656 жылы
|
- Батыс Түрік қағанаты.ыдыраған кезінде қимақтар өз алдына тайпа ретінде көріне бастады. Қимақтар тайпасының басшысы шад-түтік( билеуші көсем)лауазымын иеленді.
|
VII ғ. ортасы
|
-Қимақтар Монғолияның солтүстік-батысынан Алтайдың солтүстік аудандары мен Ертіс өңіріне.көшті.
|
VIIІғ. соңы
|
-Қимақ бірлестігіне қыпшақ тайпалары енді.
|
VIIІ-ІХ ғасырлар
|
-Солтүстік-Шығыс Қазақстан аумағында қимақ тайпалар одағы қалыптасты.Ертістен Жоңғар қақпасы аралығындағы аумаққа берік орнықты.
|
766-840 жылдары
|
-Қимақтар Батыс Алтайға, Тарбағатай мен Алакөл ойпаты аумағына қоныстанады.
-Қимақтардың батысқа қоныс аударуына- жайылымдар қажеттігі, Енесей қырғыздарымен қақтығыстар, Ұйғыр қағанатының қысымы ықпал етті.
|
840 жылы
|
- Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оның құрамындағы біраз тайпалар: эймур, байандур, татар, ланиқаз, ажлар, имек, қыпшақтайпалары қимақ бірлестігіне енеді.
-Осы жеті тайпа негізінде Қимақ қағанаты қалыптасады. Қимақ тайпалық одағының басшысы қаған лауазымын иеленеді.
|
ДЕРЕКТЕР
Әбу Дулаф
араб саяхатшы
|
-«Рисала» («Жазба») еңбегінде(Х ғ.) : «Үйлерін теріден жасайды. Сарыбұршақ, қой және ешкі етін жейді. Жүзім өсіреді, оның бір жағы- ақ, екінші жағы- қара болып келеді. Магнит таспен жауын шақырады, қар жаудырады. Жазу жазатын ерекше қаламдары бар»- деп жазған.
|
«Худуд әл-аләм»
|
-«Худуд әл-аләм» Х ғасырдағы парсы тіліндегі шығарма.
-Қимақтар туралы: «Олардың шығысында қырғыз деп аталатын өзгеше бір халық тұрды, оңтүстігінде Ертіс өзені мен Сырдария бар. Оның батысында қыпшақтардың бірсыпырасы тұрады. Адамдар қысы-жазы киіз үйлерде тұрады, жайылым мен су іздеп көшіп жүреді. Бұлардың байлығы- бұлғын мен қой. Олардың мансабы атадан балаға мұра болып қалады»-деп жазылған.
|
Қытай деректері
|
-Яньмо -қимақтардың атауы.
|
Гардизи (ХІғ.)
парсы тарихшысы
|
- «Зейн Әл-Ахбар» ( «Баяндау көркі») еңбегінде Қимақтардың шығу тегі туралы, олардың тайпалық одағының қалыптасуы туралы жазған.
-«Қимақ елінің құрамында 7 (жеті) тайпа болған. Олардың ішіндегі ең атақтылары қимақтар мен қыпшақтар».
|
Әл-Идриси
Араб географы
|
-«Жиһанкездіктен торыққан адамның көңіл көтеруі» (ХІІ ғ.) еңбегінда қимақтар туралы мәлімет береді.
-Қағанаттың тарихи картасын сызған. Қимақтардың 16 қаласын атайды.
|
Әл-Қимақи
|
-ХІ ғ.басында Қимақ қағанатынаншыққан ғалым.
-Ол өзінің кітабында қалалар, бекіністер, сауда жолдары, егін шаруашылығы, діни наным-сенімдермен әдет-ғұрыптар туралы құнды деректер қалдырған.
|
Достарыңызбен бөлісу: |