Ибб сессия нжгадс


Қазақстан Республикасында



Pdf көрінісі
бет11/35
Дата29.05.2024
өлшемі4.15 Mb.
#502067
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
ИББ СЕССИЯ НЖГАДС

Қазақстан Республикасында
мүмкіндігі шектеулі балаларды
жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу қай жылдан жəне
қалай басталғанын сипаттаңыз.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында
«Балалардың мектепке дейінгі сапалы тəрбие жəне оқыту мен толық қамтылуын,
олардың мектепке дейінгі тəрбие жəне оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін
жəне «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген.Қазіргі
уақытта дамуында ақаулары бар балалар саны артып отыр.Оларды оқыту кеңейіп,
түзетіп қолдау технологиялары жетілдірілуде. Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі
шектеулі балаларға айырықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда
тұрған негізгі міндет-олардың əлеуметтік ақталуы мен биімделуіне, қоғамдағы
толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау жəне көмек көрсету. Қ.Р Президентінің
07.12.2010 жылғы №1118 Жарлығымен бекітілген білім беруді дамытудың Мемлекеттік
бағдарламасы инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруді қарастырады. Мүмкіндігі
шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан
басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі
шектеулі балаларды əлеуметтік жəне медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау»туралы
заңы қабылдады.Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру
мəселесіне мəн берілген. Оларды білім беру, əлеуметтік, медициналық тұрғыда
қамтамасыз ету қарастырылған.
Инклюзивті білім беру –мүмкіндігі шектеулі
балалардың жалпы білім беретін мектептерде тең жағдайда бірдей білім алуына
қолжетімділігін ұйымдастыру. Мəселен арбамен қозғалатын балалар үшін мектептерде
арнайы панустар өзге де мүмкіндіктер қарастырылуы керек. Бұл индикаторлар
2011-2015жылдарға арналған стратегиялық жоспарда да талап етілген. Инклюзивті
оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық
адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше
қажеттігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.Тəжірибе көрсеткеніндей қатаң


білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе
мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт
мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін
қалыптастырады.
Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін қандай арнайы
жағдайлар қажет Ең алдымен, даму мүмкіндігі шектелген балалармен жұмыс жасай
алатын мамандар даярлау.Екіншіден архитектуралық кедергілерді жою.
Білім
мекемелерін
арнайы тұтқалармен, парталармен, үстелдермен жəне басқа да
компенсаторлық құралдармен жабдықтауды, көтергіш қондырғылар, пандустар,
санитарлық бөлмелердің арнайы қондырғыларын орнататын іс-шаралар кешенін бастау
қажет. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беруді жетілдіру мақсатында
төмендегідей мəселелерді қарастрады. 2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін
қажетті нормативтік база құрылады. Инклюзивті білім беру шеңберінде жалпы жəне
арнайы білім берудің өзара əрекетінің тетігі əзірленеді, мүмкіндігі шектеулі балаларды
біріктіріп
оқытудың
модульдік бағдарламалары əзірленеді мүгедек балаларға
қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың тəртібі əзірленеді.
Осы жұмыстардың барлығы да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» «Бала
құқықтары туралы», »Кемтар балаларды əлеуметтік жəне медициналық –педагогикалық
түзету арқылы қолдау туралы» Заңдарын жəне Ережелерді басшылыққа алады.
Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады.
2015 жылға дейінгі инклюзивтік білім берумен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25
пайызын қамту көзделсе, инклюзивтік білім беруге жағдай жасаған мектеп үлесі 30%-ға
жету керек. Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектепке дені сау
балалармен қатар білім алуына жағдай жасайды. Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі
шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылардың тарапынан өзіне
қолдау бар екенін сезінеді, бұл баланың өзін-өзіне бағалай білуіне, қоршаған ортасына
сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне жол ашады.
Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай ата-анасынан
алшақтамай, яғни арнайы мектеп-интернаттарда тұрып оқуға мəжбүр болмай,
тұрғылықты жерде білім алады. Қоғаммен біте қайнасып, əлеуметтік жағынан
бейімделеді. Ата-анасы да баласының дамуы мен тəрбиесіне белсене қатысып,
жеткіншек алдында жауакершіліктері артады
1
2
6


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет