I теоретические основы логопедии


Ы дыбысының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері



Pdf көрінісі
бет49/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   224
24344 (1)

Ы дыбысының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері 
33-сурет. Ы фонемасының 
артикуляциялық кескіні 
(профилі) 
Ы дыбысы дауыстылардың ішіндегі кемшілікке 
ыңғайлысы. Оның жасалу механизмі мынадай: ерін 
белсенді емес, төменгі жоғарғы тістердің арасында 
саңылау болады. Тіл ұшы төмен, тіл үстінің ортадан 
кейінгі бөлігі, таңдай ортасына көтерілген тіл
бүйірлі түпкі азуларға тиеді. Тіл И дыбысындағыдай 
кейіндеу орналасады. Жұмсақ таңдай көтеріліп, 
мұрын жолын жабады, дауыс перделері бірігіп, 
тербеледі (33-сурет). 
Ы дыбысын айту кемістіктері мынандай Ы  дыбысының орнына I айтылады. 
Мысалы, ыдыс-ідіс, сөйтіп дыбыстар жіңішке айтылады.
34-сурет. Шпательдің 
көмегімен Ы 
фонемасын кою
Ы дыбысын еліктеу арқылы түзетудің алғашқы 
шарты оны I дыбысының айтылуымен салыстыру 
тілдің оларды айтқандағы орналасу айырмасын 
көрсетіп түсіндіру және оны қолмен бейнелеу. 
Баланың айна алдындағы жаттығуы кейде нәтиже 
береді. 
Алайда көбіне шпательге суйенуге тура келеді
балаға пи-пи-пи буын тіркесін айтқызады.
Жаттығуды пайдаланғанда логопед баланың аузына шпательді еңгізіп, 
онымен тіл алдын тежеп ұстайды. Шпатель П дыбысын айтуға кедергі 
келтірмейді, ал дауыстыны өзгертіп И дыбысы автоматты түрде Ы дыбысына 
ауады пи-пи-пи буындары пы-пы-пы түрінде сезіледі. Сондай жолмен би, ми
фи, ви буындарынан бы, мы, фы, вы алынады (34-сурет). 
Артикуляцияны бекіткенде баланың шпательмен, саусақпен тілді қажет 
қалыпта өзі ұстағаны дұрыс. Дыбыс өздігінен айтыла бастағанда, 
механикалық әдіс тоқтатылады. Еріндік дауыстылардан кейін келетін Ы 
дыбысын айтып үйренген бала, оны басқа фонетикалық жағдайларда да 
пайдалана алады. Ы дыбысы бекіткенде оның дыбысынан ажырату, оқу мен 
жазуды түзету жаттығуларына көңіл бөлу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет