауы мен кеңістікте ажыратудың қалыптаспауын түзету кезінде,
уақытпен кеңістік туралы түсініктерін қалыптастырғанда баламен белсенді
түрде кеңістікте орнын ауыстыру, сапқа тұру, бағытталған жүру сияқты
ойындар қолданылады. Пішіндердің бөлшектерін және тұтастығын ажырату
бойынша жұмыс жүргізіледі, элементтері көп күрделі пішіндер талданады,
құрылымдарды саналы түрде қабылдауы мен құрастыру біліктері
дамытылады. Талдау мен жинақтау операциялары, сөзсіз материалды
жалпылау (салыстыру, айырмашылығын табу, заттардың айырмашылығы
мен ұқсастығын айқындау, қасиеті бойынша салыстыру — түсі, көлемі,
пішіні), себепті-салды арақатынастарды орнату сөйлеу тілі дамуына қажетті
жағдайлар жасайды.
Ырғақты, логопедиялық ырғақты қолдану сөйлеу тілін дамытуға тиімді
болады. Музыка, сөз, қимылдар түрлі жаттығулармен үйлесіп, қимылды және
сөзқимыл әрекетін, есте сақтауын қалыптастырып, бала ырғағының, сөйлеу
тілінің тұлға дамуының кемшіліктерінің орнын толтыруды қамтамасыз етеді.
Сөйлеу тілін дамытуға балаға қолжетерлік деңгейдегі қатынас тәжірибесі
қажет: мағыналық мәтінмен байланысты емес жеке сөздермен, фразалармен
операциялар (көрсет, қайтала, ата), , балаға жақын жағдайдағы іс-
әрекеттер ( баладан ойыншығын сұрау, ойын түрін тандау т.б.), таныс
суреттермен әрекеттер, ойындарда диалогтық кейін монологтық сөйлеу тілін
қолдану, көрнекілікке сүйеніп және сүйенбей. Лексикалық материалдың
көлемі мен күрделілігі біртіндеп қиындай түседі.
Сөйлеу тілін дамыту жұмысы баланың заттық-тәжітибелің әрекетімен
байланысты және оған сүйенеді. Бала өз іс-әрекетін (мен отырмын, жүріп
Достарыңызбен бөлісу: |