-VІ ғ. ІІ жартысында Түрік қағанатының билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Қытай, Иран, Византия сияқты атақты ірі мемлекеттермен терезесі тең түсіп, оларға өздерінің саяси жағынан ықпалын жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды.
-Білге қаған жерленген жеріне қойылған кешендегі жылнама былай баяндайды:«Адам баласы үстіне ата-бабам Бумын қаған, Істемі қаған таққа отырды. Таққа отырып түрік халқын, елін, төрін орнатты, қалыптастырды. Төрт тараптағылар қарсы жау болды. Қол аттандырып, төрт тараптағы халықты бағындырды. Бағындырып бейбіт қылды. Басы барды жүгіндірді, тізеліні бүктірді».
Таспар(Тобо)
(572-581 жж.)
|
-Қытаймен екі жақты қарым-қатынас орнатқан.
-Ол қайтыс болғаннан кейін 581 жылықағанаттың өз ішінде соғыстар басталды.
|
- VІ ғ. соңы- VІІ ғ. басында Қытайдың күшеюі билік басындағы түркі әулетінің өз ішінде қырқыстың басталуымен және даладағы сұрапыл жұтпен тұспа-тұс келді. Қағанат дағдарысқа ұшырады. Түркілердің қарсылығын әскери күшпен жеңе алмаған Қытай 603 жылыдипломатиялық жолмен қағанаттың ыдырауына қол жеткізді.
-603 жылы Түрік қағанаты екіге : Батыс Түрік- «он оқ елі» және Шығыс Түрік-«көк түріктер» қағанаттары болып бөлінді.
Шығыс Түрік қағанатының жұрты «көк түрік», ал Батыс Түрік қағанатының жұрты «он оқ бұдын» – «он оқ елі» аталды.
|
ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
Қаған
|
-Қағанат билеушісі ғана емес, даңқты қолбасшы болды.Жоғарғы сот міндетін атқарды.
-Ашина әулетінен шығуы тиіс болды.Әулеттің жасы жағынан ең үлкені қаған сайланды.Ұлы қаған ордасы түріктердің байырғы қонысы- Алтайда орналасты.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |