I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет222/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   224
24344 (1)

Брока орталығы – сөйлеу тілінің моторлық жағын ұйымдастыруын 
қамтамасыз ететін, бас миының сол жақ жартысында орналасқан бөлігі. 
Вернике орталығы – ми қыртысындағы сөзді қабылдау орталығы.  
Дизартрия – сөйлеу барысында көбінесе сал ауруына, түйілуге, 
гиперкинезге байланысты сөзді анықтап айта алмау, яғни артикуляцияның 
бұзылуы 
Дисграфия- жазудың қабілетінің жартылай бұзылуы. 
Дислалия (гр.т. dis- бұзылу, lalia - сөйлеу тілі) – тіл мүкістігінің ең көп 
тараған түрлерінің бірі. Дислалаия адамның есту қабілеті дұрыс дамыған 
кезіндегі және сөйлеу тілі аппаратының нервтенуі сақталған жағдайындағы 
дыбыстардың бұзылып айтылуымен айқындалады. 
Дислексия- оқу процесінің жартылай бұзылуы 
Дизорфография - қажетті ережелерді білуіне қарамастан, орфографиялық 
дағдылары қалыптасып, меңгере алмаудың салдарынан жазуда байқалатын 
тұрақты, ерекше қателердің түрлері.(А. Н. Корнев бойынша) 
ЖСТД - жалпы сөйлеу тіл дамымауы. Есту қабілеті мен ой-өрісі 
әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты 


494 
сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын әртүрлі 
күрделі тіл кемістіктері. 
Иттерация (лат.т. iteratio-қайталау) - сөйлеу тіліндегі сөздерді кідірусіз 
қайталау. 
Коррекция (лат.т.corregere- түзету) - балалардың психофизикалық
дамуындағы кемістіктерді түзетуге бағытталған дефектология саласындағы 
қолданатын тәсілдердің ең маңызды түрі. 
Компенсация (лат. т.compenso-теңестіру, қалпына келтіру) - организмнің 
қандай да болмасын бір қызметі жойылғанда немесе бұзылғанда басқа 
мүшелердің көмегі арқылы қызметтердің қайта құрылуы, қалпына келтіруі, 
күрделі, көп сатылы процесс. Компенсацияда орталық жүйке жүйесі 
маңызды роль атқарады. Жеткілікті қалыптаспаған және бұзылған сөз және 
сөзсіз функциялардың дамуы мен қалпына келтірілуі арнайы логопедиялық 
ықпал жүйесі негізінде іске асады. Осы ықпал барысында компенсация 
қалыптастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет