I теоретические основы логопедии


Түзету-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары



Pdf көрінісі
бет177/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   224
24344 (1)

Түзету-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары. 
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауын түзету жұмысының негіздері 
көптеген 
психологиялық-педагогикалық 
зерттеулерде 
қарастырылады 
Сөйлеу тілін қалыптастыра – дамыту келесі жағдайларға негізделеді: 
- ЖСТД белгілерін және оның жалпы психикалық дамуына әсерін ерте 
анықтауға; 
- сөйлеу құрылымының кемшіліктерін талдау негізінде ауытқу 
мүмкіндіктерінен уақытында сақтандыру, сөйлеу іс-әрекетінің 
сақталған және ауытқыған бағытын салыстыруға; 
- сөйлеу қатынас тапшылығының әлеуметтік салдарын ескеруге; 


372 
- тілдің фонетикалық-фонематикалық және лексикалық-грамматикалық 
компоненттерінің өзара байланысты қалыптасуына; 
- ЖСТД пайда болуының әр түрлі себептеріне қарай логопедиялық 
жұмысты дифференциалды ықпал етуді ескеріп жүргізуге; 
- сөйлеу процесін, ойлауын және танымдық белсенділігін бірге 
қалыптастыруға; 
- сенсорлық, интеллектуалдық және ерік аяларына бірмезгілде ықпал 
етуге. 
Түзету жұмысы баланың жасына, оларды оқыту және тәрбиелеу 
жағдайына, сөйлеу тілінің даму деңгейіне байланысты жүргізіледі.
ЖСТД-ң І деңгейіндегі түзету жұмысының негізгі міндеттері: 
- сөз түсінігін дамыту; 
- еліктеуіш сөйлеу іс-әрекетін дамыту; 
- зейіні мен жадын дамыту; 
- сөзөзгерту элементтерін меңгеру негізінде қарапайым сөйлемдерді 
қалыптастыру. 
сөз түсінігін кеңейту жұмысы мынадай бағыттарда жүргізіледі: 
- ойыншықтардың, дене мүшелерінің, киімдердің аттарын есте сақтау; 
- қимылмен көрсетілген сөз тіркестерін түсіну; 
- күнделікті жағдайларды (ситуацияларды) сөзбен айту; 
- кім? не? деген сұрақтарды түсіну; 
- нұсқауларды түсіну және орындау; 
- заттың көлемі мен санын ажырату (аз – көп, үлкен – кіші т.б.); 
- зат есімнің жекеше көпше түрін ажырату (доп – доптар); 
- нұсқаудың кімге айтылғанын (бағытталғанын) түсіну, ажырату (отыр-
отырыңдар); 
- ұқсас сөздерді жағдайға (ситуацияға) байланысты түсіну, ажырату 
(жазып отыр, сурет салып отыр); 
- кеңістікті білдіретін әне, міне, деген сөздерді түсіну; 
- қарама-қарсы мағыналы сөздерді түсіну (ал – алма, ки – шеш, т.б.); 
- кеңістікте бағдарлауға қатысты сөздерді ажырату (алдында, артында, 
жоғары, төмен). 
Өзіндік сөйлеуін дамыту жұмысының бағыттары
- сөйлеуге қажеттілігін белсендіру; 
- жақын адамдарды атау; 
- өтініш, сұраныстарын білдіру (ал, бер, кел); 
- ойын кезінде көңілін білдіру (ой, тшш, т.б.) 
- жануарларды шақыру (кіс-кіс), еліктеу; 
- фразаларды қалыптастыру (шәй ішем, нан бер); 
- анау, мынау, ол деген сөздерді қолданып екі сөзден тұратын сөйлем 
құрау (ол - доп); 
- етістіктердің түрлерін қолдану (бер, маған бер, бола ма, ана ал, т.б.). 


373 
Бірінші деңгейдегі балаларды логопед біртіндеп қарапайым сөйлем 
(зат есім+етістіктің 3-жағы Мысалы, Ата келді. Әке отыр) құрауға үйрете 
бастайды. Бұл қарапайым диалогты меңгеру сатысы болып саналады. 
Бұл кезеңде дыбыс айтуын түзетуге бағытталған жұмыс мақсатты 
түрде жүргізілмейді. Дегенмен, кейбір дыбыстардың артикуляциясын 
дамытуға арналған жаттығулар жасату, дыбыстың айтылуын анықтау, 
қайталау, сөздерді буындап қайталату, айтқызу; буындарды ырғақты 
қайталату; айтылуы ұқсас сөздерді ажырату (бас-қас, шәй-май, жазады-
оқиды, т.б.) сияқты жұмыс түрлері дыбыс айтылуын, фонематикалық 
қабылдауын жетілдіруге ықпал етеді. 
Екінші деңгейдегі балаларды оқыту-түзету жұмысы 4 жастан бастап 
әр түрлі мекемелерде жүргізіледі (мектепке дейінгі мекемелерде, сөйлеу 
мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектептің дайындық топтарында, 
психоневрологиялық стационарлар мен санаторийлерде т.б.). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет