Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ



бет69/79
Дата16.09.2022
өлшемі218.07 Kb.
#460840
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   79
ерте орта дамыған қаз тарих

Этникалық бірлестігі

1. Батыс бірлестік: 11 тайпа: елбөрілі, тоқсоба («9 тайпалы»), йетиоба («7 тайпа»), дурут («төрт тайпа»). Тоқсоба әулеті басқарған Батыс қыпшақ бірлестігі Дунайдан Еділге дейінгі аумақты иеленді.
2. Шығыс бірлестік :16 тайпа: 8 негізгі тайпа, 8 ұсақ тайпалық бөлімшелер.Елбөрілер руынан шыққан хандар басқарған Шығыс қыпшық бірлестігі Еділден Алтайға дейінгі аумақты қоныстанған.
-Шығыс және Батыс қыпшақ бірлестіктерінің шартты шекарасы Еділ (Волга) өзені.

Ел бөрілер

-Қыпшақ тайпаларының ішіндегі ең беделдісі. Қыпшақ хандары осы тайпадан шығып отырған.
-ХІІІ ғ. парсы тарихшы Жүзжани: «ер бөрілі» тайпасын хан әулетінен» деп атаған.

ХІ-ХІІІ ғ.басы

Түркі тілдес қимақ, оғыз, құман, ежелгі башқұрт тайпалары да Қыпшақ бiрлестiгiне енген.

ХII ғасыр

Арал маңын жайлаған қаңлы, қарлұқ, жікіл тайпалары Қыпшақ бiрлестiгiне енген.

«Половшылар»

-Половецтер-«Далалықтар» орыс деректеріндегі қыпшақтардың атауы.ХІІ ғасырда қыпшақтар орыс князьдерінің өзара соғыстарына араласып, олармен одақтар құрды және әулеттік некелер жасасты.

«Кундар»,
«Командар».

-Қыпшақ әскерлерінің алдыңғы шебінде құман тайпалары жүргендіктен, қыпшақтар Еуропаға осы атпен белгілі болды. Дунай бойына жайғасқан қыпшақтарға венглердің берген атауы.

ХVғ. дейін

-Қыпшақ халқының қалыптасуына монғол шапқыншылығы үлкен нұқсан келтірген. Қазақстанда бірыңғай халық болып қалыптасу құбылысы ХVғ. дейін кешеуілдеді. Қыпшақтар қазақ этногенезіне үлкен үлес қосты.

-Қыпшақ тілі тобына жататын тайпалардың (қыпшақтардың) Ұлы Даланың орталық, кейін батыс бөлігіне қоныс аударуы қазіргі заманғы түркі халықтарының солтүстік тобының, бірінші кезекте қазақтардың қалыптасуына негіз қалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет