Қазақстанда бизнес ашу кезінде нені білу қажет?



жүктеу 178.55 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі178.55 Kb.
Қазақстанда бизнес ашу кезінде нені білу қажет?

Қазақстан бизнестің әр алуан бағыттарының дамуы тұрғысынан алып қарағанда, келешегі зор және белсенді дамып келе жатқан ел болып табылады. Республика үкіметі кәсіпкерлерді белсенді түрде қолдап отырады. Бизнесті тіркеудің, лицензиялаудың жеңілдетілген құралдары жасалып,  жеңілдікті салық салу нұсқалары мен басқа да қолайлы шарттар ұсынылуда. Қазақстан 2012 жылы Дүниежүзілік Банк нұсқасы бойынша бизнесті ашу мен жүргізудің оңайлығы рейтингінде 183 елдің арасынан 47 орынға ие болды. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 12 орынға алға жылжыды.

Сонымен, сіз бизнес ашпақ боп шештіңіз және  өзіңіздің мүмкіндіктеріңіз бен келешегіңізге әділ баға бере білесіз.  Жеке кәсіпкерлік субъектілері салық есептілігінің мәліметтеріне сәйкес келуі тиіс өзінің мәртебесі жайлы ақпаратты (анықтаманы) мемлекеттік органдарға өздері ұсынады, әрі ұсынған мағлұматтардың дұрыстығына да солар жауап беруі керек.

 

Кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесін қандай шамалар анықтайды?

Кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесіне төмендегілер ықпал жасайды:


  • қызметкерлердің жылдық орташа саны;

  • активтердің жылдық орташа құны;

  • кейбір жағдайларда -  қызмет түрлері.

Орта есеппен бір жыл ішіндегі қызметкерлердің тізімдік саны, қызметкерлердің орта есеппен есепті жылдың барлық айларындағы орташа санын қосындылау және алынған санды 12-ге бөлу жолымен анықталады  (Еңбек жөніндегі статистикалық есептілікті толтыру бойынша Нұсқаманың 20 тармағы).

Активтердің жылдық орташа құнын анықтау үшін бухгалтерлер мынадай формуланы пайдаланады. Активтер құны ағымдағы жылдың әрбір айының алғашқы күніне (1 қаңтар, 1 ақпан және т.с.с. 1 желтоқсанға дейін), сондай-ақ, келесі жылдың 1 қаңтарына (яғни, барлығы 13 айға) қосындыланады. Алынған сома 13-ке бөлінеді. Нәтижесі активтердің бір жылдағы жылдық орташа құнын құрайды.



Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің айырмашылықтары

«Кәсіпкерлік туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүргізудің үш түрлі нысаны бар: шағын, орта және ірі кәсіпкерлік. Өзінің белгілі бір мәртебеге қатыстылығын  кәсіпкерлік субъектілері өздері растаулары тиіс. Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері қаржы және салық есептілігін өздерінің жеке кәсіпкерліктің қандай да бір түріне (шағын, орта немесе ірі) сәйкестігінің шамалары қарастырылған салық огандарындағы тіркелу есебінің орны бойынша тапсырады.  

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне:


  • қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын жеке кәсіпкерлер;

  • қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын және бір жылдағы активтерінің жылдық орташа құны 60 000-еселік  АЕК-тен аспайтын заңды тұлғалар жатады.   

Төмендегілерді жүзеге асыратын  жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерліктің субъектілері бола алмайды:

  • есіркті құралдарының, психотропты заттар мен прекурсорлардың  айналымына қатысты қызмет;

  • акцизделетін өнімнің өндірілуі және (немесе) көтерме саудасы;

  • астық қабылдау орындарында өнім сақтауға байланысты әрекет;

  • лотерея жүргізу;

  • құмар ойын және шоу-бизнес саласындағы қызмет;

  • мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу қуаттарын өндіру, өңдеу және сатуға байланысты қызмет;

  • радиоактивті материалдар айналымына қатысты қызмет;

  • банк қызметі (немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агенті қызметінен басқа);

  • аудиторлық қызмет;

  • құнды қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;

  • несие бюроларының қызметі.

