Өзін-өзі дәлелдеу әдістері де әртүрлі, ол қай салада, қандай ауқымда, нені дәлелдеуге байланысты. Ол өмір сүру барысындағы бүкіл іс-әрекетті қамтиды: біреулерге – оқу, жұмыс істеу, біреулерге – спорт, ғылым, өнер салаларында қол жеткізер табыстар, кейбіреулерге – заңға қайшы әрекеттермен айналасу. Бұл жерде осы іс-әрекеттер кімнің көз алдында өтуінің де, кім үшін оны дәлелдеудің, өзі үшін бе, жақын адамдар үшін бе, өзінің ардақ тұтып сыйлайтын адамы үшін бе, белгісіз адам үшін бе, т.б.
Өзін-өзі дәлелдеу әдістерін соған байланысты әрекеттеріне немесе өзін-өзі жоққа шығару әрекетіне байланысты белгілі бір жүйеге топтауға болады.
«Барлығына ұқсас болу» түрткісі (сарыны): басқалар не істесе соны істеу, сол топтағы адамдардың ойынан шықпайтын әрекетке бармай, бәріне тән әрекеттер аясында ғана болу. Егер әлгі адамдар тобы біреуге күліп, сөз етіп келемеждеп, жәбірлесе, ол да соны жасайды. Егер әлгі топ бір адамға жақсылық жасаса, оны көкке көтере мадақтаса, ол да соны жасайды
Егер бұл топта ақыл-зерде, ой-өресі бағаланса, өзін-өзі дәлелдеу міндетті түрде парасаттылық, зиялылық әдісі арқылы іске асады. Бұл жерде конформизм механизімі жұмыс істейді, басқаша айтқанда, топқа бағыныштылық алдыда тұрады.
«Бәрінен жақсы болу» түрткісі (сарыны): көшбасшылық бағытты ұстап, топтың басқа мүшелеріне жетпейтін қасиеттерін көрсету, атап айтқанда, ерік-жігері, ақылы, тапқырлығы жағынан басқалардан басым түсуі арқылы алға шығу. Бұл сарында адам негативті бағытта да алға шығу мүмкін, мысалға адамды менсінбеу, өзін жоғары ұстау сияқты қасиеттермен.
«Басқалардың бәрінен жаман болу» түрткісі (сарыны): жеке тұлғаның өзін-өзі жоққа шығаруы, яғни адам өзінің басқа адамдарға қажетсіз, талантсыз, төмен екенін көрсетеді, кей кездері бұл әрекеттер кейбір адамдарға өз жемісін береді: адамдар оған жаны ашып, мүмкіндіктер береді, кешіріммен қарайды (бұдан не күтесің, бұның шамасы осы деген сияқты), ал ол болса осындай өзін кемсіту, намыссыздығы арқасында белгілі бір жағдайларда ұтысқа шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |