1.2 Графиктік режимде қолданылатын функциялар
Arc функциясы координаталары (х, у) нүктелерінде жататын доға сызады. аrc функциясының жазылуы: void аrc(int x, int y, int ,бастапқы нүкте, int соңғы нүкте, int радиус);
Bar функциясы тіктөртбұрышты сызады. bar функциясының жазылуы: bar (int x1, int y1, int x2, int y2);. Мұнда х1, у1 параметерлері сол жақ жоғарғы бұрышты береді, ал х2, у2 параметерлері оң жақ төменгі бұрышты береді. Тіктөртбұрыштың ішінің түсін және стилін setfillstyle функциясымен беруге болады.
Bar 3d функциясы кубты сызуға арналған. Bar 3d функциясының жазылуы: Bar 3d (int x1, int y1, int x2, int y2, int терңдігі, int жоғарғы қыры); Мұнда х1, у1 параметерлері сол жақ жоғарғы бұрышты береді, ал х2, у2 параметерлері оң жақ төменгі бұрышты береді. Тереңдігі параметрі алдыңғы және артқы қырлардың арақашықтығын береді. Жоғарғы қыры параметрі жоғарғы қырдың шекарасын сызу керектігін анықтайды.
Circle функциясы шеңбер сызған кезде қолданылады. Circle функциясының жазылуы: Circle (int x, int y, int r); Центрі (х, у) радиусы r болатын шеңберді сызады.
Ellipse функциясы центрі (х, у) нүктесінде жататын эллипсті сызады. Ellipse функциясының жазылуы: Ellipse (int x, int y, int бастапқы нүкте, int соңғы нүкте, int радиус х, радиус у);
Getmaxx функциясы х координатасын оң жақ соңғы нүктеге оралтады. Ал getmaxy функциясы координатасын оң жақ соңғы нүктеге оралтады. Getmaxx, getmaxy функцияларының жазылуы: int getmaxx (void);
int getmaxy (void);
Getx, gety функцияларының жазылуы: int getx (void); int gety (void);
Line функциясының жазылуы: Line(int x1, int y1, int x2, int y2); Бұл функция координатасы (x1, y1) нүктесінен (x2, y2) нүктесіне дейін сызық сызады.
Line to функциясының жазылуы: Line to (int x, int y); Бұл функция ағымдағы нүктеден бастап (х, у) нүктесіне дейін сызық сызады.Linerel функциясының жазылуы:
Linerel (int dx, int dy);шығару көрсеткішінің ағымдағы нүктесінен (xt, yt), (xt+dx, yt+dy) нүктесіне дейін сызық сызады.
Moveto функциясының жазылуы: Moveto (int x, int y); Бұл функция шығару көрсеткіші көрсетілген нүкте координатасына жылжытады немесе орын ауыстырады.
Moverel функциясының жазылуы: Moverel (int dx, int dy); Бұл функция шыару көрсеткішін (dx, dy) нүктесіне жылжытады. Егер dх және dy параметрлерінің мәні оң болса, онда көрсеткіш төмен (солға) ауысады, Егер теріс болса, онда жоғары (оңға) ауысады.
Outtext xy (int x, int y, текст) функциясы (х, у) нүктесінен бастап текст сөзін шығарады.
Putpixel (int x, int y, текст) функциясы берілген түспен (х, у) нүктесін
салу үшін қажет.
Pieslice функциясының жазылуы: Pieslice(int x, int y, int бастапқы бұрыш, int соңғы бұрыш, int радиус); Бұл функция центрі (х, у) нүктесінде жататын радиусы белгілі дөңгелек секторын сызады.
Rectangle функциясының жазылуы: Rectangle (int x1, int y1, int x2, int y2); Бұл функция сол жақ жоғарғы бұрышының координатасы (x1, y1)және де оң жақ төменгі бұрышының координатасы (x2, y2) болатын тіктөртбұрыш сызуға арналған функция.
Sector функциясының жазылуы: Sector (int x, int y, Бірінші бұрыш, Екінші бұрыш, радиус х, радиус у); Эллипстің (радиус х = радиус у) немесе дөңгелектің (радиус х ≠ радиус у) боғандағы секторды сызады. (х, у) нүктесі сектор центрінің координаталары. Егер бірінші бұрыш 0-ге, ал екінші бұрыш 360-қа тең болса , онда сектор функциясы толық дөңгелек сызады.
Достарыңызбен бөлісу: |