VI. Микробиологиялық зертахана бөлмелері
Жарықтың мол болуы үшін зертханадағы жұмыс үстелдері терезеге жақын орналастырылуы қажет. Үстелдердің беті пластикпен, плексигласпен немесе қалың шынымен жабылып, ортасына шыны түтіктерге арналған штативтер, бояулар құйылған ыдыстар немесе тамызғыштар, спирт шамдары және т.б. қойылады.
Оқу барысын қамтамасыз ету үшін микроорганизмдер өсінділері, қондырғылар және жуу, стерильдеу, қоректкі орталарды дайындау, бокс, препарат, термостат, жануарларды күтуге арналған виварий және басқа да бөлмелер болуы керек.
Жуу бөлмесінде үстелдер, раковина, электр немесе газ плиталары, кептіргіш, ауа сорғыш шқаф судың буы мен шыны ыдыстарды жууда қолданылатын реактивтердің иістерін кетіру үшін қажет. Бұл жердің едені мен қабырғалары кафельмен қапталады.
Стерильдеу бөлмесінде бір немесе екі бумен стерилбдейтін қондырғылар мен үстелдер болады. Стерильдеу бөлмесінде стерилизаторларды ашқаннан кейінгі шығатын будың қалдықтарын кетіру үшін бөлме желдеткіштері болуы қажет. Қысымның көтерілуіне дейінгі пайда болатын бу резеңке түтік арқылы сыртқы ортаға шығарылады немесе суы бар шелекке бағытталады.Бұл бөлменің есіктері мен терезелері сыртқа қарай ашылғаны жөн.
Қоректік орталарды дайындау бөлмесінің қабырғалары плитамен қапталған немесе майлы бояумен сырланған, ал еденіне плита немесе линолеум төселеді. Мұнда газ немесе электр плитасы, шыны түтіктерге құйылған қоректік орталарға арналған бөліктері бар жәшіктер, үстелдер, қоректік орта компоненттерін, ет сорпасын және басқа да сұйық орталарды сақтауға арналған мұздатқыш пен шкафтар болады.
Термостат бөлмесінде әр түрлі көлемдегі термостаттар орналастырылады. Зең саңырауқұлақтарды өсіруге арналған термостаттың температурасын 20-25°С, көптеген сапрофитті микроорганизмдерге 25-30°С, жұқпалы аурулардың қоздырғыштарына 35-37°С, ал термофилді микроорганизмдерді өсіру үшін 40-45°С-ге реттелген термостаттар болады.
Достарыңызбен бөлісу: |