Буддизм
|
-Соғдылар Орталық Азияның біраз елдерінде будда ілімін таратты. VІ ғасырдан бастап ежелгі түріктер будда дінінің ықпалына ұшырай бастаған. Батыс Түрік қағанының будда дініне ізгілікті көзқараста болғаны жайлы Сюань Цзянь жазып қалдырған.Ғылыми зерттеулерге қарағанда будда діні Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда біршама кең жайылды. VІІ-VІІІ ғасырдың басында Жетісу мен Орта Азияда жүзге жуық монастырь жұмыс істеген.
|
Манихейлік
|
-Иранда ІІІ ғасырда қалыптасқан. Манихейлік дін бейнелеу өнері мен музыканы дамытуда үлкен рөл атқарды.Манихейлікті таратуда соғдылар жетекші рөл атқарды.
-Бұл ілімнің Баласағұн мен Жікіл-Балық қалаларында ғимараттары тұрғызылған.Тараздаманихейлік шіркеу мен зират табылған.
|
Зороастризм
|
-Суды, отты, жерді, ауаны құрметтеу негізінде Иранда б.з.б. VІІ- VІ ғасырларда қалыптасқан. Ескерткіштері Сырдария қалалары мен Жетісу өңірінен табылды.Археологтар зороастризмнің жерлеу рәсімдеріне арналған қыш жәшіктер мен ғибадатхана мұнараларының қалдықтарын тапқан.
-Тараз қаласынан зороастризм өкілінің қабірі табылды.Зороастризмнің от жағатын мұнара сияқты құрылысының қалдықтары Қостөбе мен Қызылөзен қалаларының орнынан табылып зерттелінген.
|
Христиан діні
|
-V ғ. ортасында христиан шіркеуінен несториан ілімі жеке бөлінді. Бұл бағыт патриах Несторийдің есімімен аталады.Несториандықтар шіркеудің байлығы мен діни ғұрыптарды мойындамады. Олар кресті қабылдамай, тостағанды (грааль) қасиетті санады. Византиядан қуылғаннан кейін несторияндықтар Арабия, Сирия және Иранға орнығып, өз ықпалын жүргізді.Ілімдерін бүкіл Орталық Азияға таратты.
-VІІ-VІІІ ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қалаларында христиандық-несториандық ілім тарады. Тараз, Мерке қалаларында діни орындары салынды.Ақбешім қаласының жұртынан христиан шіркеуінің қалдықтары табылған. Несториандық христиан ілімі көшпелілердің өмір сүру салтына сәйкес келді.
|
|