Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ


-568 жылыТүрік қағанаты мен Византия



бет77/79
Дата16.09.2022
өлшемі218.07 Kb.
#460840
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
ерте орта дамыған қаз тарих

-568 жылыТүрік қағанаты мен Византия дипломатиялық және сауда келісім жасасқан. БұлТүрік қағанаты арқылы Еуропа елдерінде қытай жібегі саудасының дамуына жағдай жасады.

Сюань Цзян
қытай монахы

-627-630 жылдарыБатыс Түрік қағанатына саяхаттап келген.Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәлімет  қолжазбаларында кездеседі.
-«Бұл жатжерліктердің жылқылары әдемі.Қаған жасыл жібектен желбегей шапан киген, оның жанында жүрген нөкерлері де қамқадан желбегей шапандар жамылған, қандай тамаша көрініс» -деп таңдана жазған.
-Тараз қаласы оның жазбасында Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда орталығы ретінде сипатталады.

ибн Фадлан
Араб саяхатшысы

-Оғыздарға жатжерліктердің келу тәртібі туралы: «Оның достарының ішінен белгілі бір адамды сенімді серік етіп тағайындамайынша, ол елді аралап шыға алмайды. Оған қажетті киім-кешек, ал әйеліне көрпе, бұрыш, тары, мейіз, жаңғақ т.б. азық-түлік әкеліп береді. Сенімді серігі қонағы үшін арнайы киіз үй тігеді және оған қажетінше мал жеткізіп береді», – деп жазды. Бұл дерек түркілер жерінен өтетін Ұлы Жібек жолы тармағының сенімді де қауіпсіз болғандығын көрсетеді.

Жібек өндіруде бәсекеге түскен елдер

-Соғды елі Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен .Қытайдың кейбір қалаларында соғдылықтардың сауда орталықтары болған. Б.з.-дың алғашқы кезінде Византия, Соғды, Жапония, Кавказ жерінде жібек өндіре бастады.
- Жапонияның ертедегі астанасыНара қаласында соғдылардың жібек сататын орындары болған . Дәлелі ондағы ғибадатханада соғды тілінде жазылған қолжазбаның сақталуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет