Препарат бөлмесі – зертханалық - тәжірибе сабақтарына қажетті құралдарды дайындауға арналған жұмыс орны. Бұл жерде оқу барысына керекті барлық жабдықтардың болуы тиіс (мұздатқыш, дистиллятор, таразылар, центрифуга, микроскоп және т.б.).
Бокс бөлмесі – стерильді жағдайда микроорганизмдер дақылдарын себу және қайта себу, сонымен қатар, кейбір ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде қолданылатын бөлме.
Бокстың жылжымалы есігі бар тамбуры болады. Бокстың терезесі сыртқы ортадан ауа кірмейтіндей әйнектеліп, қабырғалары плиткамен қапталады немесе майлы бояумен сырланады. Еденіне линолеум төселеді. Боксты натрий гидрокарбонатын (ас содасын 2-3%-ы), 3-5%-ды карбол қышқылы және басқа да дезинфекциялағыш заттардың ерітінділерімен ылғалдандырып, жуып тұрады
Вивари – ақ тышқандарды, ақ егеуқұйрықтарды, теңіз шошқаларын, үй қояндарын және басқа зертханалық жануарларды күтуге арналған бөлме. Жануарлар ғылыми-зерттеу жұмыстарында және сабақ өткізу ұшін қолданылады.
Қорытынды
Зертханалық қауіпсіздіктің біздің күнделікті өмірімізде атқаратын рөлін түсіну маңызды. Біз көшеге шыққанда көптеген сақтық шараларын қолданамыз және арнайы жабдықты қажет болғанда ғана пайдаланамыз. Дегенмен, біз зертханада жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті сақтау қаншалықты маңызды екенін жиі ұмытып кетеміз. Осы ережелерді сақтай отырып, кез келген адам әрқашан кез келген нәрсеге дайын екендігіне кепілдік бере алады! Зертханалық кабинетте жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін өз қауіпсіздігіміз үшін қатаң түрде сақтап отырып жұмыс жасау қажет. Химия, биология, ауылшаруашылығы, техникалық және т.с.с. салалардағы ғылыми нәтижелер тәжірибелік жұмыстар (эксперимент) арқылы алынады. Ал мұндай жұмыстар тек арнайы жабдықталған лабораторияларда жасалынатындығы көпшілікке мәлім. Осындай жұмыстардың бір бөлігі химиялық реактивтердің қатысуымен іске асады. Лабораторияға алғаш келген адамның алдында бірінші күннен бастап әр түрлі қиындықтар туады. Оның үстіне әрбір лабораторияның өзіндік ерекшелігі болады. Сондықтан жас маман лабораториялық жұмыстардың техникасы мен дағдыларын бірденнен игеріп кете алмайды. Оған тек лабораториядағы сақтық және қауіпсіздік ережелерді мүлтіксіз орындай отырып, күнделікті жұмыстарды аса мұқияттылықпен орындау, ізденіс пен талпыныстың арқасында ғана қол жеткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |