Мұқан қаған
(553-572 жж.)
|
-Қара-Еске қағанның інісі.552-554 жылдары жужандарды толық жеңді.
-Түрік қағанаты Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірдегі үстемдігін бекітті. Осы кезден бастап түріктер Ұлы даланың шығыстағы қожасына айналды. Мемлекетте әкімшілік-аумақтық бөлініс жүйесі енгізілді.
-Солтүстігінде-Саян тауына дейін, шығысында- Сары өзеніне дейінгі қай, қидан, оғыз-татар т.б. тайпаларды бағындырды.
-Бұл кезде екі бөлікке бөлініп отырған Қытай елінің билеушілері Мұқан қағанға қымбат бағалы сый-сияпат жасап, өз жақтарына тартуға әрекет жасайды.Солтүстік Қытай мемлекеттеріне салық салды.Қытай түріктерге салық ретінде жылына 100 мың метрге тең жібекматасын төледі.
-Қытай жылнамаларында «Ол шекара(Ұлы қорған) сыртындағы барлық иеліктердің зәресін ұшырды» деп жазады.
-Ұлы Жібек бойындағы Орта Азия қалалары мен елді мекендерін басып алды.Аварлардың (жужандардың) соңына түсе отырып, түркілер Орал маңы мен Еділ бойын бағындырды.
-Түрік қағанаты мен Иран арасындағы шекара Әмудария өзенінің бойымен белгіленді.
-Византиямен экономикалық, сакяси және дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
-Ағасы Істеми эфталиттерді жеңгеннен кейін, мемлекет шекарасы Қара теңізге дейін кеңейді.
|