Орта кәсіпкерлік субъектілеріне:

  • қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан асатын жеке кәсіпкерлер;

  • қызметкерлерінің жылдық оратша саны 50-ден көп, бірақ 250 адамнан аспайтын  және бір жылдағы активтерінің жылдық орташа құны 325 000-еселік АЕК-тен аспайтын заңды тұлғалар жатады.  

Ірі кәсіпкелрік субъектілеріне:

  • қызметкерлерінің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын немесе бір жылдағы активтерінің жалпы саны 325 000-еселік  АЕК-тен асатын заңды тұлғалар жатады.

Жеке кәсіпкерлер ірі кәсіпкерлік субъектілері бола алмайды.

 

Бизнесті тіркеу

Бизнес тіркеуден басталады. Жеке істі ашу үшін,  электрондық үкімет веб-порталындағы электрондық  өтінішті толтыру қажет және бір күн ішінде сіздің жеке кабинетіңізге мемлекеттік тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы электрондық анықтама түріндегі жауап келеді. Бұл мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының электрондық порталының «Бизнесті тіркеу» бөлімінен табуға болады.   

Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне келетін болсақ, мемлекеттік тіркеу «электрондық үкімет» порталында да, сонымен қатар заңды тұлғаларды мелекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіпте (ХҚКО арқылы) жүргізілуі мүмкін.  

 

Кәсіпкерлік қызмет нысандарының ерекшеліктері

Төменде берілген кесте жалпылама түрде кәсіпкерлік қызметтің қандай да бір нысанының ерекшеліктерін көрсетеді.



Қысқартулар:

  • ЖК – жеке кәсіпкер;

  • ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

  • АҚ – акционерлік қоғам;

  • АЕК – айлық есептік көрсеткіш;

  • ШКС – шағын кәсіпкерлік субъектісі;

  • ОКС – орта кәсіпкерлік субъектісі;

  • ІКС – ірі кәсіпкерлік субъектісі.

 

ЖК

ЖШС

(ШКС)

ЖШС

(ШКС емес)

АҚ

патент

жеңілдетілген декларация

көпшілік мақұлдаған тәртіп

(ШКС)

жеңілдетілген декларация

көпшілік мақұлдаған тәртіп

Мемлекеттік тіркеу үшін алым мөлшері

АЕК

АЕК

АЕК

АЕК

АЕК

6,5 АЕК

6,5АЕК

Құрылтай құжаттарын өңдеу қажеттілігі

жоқ

жоқ

жоқ

қалауы бойынша (үлгілік жарғы болуы мүмкін)

қалауы бойынша (үлгілік жарғы болуы мүмкін)

қалауы бойынша (үлгілік жарғы болуы мүмкін)

қалауы бойынша (үлгілік жарғы болуы мүмкін)

Құрылтай құжаттарын нотариалды куәландыру қажеттілігі

-

-

-

қалауы бойынша

қалауы бойынша

міндетті

міндетті

Тіркеуші органдар

Салық органы

Салық органы

Салық органы

Әділет органы Салық органы
(ХҚКО арқылы)

Әділет органы Салық органы
(ХҚКО арқылы)

Әділет органы Салық органы
(ХҚКО арқылы)

Әділет органы Салық органы
(ХҚКО арқылы) Ұлттық банк
(эмиссиялар мен акцияларды тіркеу)

Тіркеудің бағдарлы мерзімі (барлық органдарда)

3 жұмыс күні

 

3 жұмыс күні



3 жұмыс күні

5 жұмыс күні

 

5 жұмыс күні



7 жұмыс күні

7 жұмыс күні

Мөр дайындау қажеттілігі

қалауы бойынша

қалауы бойынша

қалауы бойынша

иә

иә

иә

иә

Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері

жоқ

жоқ

жоқ

100 теңге

 

100 теңге



100 АЕК

50 000 АЕК

Жарғылық капиталды төлеу мерзімі

жоқ

жоқ

жоқ

 1 жыл (ең кемі – тіркеуге дейін)

1 жыл (ең кемі – тіркеуге дейін)

1 жыл (ең кемі – тіркеуге дейін)

30 күн

Тіркеуге қажетті құжаттардың ең аз жиынтығы

Өтініш. Жеке куәлік. Фотосурет.
Тұрған жері туралы құжат.
Түбіртек.

