Ыбышова салтанат тургынбековна



бет2/3
Дата23.02.2016
өлшемі266.5 Kb.
#9193
түріДиссертация
1   2   3

Айқындау экспериментінің нәтижелері бізге жұмысты одан әрі қалай құру керектігін көрсетті. Атап айтсақ, жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру олардың шығармашылық, өнертапқыштық, қызығушылығын арттыруға, өздігінен жоспарлай білуіне қорытынды жасау сияқты дағдыларын қалыптастыру арқылы құндылық-мотивациялық, мазмұндық-когнитивтік және іс-әрекеттік-креативтік бағалау компоненттерін дамытады. Жүргізілген зерттеулер үш компоненттің оқу процесінің барлық кезеңдерінде қамтылып, педагогикалық тұрғыда бір-бірімен өте тығыз байланыста болатындығын көрсетті. Салық мәдениетінің негізгі ұғымдарын қалыптастыруға әсер ететін дидактикалық құралдар жүйесі анықталды: салық мәдениетін қалыптастырудың арнайы курс бағдарламасы, оқу құралы, тестік тапсырмалар жинағы; факультативтік курс бағдарламасы; көрнекілік құралдар.

Қалыптастыру экспериментінің (2008-2009 жж.) мақсаты – салық мәдениеті негіздерін пайдаланып білім алушылардың пәнге деген, қызығушылығын арттырудың жолдары қарастырылды.

Салық мәдениетін қалыптастыру мақсатына сәйкес «Салық мәдениеті негіздері» атты факультативтік курс бағдарламасы жасалды (3-кесте).


Кесте 3 – «Салық мәдениеті негіздері» атты факультативтік курс бағдарламасы

р/н

Тақырыбы

Дәріс

СМӨЖ

1

Экономикалық білім жүйесіндегі салық мәдениеті.

2




2

Салық, салық мәдениеті ұғымдарының сипаттамасы

2




3

Менің салық мәдениеті туралы түсінігім




1

4

Салық мәдениетінің мазмұны

1




5

Салық жүйесінің мақсаты

1




5

Салық жүйесінің қызметі

1




6

Салық төлемі және оның түрлері

2




7

Қазіргі салық түрлері




2

8

Салық жүйесінің функциялық ерекшеліктері

2




9

Салық төлеушінің құқығы

2




10

Менің салық төлеуші ретіндегі құқығым




2

10

Салық мәдениетін қалыптастырудың тарихи аспектілері

3




11

Қазақ ойшылдарының салық туралы пікірлері




3

12

Салық мәдениетінің басқа мәдениеттермен байланысы

3




13

Салықтық мәдениеттілік жалпы мәдениеттіліктің құрамдас бөлігі ретінде




2

14

Салық мәдениеті туралы ғалымдардың пікірі

3




Барлығы:

32

Эксперименталдық жұмыстың қалыптастырушы кезеңінің негізгі бағытының бірі – мұғалімдерді жоғары сынып білім алушыларында салық мәдениетін қалыптастыру міндеттерін іске асыруға даярлау болып табылды. Сондықтан білім беру жүйесі кадрларының біліктілігін арттыру республикалық институты базасында мектеп мұғалімдерімен біз әзірлеген «Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру» арнайы курсының бағдарламасы бойынша арнайы түзету-дайындау жұмысы ұйымдастырылды. Біз жүргізген ұйымдастырушылық іс-шаралар топтамасы сынып жетекшілерінің теориялық-әдістемелік деңгейлерін елеулі арттыруға мүмкіндік берді; экономикалық мәдениеттің маңызын, мазмұнын, функцияларын білу; білім беру жұмысында салық мәдениетін, инновациялық нысандарды, әдістер мен құралдарды қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қалыптастырушы эксперимент нәтижелері 4-кестеде берілген.


Кесте 4 – Жоғары сынып білім алушылардың салық мәдениетін қалыптастырудың деңгейлері (%) (2008-2009 жж.) (қалыптастырушы эксперимент нәтижелері)

Деңгейлер



Бақылау тобы

Эксперименттік топ

пайызы

пайызы

Жоғары

41

53

Орташа

29

32

Төменгі

30

15

Эксперимент басындағы және соңындағы нәтижелерді салыстыру жүргізілген жұмыстың тиімділігін көрсетті. Яғни біз ұсынған модель бойынша жұмыс жасау жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұған зерттеу нәтижелерін салыстыру арқылы көз жеткіземіз.

Эксперимент қорытындысында алынған нәтижелер және оларды талдау төмендегіше қорытынды жасауға мүмкіндік берді:



  • жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыруға тек айқын мақсатты, ғылыми негізделген оқу-әдістемеліктермен қамтамасыз етілген, арнайы ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде жетуге болады;

  • жоғары сынып білім алушыларының жаңа оқу технологиялары негізінде салық мәдениетін қалыптастыру тиімділігін арттыруда оларды арнайы бағдарламалармен, оқу-әдістемелік құралдармен және бағдарламалық жабдықтармен қамтамасыз етуді жетілдіру қажеттілігі туындайды;

  • ұсынылған әдістеме білім алушылардың экономикалық білімге деген қызығушылығын арттырып, салық мәдениетін қалыптастыру сапасын жетілдіреді, оларды әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың қазіргі жағдайында өмір сүріп, еңбек етуге бейімдейді.

Тәжірибелік-эксперимент жұмысының қорытынды кезеңінде мұғалім мен білім алушының салық мәдениетін қалыптастыруға қатысты жүретін іс-әрекеттері, өзара қарым-қатынасы айқындалып, эксперименттік жұмыстың нәтижелері математикалық тәсілмен өңделді (5-кесте).
Кесте 5 – Жоғары сынып білім алушылардың салық мәдениетін қалыптастыру динамикасының эксперимент басы мен эксперимент аяғындағы салыстырмалы көрсеткіштері (%)

Деңгейлер

Бақылау тобы

Эксперименттік топ

эк.басы

экс.аяғы

экс.басы

экс.аяғы

Жоғары

28

41

30

53

Орташа

32

29

28

32

Төменгі

40

30

42

15

Мониторинг, тестілік тапсырмаларды орындау мәліметтері бойынша оқушы мен мұғалім арасындағы өзара қарым-қатынастың арнайы бағдарламалар мен әдістемелерге сүйену арқылы жүруі жоғары сынып білім алушыларының оқу іс-әрекеттерінің даму деңгейлерінің көтерілгенінен көрінді.

Жоғарыда келтірілген мәліметтерді жинақтай келе, жүргізілген тәжірибелік-педагогикалық жұмыс біз ұсынған теориялық негіздемелер мен ұсыныстар және оқыту әдістемесі білім алушылардың салық мәдениетін қалыптастыруда пайдалы екендігін қуаттады.

Осылайша, оқу процесінде жоғары сынып білім алушыларында салық мәдениетін қалыптастырудың біз жобалаған үлгісінің тиімділігі тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың нәтижелелегімен расталды. Зерттеу барысында алға қойылған міндеттердің шешімін табуы біздің ұсынған болжамымызды растады.
Қорытынды
Жүргізілген зерттеулер негізінде төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

1) Жоғары сынып білім алушыларында салық мәдениетін қалыптастыру мәселелерінің өзектілігі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің, білім беру мен тәрбиелеу парадигмасы ауысуының, бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз ойластырылуының шарттарынан туындайды.

2) Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге аналитикалық шолу жүргізу негізінде экономикалық мінез-құлықта және әлеуметтік-экономикалық тәжірибені меңгеру мен оның шынайы жағдайлардағы өмір сүруге қабілеттілігін арттыру деңгейлерінде көрініс беретін, білім алушының экономикалық сауаттылығын, тәрбиелілігін және қайта өзгерту әрекеттерін біріктіретін интегративтік сипат ретіндегі «жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениеті» ұғымы нақтыланды.

3) Білім алушыларда аталған сапаларды қалыптастыру тек өзінің құрамына құрылымдық және мазмұндық құрамдас бөліктердің екі топтамасын қамтитын тиісті құрылымдық-мазмұндық модель жағдайларында мүмкін болады. Бұл модельді іске асыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылды, олар мақсаттардың, педагогикалық құралдардың және тәрбие нәтижелерінің күрделенуіне қарап реттестірілді.

4) Нақты міндеттер мен функциялардан тұратын жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру үшін олардың іс жүзінде шешімін табу құралдарының, нысандары мен әдістерінің көптеген түрі бар. Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру бойынша ұсынылған бағдарлама мен оқу-әдістемеліктерге негізделген оқу үдерісін біз экономикалық білімді меңгеруге, экономикалық құндылықтарға оң қарауды, салық мәдениетін қалыптастыру тәжірибесін және білім алушылардың мінез-құлықтарын қалыптастыруға бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың педагогикалық негізделген өзара қарым-қатынастары ретінде ұсындық.

5) Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру мазмұны экономикалық даму деңгейінің, ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерінің, дәстүрлердің, ұлттық сипат белгілерінің шарттарынан туындайтын аймақтық және ұлттық ерекшеліктерді көрсететін арнайы әдістеме негізінде жүзеге асыру керектігін растады.

6) Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру бойынша кезең-кезеңмен ұйымдастырылған оқу үдерісінде мектеп кәсіпорнының маңызды рөл атқаратыны дәлелденген. Жасөспірімдерді экономикалық бағыттағы белсенді іс әрекеттерге араластыру, оларға жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетінің негізін қалаушылар болып табылатын экономикалық әрекет пен мінез-құлықтың жеке тәжірибелерін алуға көмектеседі.

7) Салық мәдениетін қалыптастыру бойынша білім беру жұмысының жүйесін әзірлеу мақсатында ұйымдастырылған тәжірибелік-эксперименттік жұмыс біз әзірлеген құрылымдық-мазмұндық модельдің, оның критерилері мен көрсеткіштерінің объективтілігін растайды және қарастырып отырған сапаны қалыптастыру деңгейінің нақты өміршеңдігінің дәлелі болып табылады.

8) Зерттеу барысында жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ететін педагогикалық шарттардың кешені бекітілді.

Зерттудің ғылыми негізделген қортындылары төмендегідей ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:



  • білім алушылардың салық мәдениетінің деңгейін көтеруде пәндік білім салаларын кеңейту қажет;

  • салық мәдениетін қалыптастыруға қатысты сыныптан тыс жұмыстың барлық түрлерін кеңейтіп, тереңдету маңызды;

  • сабақ барысында игерілген оқу материалы мен сабақтан тыс жұмыстар барысында алынған қосымша мәліметтер арасында тығыз байланыстар орнату қажет;

  • оқытудың тиімді формалары, әдіс-тәсілдері мен құралдарын қолдану арқылы салық мәдениетін қалыптастыруға қатысты білімнің мазмұнын үнемі толықтырып отыру қажет;

  • арнайы бағдарламалар арқылы білім алушылардың салық мәдениетін қалыптастырудың ұсынылған әдістемесі басқа да оқу–тәрбие мекемелерінде: мектептерде, колледждер мен лицейлерде, жоғары оқу орындарында қолдануға болады;

  • білім алушыларды алуан түрлі шығармашылық, зерттеу қызметтеріне қатысуын жандандыру маңызды болып табылады;

  • әлемдік экономикалық үдерістегі өз аймағы мен сыныбының экономикалық жағдайы мен елінің рөлі есепке алынуы қажет.

Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыруда оқытудың жаңа технологияларын қолдану үшін жасалған әдістемелік жүйенің тиімділігі экспериментті түрде дәлелденді және бақылау сыныптарының білім алушыларымен салыстырғанда экономикадан неғұрлым сапалы білім алуы, соңғы бақылауды жүзеге асыруда, олардың ұсынылған әдістемелік тапсырмалар негізінде жұмыс істеуі кезінде неғұрлым жоғары нәтижелерге жеткенінен көрінді.

Зерттеу нәтижесі ретіндегі теориялық және практикалық қорытындылар мен нұсқаулар педагогикалық үдерістің құрамдас бөлігі ретіндегі, білім алушылардың салық мәдениетін қалыптастыруда жалпы және нақты мәселелерді шешуде көмек көрсете алады.

Сонымен бірге, алынған нәтижелер мен біз шығарған қорытындылар жоғары сынып білім алушыларында салық мәдениетін қалыптастыру проблемаларының барлық аспектілерінің түпкілікті шешімдері деп айта алмаймыз. Біздің пікірімізше, әрі қарайғы зерттеулердің болашағы жоғары сынып білім алушыларында салық мәдениетін қалыптастыру бойынша оқу –тәрбие үдерісін барынша терең зерделеумен, мектептегі білім берудің барлық кезеңдеріндегі осы проблеманы зерделеуде, жаңа барынша тиімді бағыттар мен технологияларды белгілеумен қорытындыланады.

Үздіксіз білім алатын басқа да сатылар үшін салық мәдениетін қалыптастыру үдерісінің мазмұндық-әдістемелік аспектілерін ғылыми түрде жасау талап етіледі.


Диссертацияның негізгі мазмұны автордың төмендегі еңбектерінде жарық көрді:
1 Басқа ұлт аудиториясында экономикалық терминдерді оқыту жолдары //Мемлекеттік тілді дамыту жолдары: республикалық ғылыми, оқу-әдістемелік конференция – Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты. 2000. – Б.101-105.

2 Халық педагогикасы – халық даналығы // ҚР-да білім жүйесін модерндеудің теориялық-әдіснамалық негізі: Республикалық ғылыми-теориялық конференция – Алматы: Педагогикалық білім берудің халықаралық ғылым академиясы. (28-29 қараша 2002ж.) 2002. – Б.42-44.

3 «Экономикалық теория» пәнінен тест тапсырмалары. Оқу құралы. Экономикалық мамандықтарға дайындық бағыттарына арналған тест тапсырмалары. – Алматы: Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының баспасы, 2005.-121б. (А.И.Баданов, Қ.А.Қалиева, Ж.А.Орынханова авторлық бірлестікте).

4 Оқушылардың экономикалық санасын қалыптастыру және дамыту мәселелері // ҚР-ның тәуелсіздігіне арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция – Алматы: Д.А.Кунаев атындағы Университет, 2005. – Б.277-279.

5 Налоговая культура как основа экономических знаний // Материалы международной научно-практической конференции «Экономика, право, культура в эпоху общественных преобразований» Санкт-Петербургский Гуманитарный университет профсоюзов (20 января, 2006г.) – С.117-118.

6 Экономикалық білім берудегі жаңашаландыру – заман талабы // Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы, 2006. – Б.125-130.

7 Мектептің экономикалық білім беру жүйесіндегі жоғары сынып оқушыларының салық мәдениетін қалыптастыру // Қазіргі кезеңдегі тұлғаның үйлесімді дамуына қатысты өзекті мәселелер: С.Сейфуллин атындағы ҚазМАТУ-дың 50 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Астана – 2007. Б.168-171.

8 Жасөспірімнің салықтық мәдениеті – экономикалық тәрбиенің мақсаты // «Шоқан Тағылымы-13» Ш.Уәлиханов атындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция – Көкшетау: 2008. – Б.277-280.

9 Налоговая культура старшего подростка как цель экономического воспитания // Материалы международной научно-практической конференции «Инновационное развитие и интеграция казахстанской экономики в условиях глобализации», АГУ им. Абая, Алматы, 2008. – С.132-136.

10 Абай шығармаларындағы экономикалық тәрбиенің педагогикалық негізі // Қазіргі білім беру жүйесіндегі сапалы білім мен ғылым: бәсекеге қабілеттілігінің факторы: жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы – Тараз: А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік Тараз институты. (6-7 маусым, 2008ж.) 2008. – Б.120-124.

11 Салықтық мәдениет – экономикалық тәрбиенің мақсаты // Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы. Экономика және білімдегі сервис сериясы Алматы, 2009. – Б.138-142.

12 Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы. – Алматы: ҚазМемҚызПУ баспасы, 2009.–289б. (А.И.Бадановпен, Ж.А.Орынхановамен, А.Д.Умбеталиевамен, А.К.Кесимовамен, А.С.Игисиновамен авторлық бірлестікте).

13 Білім алушыларға салық мәдениетті туралы түсінік беру бағыттары //Білім әлемінде. В мире образования. In the world of EDUCATION. - №6. – 2009. - Б.45-47 (Қ.Ж.Аганинамен авторлық бірлестікте).

14 Жоғары сынып оқушыларының экономикалық даярлығы //Бастауыш мектеп, №5-6, 2010. – Б.61-64 (Қ.Ж.Аганинамен авторлық бірлестікте).

15 Ұлттық құндылықтар негізінде экономикалық білім беруді жетілдіру //Ұлттық тәрбие, №1. 2010. – Б.85-88 (Қ.Ж.Аганинамен авторлық бірлестікте).

16 Содержательная характеристика программы спецкурса формирование налоговой культуры старшеклассников //МАКТАВ va НАҮОТ. Школа и жизнь – Ташкент, №2. 2010. – С.31-34. (в соавторстве с К.Ж.Аганина).

17 Салық мәдениетін қалыптастырудың тарихи-педагогикалық аспектілері //Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы №2(58). 2010. – Б.36-38 (Қ.Ж.Аганинамен авторлық бірлестікте).

18 Вопросы экономической подготовки учащихся старших классов средней школы // Экономика, право, культура в эпоху общественных преобразований: Материалы международной научно-практической конференции. Санкт-Петербургский гуманитарный университет профсоюзов -СПб., 2010. – С.299-304.

19 «Жоғары сынып оқушыларына салық мәдениетін қалыптастыру» арнайы курс бағдарламасының мазмұндық сипаттамасы //Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы,-Алматы:, №2, 2010.–Б.36-38 (Қ.Ж.Аганинамен авторлық бірлестікте).

20 Формирования налоговой культуры в системе непрерывного образования // Современное среднее профессиональное образование от теории и практике: Материалы международной научно-практической конференции. - Новосибирск, 2010. – C.4-7.(в соавторстве с Аганиной К.Ж.).

21 Жастарды тәрбиелеу үдерісіндегі экономикалық тәрбиенің рөлі // Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Хабаршысы: Экономика және білімдегі сервис сериясы, – Алматы. - №3(5) 2010. – Б.157-161.

22 Салық мәдениетін қалыптастыру. ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының баспасы, 2010. – 126 б. (Қ.Ж.Аганинамен авторлық бірлестікте).

23 «Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру» арнайы курс бағдарламасы. ЖОО студенттеріне арналған. – Алматы: Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика институтының баспасы, 2010. – 47 б. (Қ.Ж.Аганинамен авторлық бірлестікте).

24 Құзыреттілік тұрғыда білім алушылардың салық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары // Білім әлемінде. В мире образования. In the world of EDUCATION. №3.2010. – Б.56-58.

25 Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру жолдары мен әдістері. // Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының Хабаршысы. - 2010.- №4(37). – Б.71-76.

26 Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудағы мұғалімнің ролі // Қазақстан кәсіпкері. Ғылыми-әдістемелік журнал. - 2010. - №7. – Б.59-61.

27 Экономикалық мәдениетті қалыптастыру мәселесінің зерттелуі. //Қазақстан педагогикалық хабаршысы. Павлодар. - 2010. - №2.– Б.221-226.

28 Применение кейс метода в процессе преподавания курса «Основы экономики и финансовой грамотности», в экономическом воспитании учащихся. // Теоретические и практические аспекты социально-экономического и политического развития развития стран центральной АЗИИ и СНГ: Материалы международной научно-практической конференции. – Алматы, 2010. - С.509-514.

29 Экономикалық теория (Қашықтықтан оқыту). Оқу құралы. – Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің баспасы, 2009. - 321 б. (Б.Бихондиев, А.И.Баданов, Ж.А.Орынхановамен авторлық бірлестікте).

Резюме
Ыбышева Салтанат Тургынбековна
Педагогические условия формирования налоговой культуры старшеклассников
13.00.01– Общая педагогика, педагогика и история образования, этнопедагогика
Сегодняшний заказ Казахстанского общества в сфере образования ориентирован на подготовку поколения с принципиально новым экономическим образом мышления, с развитой мировоззренческой культурой, которое должно осознавать свое место в современных экономических взаимоотношениях и владеть нормами экономического поведения. В связи с этим, одним из приоритетных направлений современного образования является экономическое образование, цель которого – формирование экономической культуры обучающихся.

Налоговая система – один из главных элементов рыночной экономики. Многочисленные проблемы, связанные с налогообложением и взиманием налогов и платежей, самым негативным образом сказывается на формировании бюджетов всех уровней. Причины, порождающие сокрытия доходов, теневую экономику и прочие отрицательные явления в сфере предпринимательской деятельности, разнообразны, среди них отсутствие гласности в налоговой политике и низкая налоговая культура населения.

В Казахстане, в условиях государственной собственности налоговая система была не развита, что, в свою очередь, приводило к неразвитости налоговых отношений между государством и обществом, в лице налогоплательщиков.

Формирование налоговой культуры – процесс достаточно сложный, имеющий экономический, социальный, информационный и правовой аспекты. Но, несомненно, налоговая культура должна стать регулятором поведения каждого гражданина страны и способствовать гармоничному, эволюционному развитию государства.

В настоящее время отсутствует научная, фундаментально обоснованная система по формированию налоговой культуры обучающихся общеобразовательных школ. Анализ научной литературы, посвященный экономическому воспитанию и образованию обучающихся, показал, что ее авторами все чаще делается акцент на необходимость уделять внимание воспитанию экономически грамотного, законопослушного будущего налогоплательщика.

Современные требования к налоговой культуре старшеклассников и недостаточная разработанность данной проблемы в науке и позволили определить тему исследования.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет