Тапсырм
а №
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша
ақпарат
|
1
|
Т.Рысқұловтың сөзін қолдана отырып, сол уақыттағы қоғамдық-саяси процестерге баға береді.
Ә.Бөкейхановтың сөзін қолдана отырып, сол уақыттағы қоғамдық-саяси процестерге баға береді.
А.Байтұрсыновтың сөзін қолдана отырып, сол уақыттағы қоғамдық-саяси процестерге баға береді.
М.Дулатовтың сөзін қолдана отырып, сол уақыттағы қоғамдық-саяси процестерге баға береді.
|
4
|
Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
|
2
|
1.1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысқа байланысты айтылды.
2.1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді. І дүниежүзілік соғысқа қатысып жатқан Ресей империясына соққы берді. Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық сана сезiмiнiң оянуына түрткi болды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiс қазақ халқының сан ғасырлық азаттық күресi тарихында ерекше орын алады.
Оқиғаның тарихи маңызы
Қазақ халқы отаршылдыққа қарсы күш біріктірді.
Тәуелсіздік жолындағы күрестің алғашқы қадамдарының бірі болды.
Тұлғалардың рөлі
А.Иманов, Ә. Жанбосын, Т. Бокин мен көтерiлiстiң басқа да басшылары халықты ұлт азаттық күреске жұмылдырды. Халықты көтеріліске ұйымдастырып, қара жұмысқа ер азаматтарды бермей, қасық қаны қалғанша бостандық үшін күресіп, патша бұйрығын орындамады.
Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы патша үкіметі өкілдерімен келіссөз жүргізу, қара жұмысқа алынатындардың тізімін жасаудың уақытын созу, қантөгіске бармай, халықты құрбан болудан сақтау, Ресейде басталып келе жатқан революциялық қозғалыстардың өршіген сәтін күтіп,
сол сәтте қарсылыққа шығуды ұсынды.
|
6
|
Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
|
3
|
себеп. Алаш партиясының бағдарламасы барлық әлеуметтік топтардың мүддесін ескерді;
себеп. Жер мәселесін шешудің тиімді жолдары ұсынылып, қазақ жері қазақ елінің
|
7
|
Білім алушының басқа да дұрыс
|
|
меншігі болатындығы және қоныстандыру саясатын тоқтату көзделді;
себеп. Бастауыш білім баршаға тегін, қазақ балалары үшін ол міндетті түрде өз ана тілінде берілетін болды;
себеп. Мемлекет басшылары мен лауазымдық қызметке сайлау арқылы қойылады;
себеп. Қазақ ұлтына көбірек мүмкіндік берілді, өзге ұлттардың да құқықтары болды.
Қорытынды
Қоғамдық-саяси өмірге араласа бастағанда
«Алаш» партиясы қазақ халқын отарлық езгiден азат ету мен тәуелсіз ел болуды ұсынды.
Алаш партиясы бағдарламасында халыққа саяси, маңызды мәселелердің шешудің жолдары
ұсынылды.
|
|
жауаптары қабылданады
|
4
|
Қазақ зиялыларын қандай мақсаттар біріктіргені бойынша екі мысалын анықтайды.
|
2
|
Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
|
5
|
Қазақ зиялыларының қоғамдағы ролін анықтайды.
Позициясын түсіндіруде 1-ші себебін анықтайды;
Позициясын түсіндіруде 2-ші себебін анықтайды;
Позициясын түсіндіруде 1-ші мысалын келтіреді;
Позициясын түсіндіруде 2-ші мысалын келтіреді;
Тақырып бойынша қорытынды жасайды.
|
6
|
Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
|
Барлығы
|
25
|
Достарыңызбен бөлісу: |