Өтініш. Жеке куәлік. Фотосурет.
Тұрған жері туралы құжат.
Түбіртек.

Өтініш. Жеке куәлік. Фотосурет.
Тұрған жері туралы құжат.
Түбіртек.

Өтініш. Құрылтайшының, директордың жеке куәлігі, СТН. Жарғы.  
Тұрған жері туралы құжат.
Түбіртек.

 

 



Өтініш. Құрылтайшының, директордың жеке куәлігі, СТН. Жарғы.
Тұрған жері туралы құжат.
Түбіртек.

 

 



Өтініш. Құрылтайшының, директордың жеке куәлігі, СТН. Жарғы.
Тұрған жері туралы құжат.
Түбіртек.

 

 



Өтініш. Құрылтайшының, директордың жеке куәлігі, СТН. Жарғы. Жиналыс хаттамасы.
Тұрған жері туралы құжат.
Түбіртек.

 


 

Қарыздар бойынша мүліктік жауапкершілік

барлық мүлкімен

барлық мүлкімен

барлық мүлкімен

жарғылық капиталдағы үлес құнының шегінде

жарғылық капиталдағы үлес құнының шегінде

жарғылық капиталдағы үлес құнының шегінде

акциялар құнының шегінде

Құрылтайшылар (фирма иелерінің) саны 

1

1

1

шектеусіз

шектеусіз

шектеусіз

шектеусіз

Жалдамалы қызметкерлер санын шектеу

 

25

50

50

50

шектеусіз

шектеусіз

Айналымдар бойынша шектеу

жылына 200-еселік ең төменгі жалақы

бір тоқсанда 10 000 000теңге

жылына 60 000 АЕК

бір тоқсанда 25 000 000теңге

жылына 60 000 АЕК

шектеусіз

шектеусіз

Басқа нысанға қайта құру, құрылтайшылар құрамының ауысу мүмкіндігі

жоқ

жоқ

жоқ

иә

иә

иә

иә

Фирмалық атау

жеке тіркеуді қажет етеді

жеке тіркеуді қажет етеді

жеке тіркеуді қажет етеді

тіркелген уақыттан бастап қорғалады

тіркелген уақыттан бастап қорғалады

тіркелген уақыттан бастап қорғалады

тіркелген уақыттан бастап қорғалады

Салық салынатын табыс

мәлімделген табысқа салынады

түсімге салынады

шығынды шегерумен табысқа салынады

түсімге салынады

шығынды шегерумен табысқа салынады

шығынды шегерумен табысқа салынады

шығынды шегерумен табысқа салынады

Табыс салығы

мәлімделген табыстан тең үлеспен 2%

түсімнен 3%, тең үлеспен

шығынды шегерумен табыстан 10% 

түсімнен 3%,  тең үлеспен

шығынды шегерумен табыстан 20%  

шығынды шегерумен табыстан 20%  

шығынды шегерумен табыстан 20%  

Әлеуметтік салық

АЕК өзі үшін
+
1 АЕК әрбір жалдамалы қызметкер үшін

жалақы қорынан 11%

жалақы қорынан 11%

жалақы қорынан 11%

ҚҚС

жоқ

салық салынатын айналымнан, айналым 30 000-еселік АЕК мөлшерінен асқан жағдайда, 12% (кемінде бір жыл ішінде)

Статистикалық есептілікті жүргізу мен тапсыру қажеттілігі 

жоқ

жоқ

жоқ

иә

иә

иә

иә

Филиалдар мен өкілдіктер ашу мүмкіндігі

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

иә

иә

иә

Қызметтің кейбір түрлеріне шектеулер

бар

бар

бар

бар

бар

жоқ

жоқ

Шағын бизнес үшін салық салу режимі

Тіркелген сәтінен бастап кез келген кәсіпорын салық төлеушіге айналады.  Үнсіз келісім бойынша ЖК де, ЖШС де көпшілік мақұлдаған режимге сәйкес жұмыс істейді.  Бұл жағдайда кіріс және шығыс есебін және ілеспе құжаттаманы жүргізу міндетті.

Табысқа кесімді мөлшерлемемен салық салынады: ЖК үшін 10% (жеке) және ЖШС үшін 20% (корпоративті). Тоқсан сайынғы табысы 10 млн. теңгеден асатын, ал қызметкерлерінің саны 25 адамнан асатын субъектілердің барлығы осы режимге жатқызылады; сондай-ақ елдің түрліше елді мекендерінде құрылымдық бөлімшелері бар кәсіпорындар.

Жалпыдан бөлек, салық салудың жеңілдетілген режимінің екі түрі бар. Оларға ЖК немесе заңды тұлға тіркелген сәттен бастап 10 күн ішінде не болмаса келесі салық кезеңі басталғанға дейін Салық басқармасына өтініш беру арқылы ауысуға болады.    

Ең қарапайым режим – патент. Бұл категорияға тек қана жалдамалы жұмысшылары жоқ және жылдық табысы 200 ЕТЖ-дан аспайтын ЖК жатады. Патенттің басты артықшылығы -  патентті рәсімдеу кезінде мәлімделген жылдық табыстың 2% есебінен барлық салықтардың бір мезгілде төленуі. Оған қоса  ЕТЖ-ның 10% мөлшеріндегі зейнетақы жарнасы және ЕТЖ-ның 5% мөлшеріндегі әлеуметтік аударымдар.

Салық салудың екінші арнайы режимі – жеңілдетілген декларация негізінде. Ол ЖК үшін тоқсандық табысы 10 млн. теңгеден аспайтын, ал жалдамалы қызметкерлер саны 25 адамнан аспайтын немесе ЖШС үшін  табыс 25 млн. және штатта 50 адам болған жағдайда мүмкін. Жеңілдетілген декларация бойынша тоқсандық табыс сомасының  3% мөлшерінде салық төленеді. Оған қоса дәстүрлі зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бар, әрі бұл жағдайда ЖК үшін де, жалдамалы жұмысшылар үшін де жүзеге асырылады.

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанда үкімет тарапынан ксіпкерлікті қолдауға үлкен мән беріледі. Бастаушы кәсіпкерлердің, сондай-ақ өз орнын тауып, белгілі бір табыстарға қол жеткізгендердің өмірін жеңілдететін көптеген құралдар бар.

Бизнес үшін онлайн-сервистер



«Электрондық үкімет» www.egov.kz порталы сіз үшін тамаша кеңесші әрі бизнесті жүргізудегі көмекші бола алады. Мұнда сіз сөреден, яғни бизнесті тіркеуден бастап, тіркелген заңды тұлға, филиал және өкілдік туралы анықтама алу, заңды тұлғаға қатысу туралы анықтама алу секілді мемлекеттік қызметтерге дейінгі өзіңізге қажеттінің бәрін таба аласыз.  Мұнда экономиканың түрлі секторлары, лицензиялау, экспорт және импорт туралы өзекті ақпарат та табылады. Сондай-ақ, нормативті-құқықтық актілердің үнемі жаңартылып отыратын қорына жүгінуіңізге болады.  

www.elicense.kz Электрондық лицензиялау порталы онлайн лицензиялар мен әр алуан қызмет түрлері бойынша рұқсат алуға көмектеседі.  2012 жылдан бастап лицензиялардың берілуі 100%  онлайн режимінде жүзеге асырылады. Электрондық лицензиялау порталы сонымен қатар лицензияны қайта жасауға, оның дубликатын алуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, портал бұрын-соңды Қазақстанда алынған лицензиялардың толық қорын ұсынады.  Лицензиар мемлекеттік органмен қандай да бір өзара әрекеттестік мүмкіндігі жойылады,  сәйкесінше, лицензия алу шарасы мейлінше әділ.   

www.goszakup.gov.kz  Мемлекеттік сатып алулар порталы – бұл мемлекеттік сатып алулар саласындағы тапсырыс беруші, ұйымдастырушы және жабдықтаушы  ретінде мемлекеттік сатып алуларға онлайн қатысуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін  электрондық қызметтерге бірыңғай қолжетімділік нүктесі.    

Мемлекеттік сатып алулардың веб-порталы төмендегілерді қамтамасыз етеді:



  • мемлекеттік сатып алулар үдерісіне қатысушыларды тіркеу;

  • мемлекеттік сатып алуларды жоспарлау;

  • жүргізілген мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат жинау;

  • электрондық мемлекеттік сатып алулар жүргізу, оның ішінде тапсырыс беруші мен ықтимал жабдықтаушы арасындағы электрондық құжаттармен алмасу;  

  • мемлекеттік сатып алулар веб-порталы арқылы жоспарланған, жүргізілген және жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алулар туралы ақпарат ұсыну;

  • жүргізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша сатистика мен есептілік қалыптастыру;

  • мемлекеттік сатып алулар саласындағы түсіндірмелер мен нормативті-анықтамалық ақпаратты жариялау;

  • мемлекеттік сатып алулар тізіліміне енгізілетін мәліметтерді ұсыну және жариялау.

www.enis.kz Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйесі.  www.enis.kz порталында өңірдегі барлық нотариустар туралы ақпаратты, олардың мекенжайларын, байланыс ақпараттарын және лицензиялары туралы мәліметтерді таба аласыздар. Жүйе мәмілелер жүргізу кезіндегі алаяқтық пен құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермей, қауіпсіздікке кепілдік береді. Құжаттардың түпнұсқалылығына көз жеткізе аласыз.  Е-нотариат жүйесінің арқасында мәміле жасау үшін кез келген нотариусқа жүгіне отырып, ешқандай құқыққа қайшы және алаяқтық мәмілелердің жасалмайтынына шек келтірмеуіңізге болады. Мәселен, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату келісімін рәсімдей отырып, нотариус сатушының құжаттарының түпнұсқалылығын және жылжымайтын мүлікке құқығын тексеріп, сонымен қатар, оған ауыртпалық немесе тыйым салынбағанына көз жеткізе алады.

Кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар:



  • «Бизнестің жол картасы 2020».  Бағдарлама экономиканың шикізаттық емес секторларында аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімделген дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ әрекеттегі тұрақты жұмыс орындарын сақтау мен жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.

  • Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты  - тұрақты және тиімді жұмыспен қамту көмегімен тұрғындар табысын арттыру.

  • Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорынды сауықтыру). Бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге, сондай-ақ олардың әрі қарай тұрақты дамуына  арналған.  

  • ҚР агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы – бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігі мен өнім экспортын арттыруды қамтамасыз ететін елдердің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенін дамыту.

Бастаушы кәсіпкерлерге қолдау көрсететін мемлекеттік компаниялар

Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруға байланысты міндеттерден басқа мемлекет кәсіпкерлікті қолдауды қаржылық, ақпараттық-сараптамалық және материалды-техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша қызметтер атқарады. Қолдаудың бұл нысандарының барлығын мемлекет атқарушы органдар арқылы жергілікті және аумақтық деңгейде қабылданатын әр түрлі бағдарламалардың көмегімен де, әрі ұйым капиталының қатысуымен осы үшін арнайы жасалған бағдарламалар көмегімен де жүзеге асырады.  

1. «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ  Орталықтың негізгі мақсаты – мемлекеттің инновациялық дамуының құрамдас бөлігі ретінде Қазақстан Республикасындағы технологиялардың бәсекеге қабілетті нарығын қалыптастыру және жүйеге келтіру; 

2. «Kaznex» Экспортты дамыту мен ілгерілету жөніндегі корпорация» АҚ Үкіметке мемлекеттік саясатты қалыптастру саласында, оның ішінде кәсіпкерлікті дамыту бойынша да ақпараттық-сараптамалық көмек көрсетеді;

3. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ – интегратор және қаржылық, консалтингілік қызметтерді ұсыну операторы ретінде шағын және орта бизнестің, сондай-ақ Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына көмек;

4. «Ұлттық инновациялық қор» АҚ инвестиция тарту және жобаларды қаржыландыру жолымен инновациялық кәсіпкерлік бастамаларға қаржылық қолдау көрсетеді;

5. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ – заманауи және алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, шикізат пен материалдарды терең ұқсатуды жүзеге асыратын кәсіпорындардың жарғылық капиталын инвестициялау жолымен қаржылық қолдау;

6. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – қаржылық қолдау;



7. Технопарктер, бизнес-инкубаторлар, өнеркәсіптік аймақтар – кәсіпкерлікті оның қалыптасуы мен дамуы сатысында материалдық-техникалар.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет