Менің курстық жұмысымның негізгі тақырыбы «Динамикалық айнымалыны қолдана отырып, фигуралар суретін құру және жылжыту». Яғни жоғарыда айтылған графикалық режимді үйрену мақсаттарының екеуіде менің жұмысымның тақырыбына сай келеді. Бірақ менің бұл жұмысымның мақсатының бірі болып объектілерді құру және жылжыту ғана емес, cонымен қатар жұмысты істеу кезінде динамикалық айнымалыларды қолдану керектігі қарастырылады. Курстық жұмысты орындау барысында мен келесілерді үйренемін: функцияларды қолдану арқылы суреттерді құрудың амалдарын; қалыптастырылған суретті сақтау үшін қажетті операциялық жадының көлемін анықтау; суреттерді сақтау, оларды экранға шығару және де оларды экраннан жою; суреттердің қозғалысын көрсету үшін олардың орналасу координаттарын анықтауды және өзгертуді.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаттары: графика және графикалық режим жайында жалпы түсініктерді білу, яғни графика дегеніміз не екендігін білу, ол қалай шақырылады тағы сол сияқты; графикалық режимде экранда әр түрлі объектілерді құруды үйрену; сол құрылған әр түрлі объектілерді қозғалысқа түсіруді үйрену; объектілерді қозғалысқа түсіру кезінде динамикалық айнымалыларды қолдануды үйрену.
Курстық жұмыстың тақырыбы графика және оның ішіндегі қозғалыс жайында болғандықтан, мұнда анимация да қолданылады. Анимацияның негізгі мақсаты - қозғалыс иллюзиясын туындату. Қозғалыс иллюзиясы қарапайым ғана этаптардан құралған. Олар: объектілерді экранның берілген нүктелерінде орналастырылуы; белгілі уақыт аралығында объектінің экранда көрсетіліп тұруы; объектілерді жою.
Курстық жұмыс екі бөлімнен құралады. Оның бірінші бөлімі графика және графикалық режим жайында. Онда Си тіліндегі графикалық режимінің мүмкіндіктері жазылған. Екінші бөлімде өзімнің тақырыбым, яғни Динамикалық айнымалыны қолдана отырып, фигуралар суретін құру және жылжыту қарастырылған.
І. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. С++ ТІЛІНДЕГІ ГРАФИКА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 С ++ тілінің графикалық мүмкіндіктері
Си тіліндегі экран үлкен шамадағы нүктелерден құралған тік төртбұрышты аймақ болып табылады. Графикалық режимде кез келген нүктенің түсін өзгертуге мүмкіндігіміз бар. Әр түрлі түске боялған нүктелер жолақтарды, текстерді және де өзге бейнелерді жасай алады. Экрандағы нүктелерді пиксель деп атаймыз. Пиксельдердің саны әр түрлі болуы мүмкін. Ол монитордың сапасына байланысты болады. Графикалық режймде экран х пен у тен құралған үлкен координата жүйесіне ұқсайды. Координаталар басы экранның сол жақ жоғарғы бұрышында орналасқан. Х осінің ұзындығы 640 пиксельге, ал У осінің ұзындығы 480 пиксельге тең. Х соі оңға қарай, ал У осі төмен қарай бағытталады.
(0, 0) 640 х
480
у
Си тілінде экранға әр түрлі графиктік фигураларды (сызық, шеңбер, тіктөртбұрыш) салу үшін графиктік режимді инициализациялау керек.
# include
# include
# define PATHTODRIVER
void main (void)
{ int gdriver = DETECT;
int gmode;
int errorcode;
initgraph (&gdriver, &gmode, PATHTODRIVER);
errorcode = graphresult ();
if (errorcode ! = grok)
{ printf (“қате:%d”, errorcode);
puts (“Enter-ді басыңыз”);
gech ();
return;
}
// Программа денесі
closegraph ();
}
Достарыңызбен бөлісу: |