Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


тарау. Үрдіс ретінде өздігінен даму



бет13/43
Дата16.04.2024
өлшемі223.64 Kb.
#498827
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

2. тарау. Үрдіс ретінде өздігінен даму.


1. Өздігінен дамудың түрлері

Егер біз өздігінен дамуға адам өмірінің барысында уақытқа және кеңістікте өрістейтін өзгеше нысан ретінде қарасақ, оның бір мағыналы емес, жан-жақты екенін аңғарамыз. Бұл жерде өзіндік дамуды сипаттайтын жүйелі қимылдан өзіндік тануды сипаттайтын нысанды айыру өте қиын.


Бұның көптеген себептері бар, басты себептерінің бірі бұлардың көптеген түрлерінің болуы. Өзіндік дамудың түрлерін мынадай сөздермен сипаттауға болады: өзін-өзі таныстыру, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі дәлелдеу, өздігнен өсу, өз жоспарын жүзеге асыру т.б. Бұл сөздерді біріктіріп тұрған «Өзін-өзі» – деген сөз, осы қимылдардың бәрін адам өзімен байланыстырады, өзіндік «Мен» деген сөз және адамдардың іс-әрекеттері тек өздеріне тән, жеке-дара болады.
Сондықтан адамның өзіндік даму мақсатын, себебін, түрлерін, одан шыққан қортындысын талдап, жіктеу мүмкүн емес. Бұлардың бәріне өзіндік даму түрлері арқылы ғана талдау жасай аламыз.
Өзіндік дамудың қай түрлері маңызды? Олар: өзін-өзі дәлелдеу, өзіндік өсу, өзін-өзі белсендіру .
Өзін-өзі дәлелдеу – бұл өзіңді тұлға ретінде таныту.
Өзіндік өсу – бұл өзіңді мақсатыңа жеткізуге тырысу.
Өзін-өзі белсендіру – бұл өзіңнен бір күш-қуат, шамаңды тауып, оны өмірде пайдалану. Осы түрлер өзіндік өсудің нысанын бейнелей алады және олар бір-бірімен өте тығыз байланыста. Адам өзін-өзі дәлелдеу үшін өзіндік өсу мен осы өсуде күш-қуат, шама керек немесе өзін-өзі дамытып отырған адам және осыған күш-қуаты жеткен адам автоматты түрде өзін-өзі дәлелдеген адам болып есептеледі.


2. Өзін-өзі дәлелдеу

Қазіргі кезде өзін-өзі дәлелдеу психология ғылымында өзекті мәселе болып алады. Оның философиялық, жалпы психологиялық қырларына зерттеу жүргізіліп жатыр, оның әр жас мөлшеріндегі өзіндік ерекшеліктері зерттеліп, өзін-өзі дәлелдеудің жақсылықтарын түсіндірудің арнайы оқытулары жасалып жатыр, әсіресе жасөспірім шақта (жалғыз жасөспірім шақта емес, кейбіреулер үшін тіпті есейген шақтада, ал кейбіреулер үшін тіпті балалық шақта да) өзін-өзі дәлелдеу негативті бағытқа бет бұрып кету мәселелері алаңдату туғызып, осы мәселені кеңінен зеріттеуге түрткі болды. Негативті бағытты ашып айтсақ, бұл анашаға тәуелділік, темекі шегу, арақ ішу, заңға қайшы әрекеттерге бару.


Өзін-өзі дәлелдеу деген не? Бұл екі бөліктен тұратын сөз, яғни өзін-өзі, өздігінен, ешкімнің көмегінсіз дәлелдеу, өздігінен бір нәрсе жасауға талпыну.
Сонда өзін-өзі дәлелдеу дегеніміз – ешкімнің көмегінсіз өзі бір нәрсе жасау және осы қасиетінен ешбір адам, немесе ешқандай жағдайлар, тіпті сол адамның өзі де тайдыра алмайтындай берік табандылық қасиетке ие болу деген сөз.
Мысалы, адам өзінің ақылдылығын дәлелдеу үшін өзінің алдына өте қиын зияткерлік тапсырмалар береді, бұл тапсырмаларды орындауы арқылы ол өзіне-өзі өз ақылдылығын дәлелдейді.
Тағы бір мысал, жасөспірім бала балаларға жат қылықтарды: темекі шегу, былапыт сөздер айту арқылы өзінің есейгенін дәлелдегісі келеді.
Өзін-өзі дәлелдеу дегенге ғылыми анықтама берер болсақ: «Өзін-өзі дәлелдеу – бұл өзіндік өсу аясында адам өзінің бір қасиеттерін, мінез-құлқын, белгілі бір жағдайларда өзін-өзі қалай ұстауын ашып, оны растайтын ерекше іс-әрекеті.
Осы әрекеттердің түп-тамыры өзін-өзі дәлелдеу қажеттілігінен туындайды, ал ол адаммен қатар өмір сүретін тірі табиғат өкілдері арасындағы өмір сүру үшін күрестегі алғашқы қажеттілік барысында түзіледі. Өзін-өзі дәлелдеу жалпы адамзатта 3 түрлі кейіпте болады: барлығына ұқсас болу, бәрінен жақсы болу, бәрінен жаман болу (бұл негативті әсерге бой алдырса). Алғашқы екі кейіп өзін-өзі дәлелдеу деп пайымдаймыз, ал үшіншісі – өзін-өзі жоққа шығару.
Өзін-өзі дәлелдеу түрлері басқа да негіздермен, атап айтқанда, өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі белсендірумен тығыз байланысты
Өзін-өзі дәлелдеудің мақсаттары да әр түрлі, ол адам қай ортада нені дәлелдегісі келетініне байланысты. Бір адамдардың мақсаты – өз-өзіне сенімділікке қол жеткізу, екінші адамдар үшін – ол да басқа адамдардан еш кем емес екенін дәлелдеу, үшіншілер үшін – қалайда кереметтігін, артықшылығын көрсету, яғни басқалардан биік тұрып, оларды басқара алу дәрежесін көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет