Ішкі жан-дүниенің мәні, мазмұны
Сонымен, ішкі жан дүниенің – өз кеңістігі, субъективті ішкі уақыты бар. Бұл кеңістік пен уақытта кім «өмір сүреді?» Әрине, біз өзіміз, біздің жеке тұлғамыз. Сонда біздің әлеміміздің мәні – біздің саналы және санасыз біртұтас психикамыз болып табылады. Бұл мәнді топтастыру өте қиын, себебі оны әр адам жеке өз санасымен, ішкі түйсігі таниды. Сонымен қатар, психологияда кейбір негізгі құрылымдық элементтерді анықтау әрекеттері байқалып жүр. Тағы да Т.Н.Березинаның теориялық-тәжірибелік зерттеуіне көз жүгіртейік. Автор айтады: бір жағынан алып қарасақ, ішкі жан-дүние – субъективті, оған біздің ойларымыз, сезімдеріміз, уайымымыз, тәтті қиялдарымыз, түстеріміз т.б. жатады, екінші жағынан – әлеуметтік, себебі онда басқа адамдардың бейнесінің қимыл-іс әрекеттері бар. Адамның ішкі жан-дүниесі немесе басқаша айтқанда оның ойлары, қиялы, түстері сезімдік-бейнелі түрде болады, немесе ішкі сөйлеу түріндегі ойлар бейнесінде, не осы екеуінің біріккен түрінде болады. Олар монолог немесе диалогпен беріледі, монолог – өз-өзіңмен әңгімелесесің, басқа бір адамға өзің туралы, не болып жатқанын, өз ойларыңды айтасың, күрделі диалогпен жеткізуге де болады, бұл – өзіндік «Мен» басқа адамның көзімен көрініп, өзіңнің алдыңа басқа адамды қойып, өз ойларыңды екіге бөліп, бірі – басқаның көзімен, екіншісі – өзің болып әңгімелесу. Біздің ішкі өмірімізді сипаттайтын, кеңінен тараған, біздің психикамыз 7 түрлі болады.
1. «Өзіндік «Мен» – адамның өзі туралы осы шақтағы ойы, бұл жағдайдың ерекшелігі – монологты ойлау, өз-өзімен сөйлескенде «Мен» есімдігі көп қолданылады.
2. «Басқа біреу туралы ойлау» – бұл жағдайдың ерекшелігі – диалог және «Сен» деген есімдік көп қолданылады. Бұл жағдайда өзін-өзі қолдау көбірек болады, бірақ арасында өзіне сын көзбен қарау да орын алуы мүмкін.
3. «Қиялдағы бейненің шын мәнінде болмауы» – бір нәрселер абстракты түрде ғана, тек өзіне ғана тіршілік етеді. Субъект тек өзіне ғана көңіл бөліп, өз жетістіктерін ғана көреді, кемшіліктерін қабылдамайды.
4. «Болашақты жоспарлау» – бұл адамның болашағын жоспарлау, өзінің алдағы тіршілігін ойлау, өзіне мақсаттар қою, келелі мәселелерді шешуге ұмтылу.
5. «Кедергіге қадалу» – адам кедергілерге, қиындықтарға көзін қадап, өзінің жалғыздығын сезінеді, («ешкімге керексіз»), қиын жағдайдан шығу мүмкіндіктерінен қашқақтайды.
6. «Қоршаған ортаны сезіммен қабылдау» – барлық бейнелер өте жарық, айқын, ойлар ашық жеткізіледі (ойлар дыбысталады).
7. «Қиял» – барлық мақсат іске асырылатындай көрінетін шығармашылық қалып, бұл кезде кедергілер түкке тұрғысыз деп есептеледі (тығырыққа тірелетін жағдай деген жоқ, әр кезде оның жолы табылады). Адам өзін барлық нәрсе қолынан келетін, мықты сезінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |