-Алғашқы орта ғасырда құрылған Түрік қағанатының жер аумағы:
Шығыста- Алтай тауы;
Батыста – Каспий теңізі;
Оңтүстік-шығыста-Қытай;
Оңтүстік-батыста-Парсы елімен шектесіп жатты.
- Түрік қағанаты-Қазақстан аумағында ерте орта ғасырларда ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекет.
-Теле тайпалары. VІ ғасырда Гоби шөлінен солтүстікке қарай қытай дереккөздерінде теле этнонимімен біріктірілген түркі тілдес тайпалар мекендеді.Қытай шежіресі бойынша «теле» сөзінен «түрік» атауы қалыптасқан.Қағанаттың құрамына 30-дан аса теле тайпасы енген.Олардың қатарында қырғыз, ұйғыр, дулу, үйсін т.б. түрік тілдес тайпалар болды.
-Ашина-Түрік билеушілерішыққан әулет.Зерттеушілер «ашина» терминін біреулері «текті қасқыр», екіншілері «аспаннан жаратылған» деп түсіндіреді.
САЯСИ ТАРИХЫ
Бумын қаған
(552 ж.)
|
-542 жылдан қолбасшы, 552 жылы қаған.Түрік қағанатының негізін қалаушы. Ашина тайпасынан шыққан.
-546 жылы теле тайпалары Бумынға қосылды.
-551 жылы Бумын Қытаймен саяси байланысты нығайтып, қытай әмірінің қызына үйленеді. Бұл жағдай түріктердің беделінбасқа елдердің алдында бұрынғыдан да көтере түседі.Сонымен өзін жәбірлеуші Жужан қағандығының қол астынан біржола босанып, азаттық алу мақсатында қарсы соғысады.
-«Түрік қолбасшысы Бумын Жужан қағаны Анағұйға қалай тиісудің жолын іздейді. Ол үшін Анағұй қағанға маған қызын әйелдікке берсін деп елші жібереді. Мұны естіген Анағұй қаған ашуланып, менің есігімдегі темір балқытушы құлым қызымды сұрауға қалай ғана дәті барды деп Бумын қағанды кемсітеді. Түрік қолбасшысының да күткен жауабы осындай болса керек. Ол жәбірленуші ретінде, енді Жужан қағанымен ешбір келісімге келуге болмайды деп шешіп, онымен шайқасудың сәтін күтеді».
|
Достарыңызбен бөлісу: |