I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет64/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   224
24344 (1)

 
VII. Дыбыс айтуын түзету. 
1. Бұзылған дыбысты қою. 
2. Дыбыстарды машықтандыру және сөйлеу тілге енгізу. 
3. Қойылған дыбыстарды ажырату. 
VIII. Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды жою. 
 
Зондпен массаж (сылау) 
Дизартриясы бар балалардың және сөйлеу тілі бұзылысының кешенді 
сипаты неврологиялық сиптоматиканың, эмоционалдық ерік-жігер 
сферпасының бұзылысымен толуғуы бұл категогриядағы балалардың 
мектепте оқуына дайындығын төмендетеді. Көбінесе дыбыс қоюдың 
әдеттегідей тәсілдері керекті нәтижені көрсетпейді: артикуляциялық қатары 
ұзақ қалыптаспайды, бақылау жүргізілмесе тез жайылып кетеді, қойылған 
дыбыстар баланың өзіндік сөйлеу тілінде ұзақ уақыт машықтанбайды. 
Логопедиялық әсер етудің тиімділігі түзетушілік-педагогокалық әрекетті 
жүзеге асыратын мамандардың біліктілігіне байланысты болып келеді. 
Е. Н. Новикованың ұсынған массаж жасау дизартриядағы кешенді 
медициналық-педагогикалық жұмыстағы ең тиімді әдістердің бірі болып 
табылады. 


142 
Оның мәні артикуляциялык мүшелердің жарақаттанған бөліктеріне ( тіл, жақ, 
бет, жұмсақ таңдайдың) зондпен мақсатты турде ықпал етуде негізделеді. 
Массаж булшық еттердің қалпын өзгертеді: тамаққа тәбетін белсендіреді
оньң біркелкілігін және қысқаруын жаксартады, қалыпты сөйлеу тілі 
әрекетіне қажетті кинестетикалық сезімдеріне үлесін тигізеді. Зондпен 
массаждың түрлі тәсілдерін қолдану арқылы бұлшық еттінің тонусын 
жоғарылатуға немесе төмендетуге, қанайналымын жылдамдатуға, ұлпадағы 
айналым процесін жоғарылатуға болады. 
Классикалық массажға қарағанда зондтың көмегімен артикуляциялық 
аппараттың терең орналасқан бұлшық ет ұлпаларына әсер етуге болады, құсу 
рефлексінің, сілекей ағудың алдын-алуға болады. 
Логопедиялық және педагогикалық әсер етудің әдеттегі тәсілдерімен 
бірге зондпен массажды қолдану логопедке дыбыстың қойылуын 2-3 есе 
жылдамдатып, 
ең 
алдымен 
дизартриясы 
бар 
балада 
дыбысты 
машықтандыруға көмектеседі. Мектепке дейінгі мекемелерде зондпен 
массаж жасаудың жүйелі түзетушілік жұмысына мынадай жағдайлар қажет: 
мұғалім -логопедтің әдістемелік және техникалық дайындығы, соған сәйкес 
логопедиялық кабинеті жабдықтау, мұғалім-логопедтің невропотлогпен 
бірлескен әрекеті, мұғалім-логопедтің тәрбиешілермен байланысы, ата-
аналарды түзету процесіне кіргізу.
Мұғалім-логопед зондпен массаждың техникасын ғана біліп қоймай, 
сонымен бірге массаж тәсілдерінің физиологиялық әрекеті жайлы түсініктері 
болуы керек. Сөйлеу тілі аппаратының анатомиясын, булшық еттерінің, қан 
тамырларының, 
жүйке 
жуйесінің 
топографиясын, 
артикуляциялық 
мүшелерінің тексеру әдісін білу массаж тәсілдерін дұрыс қолдануға көмегін 
тигізеді. Зонд массажын қолданып жургізетін сабақты жарық 14-16 шаршы 
метрлік кабинетте, температурасы +22° төмен емес болатындай жургізу 
керек. Массаж жасағанда бала жартылай жатуы керек, соның себебінен 
кабинетті қалың төсек және биік жастығы бар кушеткамен жабдықтау керек.
Міндетті түрде әр балаға зондтың жеке комплекстерін, салфетканы
дизенфекцияланган ерітіндіні қолдану керек. 
Мұғалім-логопед зондпен массаж жасаудан бұрын баланың
денсаулығы және неврологиялық симптоматикасы, бұлшық еттерінің 
инервациясының парез және паралич түрендегі бұзылысы жазылған 
педиатрдың невропотологтың, отоларингологтың қорытындысын мұқият 
зерттеп шығуы керек. Егер балада туберкулездың асқынған формасы, 
коньюктивит, еріндегі ұшық немесе ауыз қуысындағы басқа инфекциялар, 
фурункулез, стоматит болса массажды жасамау керек. Дизартрясы бар 
баладағы гипертензионды-гидроцефалды, церебрастеникалык синдром, 
кимыл-козғалыс 
бұзылыстарының 
синдромы 
мұғалім-логопед 
пен 
невропотологтың көмегінің кажеттілігін сипаттайды. 
Массаж жасау үшін баланы ынғайлы орынға жатқызып, өзін еркін 
ұстауына мүмкіндік туғызу керек. Бет бұлшық еттеріне біртіндеп, сатылай 
массаж жасау жұмысын жүргізу керек. Ондағы мақсат- дыбыс шығаруда тіл 


143 
қимылының әлсіз қалпын ширату, дыбыс шығару әрекетін жақсарту, 
жаратылысында табиғи кемістігі бар жақтарын мүмкіндігінше түзету. 
Зонд арқылы массаж бастамас бұрын маман қолына 7-8 рет әзірлеу массажын 
жасап, біраз икемге келтіргені жөн. Массаж жасау әдіс-тәсілдеріне қысу
сырғанату, үйкелеу, бұрау, тілдің бұлшық еті үшін жасалынатын созу түрі 
жатады.
Баланың менгеру қабілетіне байланысты әр сылау жасау уақыты 20-25 
минут көлемінде орындалады. Логопедтік массаж жасау кезінде бір-біріне 
себін тигізіп, сабақтасатын басқа да жаттығулар жасауды енгізген дұрыс: 
- жақтың массажынан 2-3 жаттығу; 
- бет ұшы массажынан 2-3 жаттығу; 
- ауыз қуыс айналасының бұлшық еттеріне зонд, қол арқылы жасалатын 
2-3 жаттығу; 
- тілдің бұлшық еттеріне зонд, қол арқылы жасалатын 2-3 жаттығу; 
Келесі жаттығуларда «Жұмсақ таңдай массажы» жаттығуын қосуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет