I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет56/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   224
24344 (1)

 
 


122 
Спастикалық-паралитикалық дизартрия 
 
Дизартрияның бұл түрі екі жақтағы пирамидтік жолдардың зақымдалу 
салдарынан болады. Негізгі белгілері жалған бульбарлы (псевдобульбарлы) 
дизартияның белгілеріне ұқсас болады. Бұл түрінде алдымен ауызша сөйлеу 
тілінің фонетикалық жағы, күрделі артикуляцияларды ажыратуы, еріксіз 
қимылдары бұзылады, еріксіз рефлекторлы қимылдары сақталады. 
Дизартрияның бұл түрінің төмендегідей нұсқалары кездеседі: 
- спастикалық түрі. Негізгі белгісі- бұлшық еттерінің тонусының
қатаюы; 
-  паретикалық түрі. Бұл түрінің негізгі белгісі - бұлшық еттерінің
тонусының қатаюымен қоса, сөйлеу мүшелерінің кейбір бұлшық еттерінің 
тонусының төмен, бос болуы; 
- гиперкинетикалық түрі. Негізгі белгісіне бұлшық еттерінің тонусының
қатаюы мен еріксіз қимылдар (тремор түрінде) жатады. 
Спастикалық түрінің сипаттамасы 
Сөйлеуге талаптанғанда артикулыциялық мүшелерінің қимылы бірден 
бұлшық еттердің тонусын қатайтады. Кейде қолдың, аяқтың бұлшық еттері 
де қатаяды. Тіл артқа қарай тартылады, тіл «кесектеліп» немесе жіңішкеріп, 
тілдің ұшы жоғары көтеріліп тұрады. Көптеген оральді синкинезиялар 
кездеседі, тілді жоғары көтере алмайды. Көбінесе тіл алды дыбыстары 
бұзылады (Р, Л, Ж, Ш, Г, Т, Д), дауысты дыбыстар мұрыннан айтылады. 
Сөйлеу тілінің темпі баяу, дауысы қырылдап шығады.
Дизартрияның спастикалық түрінде сөйлеу тілінің бұзылуын үш деңгейге 
бөледі: жеңіл түрінде ауызша сөйлеу тілі түсінікті, тек кейбір дыбыстар ғана 
анық айтылмайды. Орташа деңгейде көптеген дыбыстар бұзылып 
айтылады. Ауыр түрінде сөйлеу тілі түсініксіз, көптеген дыбыс топтары 
бұзылады, сөйлеу процесінде беттің, қолдың бұлшық етерінде көптеген 
синкинезиялар байқалады.
Паретикалық түрінің негізгі синдромы сөйлеу мускулатурасының 
спастикалық парезі болып саналады. Сонымен қатар кейбір бұлшық еттердің 
бірден тонусының төмендеуі, әлсіреуі байқалады. 
Бұлшық еттердің солғын параличпен зақымдалуына байланысты 
жұмсақ таңдай салбырап қалуы мүмкін, ол дауыстың мұрыннан шығуына 
себеп болады. Тілдің арқасының жеткіліксіздігінен Л,И,Ы,У дыбыстарының 
бұзылуы мүмкін. Солған параличтер ерін бұлшық еттерінде кездессе, онда 
еріндік дыбыстар (П,Б,М) дауысты дыбыстар (И,Ы,У) бұзылуы мүмкін. 
Кейде саливация (сілекей ағу), беттің гипомимиясы байқалады.
Гиперкинетикалық түрінде пирамидалық жолдардың зақымдалуымен 
қоса ми қыртысы астындағы ядролар мен оның байланысы бұзылады. 
Бұлшық еттердің тонусының қатаюы тремормен бірге байқалады. 
Дизартрияның бұл түрінде сөздің жатықтығына әсер ететін сөйлеу тілінің 
просодикасы айтарлықтай бұзылады және көбінесе анартрия кездеседі. 
Қорытынды.
1. Дизартрияның спастикалық-паралитикалық түрінің механизмінің


123 
негізінде орталық спастикалық паралич жатыр. 
2. Спастикалық-паралитикалық түрі мидың әр түрлі құрылымдарының
зақымдалуына байланысты үш түрге бөлінеді: 
- спастикалық
- спастикалық-паретикалық; 
- спастикалық - гиперкинетикалық. 
3. Алдымен артикуляциясы күрделі дыбыстар бұзылады. 
4. Дауысты, дауыссыз дыбыстар мұрыннан айтылады. 
5. Дауыс әуезділігі бұзылған, қырылдақ. 
6. Просодикасы бұзылған. 
7. Сөйлеу тілінің дамуы кешеуілдейді, фонетикалық-фонематикалық 
жетілмеуі байқалады. 
Гиперкинетикалық дизартрия 
 
Дизартрияның 
гиперкинетикалық 
түрі 
(ми 
қыртысы 
асты, 
экстропирамидалық) стриополидарлық жүйесінің және оның мидың басқа 
құрылымдарымен байланысының бұзылу салдарынан болады. Орталық нерв 
жүйесінің зақымдалуында экстропирамидалық жүйесінің функциясының 
бұзылу симптомдары: бұлшық еттердің тонусының тұрақсыздығы (дистония) 
және дене қалпын сақтай алмауы. Дизартрияның бұл түрінде естудің 
нашарлауы кездеседі, соның салдарынан фонематикалық қабылдау 
процесінің дамуында қиындықтар туындайды. Ұқсас фонемаларды ажырату 
қиыншылықтары, сөздің мағынасын түсінуін қиындатады.
Сонымен 
қатар 
ауызша 
сөйлеу 
тілінің 
жылдамдығы 
мен 
ырғақтылығының ерекше бұзылуы, сөйлеу кезіндегі тыныс алуының 
қалыптаспауы, 
артикуляциялық, 
мимикалық, 
бұлшық 
еттердің 
гиперкинездері байқалады. Аталған симптомдардың баланың көңіл күйіне 
байланыстылығы дизартрияның бұл түрін тұтықпаға ұқсатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет