Ибб сессия нжгадс


көру,есту жəне тепе-теңдік сақтау рецепторлары



Pdf көрінісі
бет19/35
Дата29.05.2024
өлшемі4.15 Mb.
#502067
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
ИББ СЕССИЯ НЖГАДС

көру,есту жəне тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады.
Баланың сенсорлық дамуы – бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы
ойларының қалыптасуы жəне оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі,
көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дəмі т.б.
Көру қабілетінің бұзылысы сезіну, қабылдау, елестету жəне т.с.с. бірқатар
психикалық процестердің дамуына кері əсер ететін екінші қызметтік


ауытқуларды тудырады (көру аумағын тарылту, көру өткірлігін төмендету
жəне т.б.). Қалыпты көретін баланың іс-əрекеті айналадағылардың
əрекетіне еліктеуге сүйенеді. Ал көрмейтін бала арнайы ұйымдастырылған
оқытусыз өздігінен бағытталған əрекетті қоршаған заттар мен олардың
əрекетін мүлдем немесетолық елестете алмау, бұрмалап елестету
салдарынан меңгеруге қабілетті емес.
Тифлопедагогика - (гр. typhlos – соқыр жəне педагогика) педагогика
ғылымының көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту жəне тəрбиелеу
жөніндегі саласы. Көру кемістігі барлар арнайы оқыту мекемесінде білім
алып, жоғары оқу орындарына түсуге жағдай жасалды. Олардың
арасында акад. Л.С.Понтрягин жəне А.Г.Витушкин, проф.В.И. Зубов,
жазушылар Н.Островский, Э.Асадов, Н.Силков, А.Притчина, сазгерлер
В.Никитин,
Н.Поликарпов
секілді
көрнекті
тұлғалар
да
бар.
Тифлопедагогика саласында мол еңбек қалдырған Б.И. Коваленко мен
В.С. Сверлов болды. О.Скороходованың еңбектері дефектология
ғылымында ерекше орын алады. Оның “Мен қалай қоршаған ортаны
қабылдаймын жəне түсінемін” атты еңбегінің дефектология үшін маңызы
зор. Луи Брайль зағип жандарға оқуға жəне жазуға мүмкіндік беретін
шрифтті XIX ғасырдың басында ойлап тапты.
• Қазіргі таңдағы ең өзекті мəселенің бірі – осы кіші мектеп жасындағы
көруі бұзылған балалардың қоршаған өмірін қабылдау ерекшеліктерін
анықтау болып отыр, сонымен қатар, оларды əлеуметтік ортаға бейімдеп,
өзімен қатарлы қалыпты балалардың құқығымен тең қылып, қалыпты
азамат етіп тəрбиелеу.
• Алғашқы көру бұзылысы кезінде психикалық əрекетіне материалистік
мінездеме берген француз ағартушысы
Д.Дидроның «Көретіндерге көруі бұзылғанлар жайлы насихат хат» атты
оқулығында, ал одан кешірегі əйгілі «энциклопедиясында» (көруі бұзылған
бөлімі) қарастыры. Дидроның еңбектері қоғамның көруі бұзылғанларға
деген көзқарасын өзгертіп, олардың міндетті түрде арнайы білім алу
керектігіне қол жеткізді. Көруі бұзылған адам қараңғылықты сезбейді жəне
қараңғы түнекте өмір сүремін деп ойламайды. Психологиялық жағынын
алғанда көруі бұзылғанлық шынында ақытсыздық емес, ол əлеуметтік
жайт.
2
1
4
Балалардағы ақыл-ойдың бұзылу туралы айтып беріңіз.
2
1
5
Аутизмнің алғашқы белгілерін жазыңыз.
Аутизм термині медицина ғылымында 1912 жылы пайда болды. Бірақ оның
негізгі белгілерін анықтап, ғылымға енгізген Л. Каннер есімді американдық
психотерапевт еді. Бұрын-соңды аутизм дертімен соқтыспаған адамдар
нəресте бойындағы ең алғашқы белгілерді байқамауы əбден мүмкін. Ал
бірнеше баласы бар ана сəбидің ерте қылықтарындағы өзгешіліктерді
бірдең аңғарады. Аутизмнің ана құрсағында жатқаннан бастап жүре пайда
болатын түрлеріне дейін бар. Өкінішке орай, ультрадыбыстық зерттеу де,
заманауи медицина да бұл
кеселді алдын-ала анықтауда шамасыз.
Аутизмнің пайда болу себептері де əлі күнге дейін белгісіз. Ғалымдар
аурудың
қозғаушы
факторын
тұқымқуалаушылықпен,
экологиялық
апаттармен,
жүктілік
кезеңіндегі
түрлі
аурулардың
салдарымен
байланыстырады. Нақты дəлел болмағандықтан жоғарыдағы тұжырымдар
ғана бар. Л.Каннердің аутизмді анықтаудағы бастапқы көрсеткіштері Көз
контактісінің болмауы. Яғни, балаңыз тура көзге қарамайды немесе
қараудан
қашқақтайды.Жалғыздықты
ұнатуы.
Қатарластарымен


ойнамайды. Олармен араласудан қашады. Өз бетімен ойнап жүре
береді.Сөйлеу қабілетінің баяу жүруі. Мимикасының, дауысының, дыбыс
ырғағының, қимылдарының болмауы. Біркелкі қимылдарды қайталай
беруі. Өздігінен айналуы немесе осы іспетте басқа қимылдарды істеуі
мүмкін. Бағытының шарттары тұрақты болуы, біркелкілікті ұнатуы. Мысалы
ойыншықтың белгілі бір бөлігімен ғана ойнайды. Эмоциялық тұрғыдан
ешкіммен араласпауы. Ата-анасын, бауырларын керек қылмайды.
Мамандар баланың тілі үш жастан кейін анық шықпаса дабыл қағады.
Тікелей сөйлеу қабілетіне жауап беретін кіші моторика жұмысының
бұзылуы – бала дамуындағы өзгерістердің белгісі. Бұдан басқа баланың
есіміне үн қатпауы, естімегендей жүре беруі, эмоциясын көрсетуде
сараңдық танытуы, өзін-өзі ынталандыруға (самостимуляция) бейім болуы
– алғашқы белгілердің бірі. Олар өздеріне ғана мəлім кішігірім əлемде өмір
сүреді. Қитығына тигенде шыңғырып, басын жерге, іргеге соғудан, өзіне
зардап тигізуден тайынбайды. Тамақты мөлшерден тыс көп немесе аз
тұтынады. Кейбір балдырғандар тойынғандарын білмейді. Ауытқушылығы
бар балалардың физикалық тұрпаты да сəл өзгеше. Əсіресе бас көлемі
қарапайым балалардікінен үлкендеу болады
2
1
6
Мектепке дейінгі жастағы баланың психологиялық дамуындағы
өзгерістерді сипаттаңыз.
2
1
7
Мүмкіндігі шектеулі баланы əлеуметтендірудің жолдарын сипаттаңыз.
Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі, яғни мүгедек, тіл кемістігі бар, көз
жанарынан айырылған, аутизмге ұшыраған балаларға деген қоғамда
өрескел көзқарас қалыптасқан. Балалардың құқықтары мен мүдделерін
сақтау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі бағыттарының бірі мүгедек
балаларды əлеуметтік оңалту болып табылады, ол мүгедек балалардың
тіршілік əрекетінің шектелуін еңсеруі, əлеуметтік мəртебесін қалпына
келтіруі, əлеуметтік-тұрмыстық жəне еңбекке бейімделуі жəне
материалдық тəуелсіздікке қол жеткізуі үшін жағдайлар жасау арқылы
жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді
əлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен,
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді
əлеуметтік қорғау туралы» Заңымен жəне Қазақстан Республикасының
басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. С.Д.Забрамнаяның
«Психолого-педагогическая диагностика умственного развития детей»,
Х.С.Замскийдің «Умственно отсталые дети», Е.Е.Чепурныхтың «Дети с
особыми нуждами» » мəселесі бойынша зерттеулері құрады. Кез келген
бала бірінші кезекте қамқорлықпен көмекке ие болуы тиіс. Балалар құқығы
(1959ж) Декларациясында былай делінген, «Барлық балалар нəсіліне,
аққаралығына, жынысына,тіліне,дініне,саяси жəне басқада түсінігіне, туған
жеріне жағдайына қарамастан өзіне тиісті мүмкіншіліктердің бəріне
құқылы. Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген көзқарас
өзгеріп келеді, яғни, орта оларды қоғамның белсенді мүшесі жəне өз
тағдырына батыл сеніммен қарайтын жеке тұлға ретінде қабылдауда. Осы
орайда педагог қызметкерлердің ең басты міндеті болып, қоғамдағы
мүмкіндігі шектеулі балаларды тəрбиелеу мен оқытудың ерекшеліктерін
анықтап, олардың отбасындағы қарым-қатынасын дамытып,дені сау
балалармен араласқұралас жағдай туғызу, қоғам мен жеке адамдардың
түсінігінде жарымжан балаларға əркез жəрдем беруге əзірлік сезімін
туғызуды қамтамасыз ету табылады. Мүмкіндігі шектеулі балалар


отбасының əлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп білу жəне
оларды шешуге əлемдік тəжірибеге сүйене отырып, отандық төл
мамандарды тарту бүгінгі күн тəртібіндегі ең өзекті мəселе болып
табылады. Мүмкіншілігі шектеулі баланың тəрбиесі-дефектологияның
негізгі ұғымдарының бірі. Бұл процестің мақсаты мен міндеті жалпы
педогогикалық принциптерімен анықталған, яғни, оларды қоғамдық
пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, бұлардың
бəрі дефектіге сəйкес деңгейде, соған тəн əдістемелермен жеткізілуі жəне
түзетілуі тиіс.Тəрбиенің бұл түрі тек қана педагогтармен ғана емес,арнайы
мамандардың көмегімен жүзеге асырылады. Мүмкіншілігі шектеулі
балалардың тəрбиесі бір-біріне қарама-қарсы екі ұғымнан тұрады.
Олардың бірі - ата-анасы баланы жан-жақты,материалдық жағынан толық
қамтамасыз етеді. Бірақ ,оның ішкі əлеміне үңіліп, рухани қажеттіліктеріне
терең бойлай бермейді.Тіпті кейде баланы жазалайды. Мұндай от
басындағы балалар іштей күйзеліске түседі. Олардың көңіл күйі түсіп
сенімсіздік пайда болады.Ал, психологиялық шеттету баланың зиятына
кері əсерін тигізіп, білім деңгейін тежейді. Екінші бір жағдай,ол- баланы
шектен тыс қамқорлыққа алу.Ата-аналар бала тəрбиесіне көп көңіл бөліп,
өздерін кінəлі сезініп,оны тым бос ұстап еркелетеді. Мұндай атмосферада
өскен бала бұйығы келеді, өз-өзіне сенімсіз, əлжуаз болып өседі. Мұндай
балалар əлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.
http://www.enu.kz Отбасы баланың тұлға ретінде қалыптасуына, қоғамда
алғашқы қадам жасауына жəрдемдесуі тиіс. Мүмкіншілігі шектеулі бала
дүниеге келгеннен кейін оның тəрбиесіне отбасының əр бір мүшесі
жауапты. Өйткені мұндай балалар отбасына көптеген проблемаларды
өзімен бірге ала келеді. Ата- ана балаға қойылған аңғарымды алғаш
естіген кезде үрейленіп, қорқыныш сезіміне беріле бастайды. Одан кейін
өздерін кінəлі санау басталады. Сондықтан, мұндай отбасылар арнайы
педагог мамандардың, соның ішінде
дефектолог,психолог,əлеуметтік-педагогтардың көмектеріне зəру. Өйткені
мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді, арнайы тəрбиелеу мен оқытуды
талап етеді. Мүмкіншілігі шектеулі баланың отбасындағы қарымқатынасын
жəне өзі қатарлас балалармен қарым-қатынасын анықтау, олармен бірдей
деңгейде араласуына мүмкіндік туғызу, білім деңгейіне сай оқыту жəне
қоғамның болашақ өз-өзіне сенімді азамат етіп тəрбиелеу үшін педагог
мамандар ата-аналармен, əлеуметтік сала қызметкерлерімен тығыз
байланыста болуы керек. Тек осы жағдайда ғана, мүмкіндігі шектелген
балалардың өздерін қоғамның толыққанды азаматы ретінде қабылдауына
жағдай туатын еді.
2
1
8
Ақыл ойы бұзылған баланың дамуын сипаттаңыз
Ақыл-ой кемістігі – туғаннан бірден анықталмайтын ауру. Оның алғашқы
көріністері нəресте балабақшаға барған кезде, ал кейбір жағдайларда
тіпті кейінірек байқалады. Бірақ егер мидың зақымдануы шынымен күшті
болса, онда нəресте өмірінің алғашқы жылдарында дамудың айтарлықтай
кешігуін байқауға болады. Бірақегер ақыл-ой кемістігі туралы айтатын
болсақ, онда ол негізінен мектеп жасында көрінеді.Қазір психикалық
дамуы тежелген балалардың 90%-ға жуығы жеңіл ақыл-ой кемістігі
диагнозы қойылған. Кішкентай кідірістерді балабақшада да байқауға
болады, бірақ диагнозды мектепке кіргеннен кейін ғана дəл орнатуға
болады. Ақыл-ой кемістігінің үш кезеңі бар, олардың əрқайсысының


өзіндік ерекшеліктері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет