I теоретические основы логопедии


Cөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепте



Pdf көрінісі
бет196/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   224
24344 (1)

Cөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепте 
логопедтің жұмысын ұйымдастыру 

Сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектептегі логопед 


жұмысының ерекшеліктері жалпы білім беру міндеттерімен қатар, 
сабақтарда және сабақтан тыс уақыттағы түзете-тәрбиелеу жұмысында 
ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілінің әртүрлі бұзылыстарын түзетуге, 
психикалық даму ерекшеліктерімен байланысты екіншілік бұзылыстарды 
жоюға бағытталған арнайы міндеттер және оқушыларды кәсіби-еңбекке 
дайындау міндеттері қойылады. Сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға 
арналған мектепте екі бөлім болады. Біріншісіне алалия, афазия, дизартрия
ринолалия, тұтықпа, жалпы білім беру мектептерінде білім алуға кедергі 
болатын жалпы сөйлеу тілі дамымауының күрделі түрі сияқты сөйлеу тіл 
қорытындылары бар балалар қабылданады. Екінші бөлімге сөйлеу тілінің 
қалыпты дамуындағы тұтықпаның күрделі түрі бар балаларқабылданады. 
Сыныптың толықтырылуы 12 баладан аспауы тиіс. Сөйлеу 
тілімен 
жазудың бұзылуын түзету оқу-тәрбие процесі бойы іске асырылады. 
Логопедиялық жеке және топтық сабақтарды ұйымдастырып жүргізу 
міндетті болып табылады. 
Жеке логопедиялық сабақтар аптасына 3 рет жүргізіледі. Мұғалім-
логопедтің негізгі міндеті оқушыларды дыбыс айту және сауат ашу бойынша 
бағдарлама талаптарын неғұрлым қысқа уақытта орындауға дайындау, 
сондықтан, 
мектепалды 
даярлық 
сыныптарында, 
1-3 
сыныптарда 
логопедиялық жұмыс мазмұнын жоспарлағанда дыбыс айтуды 
қалыптастыру бағдарламасы міндетті болып табылады. 
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтары ұқсас балалармен мұғалім-логопед 
топтық сабақтар ұйымдастыра алады, алайда, балалар бір уақытта алынған 
балалар саны 2-3-тен аспауы тиіс (сабақтың ұзақтығы – 20-25 минут). 
Топтарды топтастыру қағидасы – тексеру барысында оқушылардың 
біріншілік, негізгі ақаулықтарын айқындау. 
Топ құрамы оқу жылында өзгеріп тұруы мүмкін, әр топтың 
оқушылардың ауыз екі және жазбаша сөйлеу тіліндегі спецификалық,
біркелкі қиындықтарды түзетуге бағытталған міндеттері бар. 
Шағын 


410 
топтардағы логопедиялық жұмыстың ұйымдастырылуы, сөйлеу тілінің 
ұқсастығына негізделеді.
Өткізілетін сабақтарға ақаулықтың ұқсастығы бойынша мынадай топтар 
құрылады: дыбыс айту бұзылыстары бар балаларға, дисграфиямен 
дислексияның тұрақты түрлері; сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы 
қалыптасуындағы күрделі қиындықтары бар балаларға, артикуляциялық
аппарат құрылымында бұзылыстары бар балаларға (сөйлеу тілінің 
қорытындысы: «ринолалия», «дизартрия»). 
Сөйлеу мүмкіндіктері (тіл кемістігінің ауыр түрінде) шектеулі 
балаларға арналған мектепте үй тапсырмасы берілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет