КӘСІБІ МЕН ҚОЛӨНЕРІ
Әл-Жахиз
Араб тарихшысы
|
- «Түріктер қолөнердің барлық түрін істейді, ... қару, жебе, ер-тұрман, қорамсақ, найза жасайды» деп жазады.
|
Әл-Идриси
Араб географы
|
- «Ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды» деп оғыздар мен қимақтар туралы жазған.
|
ибн Фадлан
Араб саяхатшысы
|
-Оғыздарға жатжерліктердің келу тәртібі туралы: «Оның достарының ішінен белгілі бір адамды сенімді серік етіп тағайындамайынша, ол елді аралап шыға алмайды. Оған қажетті киім-кешек, ал әйеліне көрпе, бұрыш, тары, мейіз, жаңғақ т.б. азық-түлік әкеліп береді. Сенімді серігі қонағы үшін арнайы киіз үй тігеді және оған қажетінше мал жеткізіп береді», – деп жазды. Бұл дерек түркілер жерінен өтетін Ұлы Жібек жолы тармағының сенімді де қауіпсіз болғандығын көрсетеді.
|
ҚИМАҚ ҚАҒАНАТЫ (ІХ ғ.соңы – ХІ ғ. басы)
ТАЙПА ТУРАЛЫ
VII ғ.басында
|
- Қимақтар Монғолияның солтүстік-шығысын мекендеген.
|
Шығу тегі
|
-Қимақтардың шығу тегі туралы түрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар оларды қыпшақтарға туыстас түркі тілдес халық деп есептейді. Басқалары, қимақтар Даланың қазақстандық бөлігінде түркіленуге ұшыраған моңғол тілді қидандардың батыс тармағы деген болжам жасайды. Қидандардың жылжуы Ұйғыр қағандығының ыдырауынан туындаған.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |