I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет54/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   224
24344 (1)

Қорытынды. 
1. Жалған сопақша ми дизартриясы орталық спастикалық параличтің бір
белгісі және сөйлеу кезіндегі қимылдың бұзылуы болып саналады. 
2. Ерікті қимыл бұзылады, еріксіз (рефлекторлы) қимыл сақталған 
болады. 
3. Тіл жүйесінде спастикалық паралич кезінде артикуляциясы күрделі
дыбыстар бұзылады. 
4. Барлық дыбыстар (дауысты дыбыстар да) мұрыннан айтылады. Дауыс
қырылдап шығады, тез шаршап қалады. 
5. Сөйлеу жылдамдығы баяу, сөз түсініксіз, фразалардың қысқа 
интонациясы, әуезділігі нашар болады. 
Мишық дизартриясы 
 
Мишық дизартрия жеке таза түрінде өте сирек кездеседі. Миға қан 
күйылу, ісіктің салдарынан мишықтың немесе мишықты орталық нерв 
жүйесімен қосатын жолдардың зақымдалуынан пайда болады. 
Неврологиялық статусы: тілдің, еріннің бұлшық еттерінің тонусы төмен, 
тіл жіңішке, қимылы шектелген, артикуляциялық қалыпты ұстай алмайды
бағытты, мақсатты ұсақ қимылдар жасау барысында тілдің треморы (дірілі) 


117 
байқалады. Жұмсақ таңдай салбыраңқы. Бет әлпетінде мимика болмайды. 
Қимыдың координациясы бұзылған болып келеді.
Сөйлеу статусы: сөйлеу тілі түсініксіз, баяу, фразаның аяғында кейбір 
дыбыстарды қатты дауыстап айтады немесе мүлдем дауысы шықпай, сөздің 
арты естілмей өшіп қалады. Сөйлеу ырғақтылығы бұзылған, дыбыстарды 
мұрыннан айтады, дауысы әлсіз. 
Мишығы зақымдалған адамдарда тыныштық, қимылсыз күйде де, қимыл 
кезінде де бұлшық еттердің гипотониясы байқалады. Аяқ-қолдарын 
сәйкестендіруде қиындықтар байқалады. Психикасында кейбір ерекшеліктер 
кездеседі (орынсыз күлу, сөйлеп қою, т.б.). 
Қорытынды. 
1. Мишықтың және оның жолдарының зақымдануында бұлшық еттердің
тонусының төмендеуі, қимылдың диссиметриясы байқалады. 
2. Просодикалық ерекшеліктері: дауыс күшінің тұрақсыздығы, оның өшіп
қалуы, тоқтап, іркіліп қалуы, мәнерлеп сөйлеуі байқалады. 
3. Сөз аяғында буынды немесе дыбысты айтпауы сөйлеу тілін түсініксіз
етеді. 
4. Дем алуға қатысты бұлшық еттердің треморы тыныс алуына, дауыстың
дірілдеп шығуына әсер етеді. 
5. Сөйлеу кезінде дене кейпінің қатайуы бетінің қызаруын немесе
сұрлануын тудырады. 
Ми қыртысы асты немесе «экстрапирамидалық» дизартрия 
 
Ми қыртысы асты дизартрия бас миының ми қыртысы астындағы 
түйіншіктердің зақымдалу салдарынан болады.
Неврологиялық статусы: бұлшық ет тонусының тұрақсыздығы 
(дистония), бет және артикуляцияның бұлшық еттерінде еріксіз қимылдар 
(гиперкинез) байқалады. Кейде гиперкинездің салдарынан ауыз еріксіз 
ашылып, тілі алға бірден шығып, ауыру адам біршама осы қалыпта тұрып 
қалады. 
 
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипаттамасы. Сөйлеу кезінде тоқтап қалу,
сөйлеу жылдамдығының бұзылуы (бір буынды тез айтады, басқа буындарды 
баяу немесе мүлдем айтпайды) жеке дыбыстарды, буынды, сөзді қайталап 
айту 
(персеверация) 
байқалады. 
Сөйлеу 
тілінің 
әуезділігнің 
(просодикасының) бұзылуы сөйлеу кезіндегі тыныс алудың бұзылуымен 
бірге байқалады. 
Дайыс күнгірт, әлсіз, тембрі көмескі болып келеді. Бұлшық еттердің 
ауыспалы тонусы мен гиперкинездердің салдарынан сөйлеу тілінің 
фонетикалық жағы мен просодикасының әр түрлі және тұрақсыз 
бұзылыстары байқалады. 
Қорытынды. 
1. Дизартрияның экстропирамидалық түрі мидың ми қыртысы асты


118 
аумағының зақымдалуының салдарынан пайда болады. 
2. Гиперкинездер мен сөйлеу мүшесінің бұлшық етінің ауыспалы тонусы 
сөйлеу тілін дөрекі бұзады. 
3. Фонетикалық бұзылыстардың бірқалыпты, тұрақты бұзылуы
байқалмайды. 
4. Ауызша сөйлеу процесінде тыныс алу, дауыс шығару, артикуляциялық
мускулатураларының қысқару уақытының арасында байланыстылық 
бұзылады. 
5. Дауыс пайда болу қиыншылығы - дауысты ерікті қосу мен сөйлеу
кезінде тез шаршап қалуымен сипатталады. 
6. Сөйлеу тілінің жатықтығы мен интонациялық-әуезділік құрылымының
бұзылуы. 
Ми қыртысы дизартриясы 
 

Ми қыртысы дизартриясы доминантты ми сыңарының төменгі 
бөліктердегі орталық қатпарлардың (постцентральді және премоторлы 
аумақтарының) зақымдалу салдарынан болады. Ми қыртысы дизартрияның 
эфферентті (премоторлы) және афферентті (постцентральді) түрге бөледі 
Ми 
қыртысы 
дизартрияның 
эфферентті 
түрі 
артикуляциялық 
мускулатураны иннервациялайтын алдыңғы орталық ми қыртысы аумағының 
зақымдалуынан болады. Жеке артикуляторлық қимылдардың бұзылуы 
байқалады. Көбінесе тілдің ұшының қимылы бұзылады, соған байланысты 
тілалды дыбыстары бұзылады. Дыбыс артикуляциясы бұзылады, көптеген 
синкинезия кездеседі. 
Сөйлеу процесінде бір дыбыстан екінші дыбысқа ауысуы қиындық 
туғызады, баяу сөйлейді, сөз арасында тоқтап қалады, кейде буындап 
сөйлейді. Дауысты дыбыстарды айтуы өзгереді, барлық дауысты дыбыстар 
А, Э дыбыстармен ұқсас айтылады, дауыссыз дыбыстар ұзартылып айтылады 
(Мысалы, сссақат), қосымша дыбыстарды қосып айтады немесе тастап 
кетеді. 
Ми қыртысының афферентті түрі ми қыртысының үлкен жарты 
шардың постцентральді аймақтарының зақымдалуынан болады. Бұл түрінде 
қол қимылында апраксия мен оральді апраксия (қимылды «іздеу») 
байқалады. Дизартрияның бұл түрінде дұрыс артикуляцияны белсенді түрде 
іздеу байқалады, сондықтан артикуляцияны іздеу кезінде сөйлеу үзіліп 
қалады, жатық болмайды. Аффрикаттар өзінің құрылымдағы бөліктеріне 
ыдырап айтылады, саңылау дыбыстар жабысыңқы, шұғыл дауыссыз 
дыбыстармен алмасады, дауыссыздар қатар келгенде бір дыбыс түсіп қалады. 
Қорытынды: 
1. ми қыртысындағы моторлы бөлімдердің бұзылуында жалпы сөйлеу
тілінің баяулауы көрініс алады; 
2. сөйлеу тілінің жатықтығы бұзылады, сөз арасында тоқтап қалу, әсіресе
дауссыз дыбыстардың қатар келгенінде; 
3. дауыссыз дыбыстардың күнгірт, қатал айтылуы; 


119 
4. сөзге қосымша дыбыс қосу; 
5. қатты дауыстап сөйлеу. 
 
Балалардың церебральді сал ауыруы (БЦСА) 
 
Балалардың церебральді сал ауыруы (БЦСА) онтогенездің ерте 
кезеңінде орталық мидың зақымдалуына байланысты әр түрлі симптомдарды 
біріктіретін термин. 
БЦСА- орталық нерв жүйесінің қозғалыс бөлімдерінің зақымдануының 
салдарынан пайда болатын дамудың күрделі патологиясы. 
1958 ж. Оксфорд қаласында өткен Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау 
ұйымының (БӘДСҰ) мәжілісінде БЦСА-ға келесі анықтама берілген: «БЦСА 
–қимыл-қозғалысты және дене қалпын басқарып тұратын бөлімдерді 
зақымдайтын бас миының үдемейтін ауыруы. Ол бас миының дамуының 
ерте кезеңінде пайда болады»
Бірақ қазіргі кезеңге дейін бұл термин туралы бірдей көзқарас жоқ. Әр елде 
әр түрлі анықтамалар береді. 
БЦСА-ң негізгі симптомы (белгісі) қимыл-қозғалыс функциясының 
бұзылуы. БЦСА-ң негізгі белгісіне психикасының, естуінің, көруінің, сөйлеу 
тілінің бұзылыстары қосылады. Кейбір балаларда тырысу синдромдары 
байқалады.
БЦСА-ң себептері көп түрлі. БЦСА-ң пайда болуына қатысты 
факторларды үшке бөледі: пренатальді, перинатальді, постнатальді.
Пренатальді факторларды үш топқа бөледі: ананың денсаулығы, жүкті 
кездегі ауытқулар, іштегі нәрестенің дамуының бұзатын факторлар. 
Перинатальді факторларға босану кезіндегі асфиксия, туу кезінде зақымдалу 
жатады. 
Постнатальді кезеңдегі ауытқуға төмендегідей себептер әсер етуі мүмкін: 
- бастың, сүйектің зақымдары, гематома, т.б.; 
- инфекциялар: менингит, энцефалит, мидың абцессі; 
- интоксикация (улану): дәрімен, мыспен, улы заттармен, т.б.; 
- оттегінің жетіспеушілігі: туншығу, т.б.; 
- мидың ісіктері, кисталар, гидроцефалия, т.б. 
БЦСА-ң патогенезі. Компьюторлық томографиялық зерттеуде БЦСА-ң әр 
түрінде 68% балаларда мидың патологиялық өзгерістері байқалған. Ол 
өзгерістер екі топқа бөлінеді. Бірінде жасушаның (клетканың) өзінің ерекше 
бұзылуы, екіншісі - мидың дамуының бұзылуы (дизонтогенез). 
БЦСА-ң клиникалық түрлері (классификациясы) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет